check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші

жойылды деп тану туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                 Т. Дүйсенова

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

________________ Е. Біртанов

 

«___» ___________ 2017жыл

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

________________ Т. Сүлейменов

 

«___» ___________ 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2017 жылғы ___ ______

№ ___ бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

1. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 қазандағы № 162 «Заң газеті» газетінде жарияланған).

2. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 27 тамыздағы № 226-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 қарашадағы № 167 «Заң газеті» газетінде жарияланған).

3. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 132-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6200 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 14, 2010 жылы жарияланған).

4. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 160-ө-м Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7705 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы «Казахстанская правда» № 276-278, газетінде жарияланған).

5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10844 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).

ТіркемеМөлшер
Package icon otmena.zip42.61 KB
26 қазан, 2017 - 15:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші