A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша хаттама

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша

хаттама

 

2017 жылғы 21 шілде

Көкшетау қаласы

 

 

Қатысқандар: Т. Дүйсенова - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,              М.К. Мұрзалин – Ақмола облысының әкімі, облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Жұмыcпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, Еңбекмині қызметкерлері, еңбек ұжымдары және жұмыс берушілер.

 

І. Әкіммен бірге қоныс аударған отбасыларға, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету объектілеріне бару және еңбек ұжымдарымен кездесу

Күн тәртібі:

  1. Облыс әкімімен кездесу;
  2. Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне «Халықты жұмыспен қамту орталығына» бару;
  3. «Өрлеу» жобасына қатысушылармен кездесу;
  4. «№ 1 қалалық емхана» МКҚК бару;
  5. «Тыныс» АҚ бару.

Ақмола облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі күндерін өткізу кезеңінде қызметкерлер Көкшетау және Степногорск қалаларына, Ақкөл, Астрахань, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді, Шортанды және Целиноград аудандарына барып, 86 іс-шара, оның ішінде халықпен 21 кездесу, азаматтарды 12 жеке қабылдау, отбасыларды 16 аулалық аралау, 918 адамды қамтумен 17 баспасөз брифингтерін өткізді.

ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған жатақханаларда тұратын халықпен, жұмыс ұжымдарымен, оңтүстік өңірлерден қоныс аударған отбасылармен кездесу барысында жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері үшінші жаңғыру шеңберінде Министрліктің негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұсынды және әлеуметтік-еңбек саласындағы реформалар бойынша түсіндірулер жүргізді, атап айтақанда:

- әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен көбейту;

- атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртіптері;

- Әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғырту тұжырымдамасының міндеті.

 

ІІ. Ақмола облысы аудандарының/қалаларының әкімдерімен және әкімдерінің орынбасарларымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларымен кездесу

 

Күн тәртібі:

1. Аулалық аралау және азаматтарды Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тарту қорытындысын талқылау;

2. Ақмола облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі күндерінің қорытындысын шығару;

3. Ұсыныстар.

 

Облыс белсенділерімен кездесу барысында азаматтардың әлеуметтік статусын анықтау шеңберінде жүргізілген аулалық аралау нәтижелері және жұмыспен қамту бойынша қолданылған шаралар ұсынылды. Еңбек қатынстары бойынша, еңбек және жұмыспен қамту қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жүргізілген тексерулер мен анықталған бұзушылықтардың нәтижелері көрсетілген.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына жұмыссыздарды және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тартудың төмен деңгейі, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби жарналар және МӘСҚ-қа әлеуметтік алымдар бойынша жоғары берекшек айқындалды.

 

Министрлік күндері қорытындысы бойынша Ақмола облысының Әкімдігіне және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына ұсынылсын:

  1. өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялардың жұмысын ҚР еңбек және салық заңнамасының талаптарын бұзатын кәсіпорындардың басшыларын (еңбекақысы, міндетті зейнетақылық, әлеуметтік жаналар және медициналық сақтандыру бойынша берешегі бар) оған шақыру арқылы жақсарту;
  2. еңбекақысы, міндетті зейнетақылық жарналар және әлеуметтік алымдар бойынша берешекке жол бермеу жөніндегі төртжақты бұйрық шеңберінде еңбек инспекциясының, прокуратураның, мемлекеттік кірістердің және әділеттің жергілікті органдары арасында жұмыс жандандырылсын;
  3. ҚР еңбек заңнамасының талаптарын орындаушы жұмыс берушінің жауапкершілігін декларациялауды енгізу практикасын кеңейту;
  4. Кәсіподақтардың және кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп ҚР еңбек кодексінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жалғастырылсын;
  5. Өрлеу жобасына атаулы әлеуметтік кңөмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алушылар қатарынан табысы аз азаматтарды тарту бойынша жылдық жоспарды орындауды қамсыздандырумен аталған жобаны іске асыру бойынша жұмыс жандандырылсын;
  6. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті негізу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары БАҚ мүмкіндіктерін кеңауқымды пайдалану, сондай-ақ ауылдық жиналыстар, аулалық аралау, ашық есіктер күні, шалғайда,ы ауылдық округтерге мобильдік топтардың шығуы, халық алдындағы есептік кездесу және т.б. форматтарды қолдану арқылы жандандыру;
  7. 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерінің, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің дайындығы күшейтілсін;
  8. ауылдық округ әкімдерінің барлығы «Е-халық» ААЖ-ға қосылу үшін байланыс каналдарын жалдау қамтамасыз етілсін;
  9. зейнеталды жастағы әйелдерді (1960 – 1963 жж.) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы оларға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ниет білдірген зейнеталды жастағы әйелдерді 100 % жұмыспен қамсыздандыру қамтамасыз етілсін;
  10. Бағдарлама шеңберінде қысқамерзімді оқыту бойынша жұмыс жандандырылсын;
  11. әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат көзделсін;
  1. аулалық аралау барысында анықталған адамдардың статусын өзектендірудің 2-кезеңін аяқтау және оларды Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша қажетті шаралар қабылдансын;
  2. жыл қорытындысы бойынша жұмыспен қамту орталықтары басшыларының жұмыс қорытындысы тыңдалсын.

 

2. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі (Б.Б. Нұрымбетов, С.Қ. Жақыпова,  А.Ә. Сарбасов, Б.М. Қаппасов, А.М. Өмірбаев) Ақмола облысының ұсыныстарын қарасын:

  1. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау құқығын беру туралы;
  2. ЖАО мәліметтері негізінде (еңбекақысы бойынша берешек, жұмыскерлерді жұмыстан босату) Еңбек қатерлерінің картасын құру арқылы ай сайынғы әлеуметтік қауіптерге мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылсын;
  3. ай сайын еңбек инспекциясын жөніндегі жергілікті органға 1 АЕМ-нен төмен табыс көзіне жол берген төлеушілер туралы мәліметтер бағытталсын;
  4. атқарылған жұмыс нәтижесі тоқсан сайын Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырыстарында қаралсын. 

 

 

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                               Т. Дүйсенова  

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon kr_enbek_zhne_halykty_leumettik_korgau_ministri_t.doc50.5 KB
Бөлімдер:
1 тамыз, 2017 - 17:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші