A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 168 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 168 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) 558 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 381 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2017 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pz_kaz1.doc63 KB
Microsoft Office document icon sravnitelnaya_tablica_kaz.doc73 KB
Бөлімдер:
14 қараша, 2017 - 12:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші