A A A
Мазмұнына өту

You are here

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе баяндама өткізді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы «Үш топқа: жастарға, егде қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланған саясаттарға шолу жасау» Келісімінің 3-бабы 6-тармағына сәйкес ЭЫДҰ ҚР ЕХӘҚМ-мен бірлесе отырып, 2017 жылғы 13 шілдеде Астана қ. («Министрліктер үйі» ғимараты, 920 каб.) Түпкілікті есепті баяндама өткізді.

Баяндама ЭЫДҰ Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі Директорат директоры Стефано Скарпетто мырза мен ҚР ЕХӘҚ вице-министрі Б.Б.Нұрымбетовтың тең төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдар, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, үкіметтік емес ұйымдар, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры, Астана қ. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қ. Жұмыспен қамту орталығы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өтті.

Баяндама барысында ЭЫДҰ жастар, егде жастағы қызметкерлер және мүгедек-қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және қажетті дағдылармен қамтуды жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан үшін ұсынымдарды жеткізді.

7 қараша, 2017 - 09:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші