A A A
Мазмұнына өту

You are here

«2017 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2017.28.11. № 411

«2017 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-4) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «2017 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2017 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2017 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 411 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 72 бұйрығына
1-қосымша

2017 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы Отбасы саны
1 Ақмола 80
2 Шығыс Қазақстан 300
3 Костанай 109
4 Павлодар 50
5 Солтүстік Қазақстан 19
Жиыны: 558

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 411 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 10 сәуірдегі
№ 72 бұйрығына
2-қосымша

2017 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы Отбасы саны
1 Шығыс Қазақстан 98
2 Костанай 30
3 Павлодар 69
4 Солтүстік Қазақстан 184
Жиыны: 381

Бөлімдер:
29 қараша, 2017 - 12:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші