check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Полигонды жабу туралы ҚР Президенті Жарлығының қол қойылуына орай Баспасөз-релизі

АҚШ пен КСР Одағы арасында әскери стратегиялық паритетті қамтамасыз еткен Ядролық теңсіздікті құру мақсатында 1946 жылғы 14 қарашада КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Семей ядролық сынақ полигоны құрылды.

Полигон Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының  қиысқан жерінде орналасқан, аумағы 18,5 мың ш. км алады.

Полигон жұмыс істеген уақытта (1949-1989 жылдар)  оның аумағында кемінде 616 ядролық және термоядролық құрылғы жарылған, 468 ядролық сынақ, оның ішінде 125 атмосфералық, жердің астында 343 ядролық сынақ жарылысы өткізілген. Сонымен қатар ондаған гидроядролық және гидродинамикалық сынақтар болып өткен.

Әртүрлі сарапшылардың бағалауы бойынша шамамен 13 миллион тұрғын радиациалық сәулеленудің әсеріне ұшыраған. Бүгінде олардың ішінде шамамен 600 мың адам Қазақстан аумағында тұрып жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы ядролық қаруды сынау қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына орны толмас зиян келтірді, тұрғындардың жалпы сырқаттанушылығы мен өлімінің артуына әкеп соқтырды. Бұрынғы Семей полигонының барлық аумағы және полигонға  іргелес жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кейбір аудандары апатты экологиялық аймақ деп танылған.

Ядролық сынақтардың апатты зардабының қатерлі әсері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып уақыт озған сайын күшейе түсуде.

Ядролық сынақтардың халықты сауықтыру, оңалту, әлеуметтік қорғау және зардап шеккен аумақты әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруды қажет ететін салдарларын жою мақсатында 1992 жылы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында мыналар қарастырылған:

1949-1990 жылдар аралығында ядролық сынықтарды өткізу аймақта тұрған және тұратын  радиациялық әсерге ұшыраған кезінде азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу. Тек 2003-2016 жылдар аралығында радиациалық ластануға ұшыраған аймақтарда тұратын және тұрған 642,3 мыңнан астам азаматқа 10,4 млрд, теңге көлемінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төленді.

Радиациялық әсерге ұшыраған аумақта тұрып жатқан халық, тұратын аймағына байланысты 1-ден 2 дейінгі АЕК мөлшерінде қосымша еңбекақы алуға, жыл сайын 5-тен 12 күнтізбелік күнге дейін ақы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.

Бұл ретте қосымша еңбекақы төлеу және ақысы төленетiн қосымша демалыс беру шығындарын барлық ұйымдар көтереді.

Мәселен, ресми деректер бойынша соңғы жылдары шамамен 340 мың азаматқа ай сайын қосымша еңбекақы төленеді, сонымен қатар ақысы төленетін қосымша демалыс беріледі.

Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұратын, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақысына үстемеақы қосылады.

1949-1963 жылдар аралығында төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аумақта кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа қарамай, зейнетақы алу құқығы көзделген, ерлер үшін-50 жасқа, ал әйелдер үшін 45 жасқа жеткенде.

Ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға өзге әлеуметтік төлемдермен қатар ай сайын 6,19 АЕК мөлшерінде (2017 жылы – 14046), ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынаудан болған радиациялық әсердің салдарынан мүгедек болған адамдарға 7,55 АЕК мөлшерінде (2017 жылы – 17131) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, сондай-ақ оларға жоғарылатылған мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі (бірінші топ мүгедектеріне – 51609 теңге; екінші топ мүгедектеріне – 41581 теңге; үшінші топ мүгедектеріне –  32042 теңге.)

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын  бала туу жасындағы әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауға үлкен көңіл бөлінген, әйелдерге жүктілігіне байланысты ұзақ демалыс беріледі (қалыпты босанғанда күнтізбелік 170 күн және босануы ауыр болғанда немесе екі және одан көп балаларды туғанда күнтізбелік 184 күн)

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсетілімдері бойынша) құқығы бар.

Радиациалық қауіпті аумақта тұрған және зардап шеккен халықтың денсаулық жағдайын терең зерделеу үшін Семей қаласында 1991 жылдан бері Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Жыл сайын 4 мың адам кешенді медициналық тексеруден өтеді, 900 астам адам институттың жоғары білікті мамандарынан арнайы медициналық көмек алады.

Бұдан басқа, зардап шеккен аймақтарда денсаулықты сақтау ұйымдарын қаржыландыру олар көрсеткен медициналық қызметтер үшін тарифтерге экологиялық коэффициенттерді қолдану арқылы жоғарылатылған мөлшерде жүзеге асырылады.

Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды дербес тіркеуді қамтамасыз ету үшін институт базасында 2003 жылдан Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім іске қосылған.

Бүгінде тіркелімде 317 мыңнан астам адамның дербес паспорттық-тіркеу және медициналық деректері бар.

12 қазан, 2017 - 14:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші