A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жастар практикасы бойынша

Жастар жұмыссыздығына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында көп көңіл бөлінді, онда жастар басым нысаналы топ ретінде айқындалған. Жұмыспен қамту жол картасы іске асырылған барлық уақытта жастар қатарындағы 388 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, бұл Бағдарламаға қатысушылардың 48 %-ынан астамын құрайды (797 мың адам).

Арнайы-орта немесе жоғары оқу орындарын бітірген белсенді жастардың жұмысқа орналасу кезіндегі проблемалардың бірі бастапқы жұмыс орнына жұмысқа орналасу болып табылады.

Бұл жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезінде барынша тәжірибелі, жұмыс өтілі бар және белгілі бір дағдыларға ие кадрларға  басымдық беруіне байланысты.

Осы проблеманы шешу үшін біздің Жұмыспен қамту бағдарламаларында «жастар практикасы» компоненті қолданылады, ол жастар арасында жақсы сұранысқа ие. Оның мәні жұмыспен қамту органдарының түлектер үшін уақытша штаттан тыс жұмыс орындарын құру туралы жұмыс берушілермен келісуінде жатыр және сол жұмыс орындарына түлектер өз авлған мамандықтары бойынша жіберіледі және жарты жыл ішінде өз мамандықтары бойынша практикалық жұмыс дағдыларын, біздің Бағдарламаның есебінен жалақы алады және бұл жұмыс кезеңі жұмыс өтіліне қосылады.

Өз кезегінде жұмыс берушілер шығыншығармай-ақ жұмыс істеп жүрген түлектердің арасынан өзіне кадр іріктеп алу мүмкіндігін алады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іске асырылған барлық уақытта 91 мың жас түлек осы мүмкіндікі пайдаланды, олардың 64%-ы жастар практикасын аяқтағаннан кейін практикадан өтекен компанияларда тұрақты жұмыс орындарында жұмыс жасауға қалды.

Біз осы құралды белсенді түрде қолданудамыз және жастардың қатысуын барынша ынталандыру үшін жалақы мөлшерін 18 АЕК-тен 25-АЕК-ке дейін ұлғайттық (айына төленетін 38 мың теңгеден 56,7 мың теңгеге дейін).

17 қазан, 2017 - 13:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші