A A A
Мазмұнына өту

You are here

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

  «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

2. «Ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 5 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 46 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде  № 13212 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1)    осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)    осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі

 

 

_______________ Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму

министрі

  

 

___________________ Ж. Қасымбек

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

____________________ К. Мәсімов

 

2017 жылғы «_____» _______________

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

____________________ Қ. Қасымов

 

2017 жылғы «_____» _______________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon buyryk_zhobasy.doc115 KB
Microsoft Office document icon pravila.doc61 KB
Microsoft Office document icon anyktama_-_negizdeme.doc53.5 KB
Microsoft Office document icon st_na_gos.doc98.5 KB
Бөлімдер:
30 қараша, 2017 - 11:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші