A A A
Мазмұнына өту

You are here

"2018 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 454 бұйрығы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-4) тармақшасына және «2018 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 858 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.К. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 454 бұйрығына
1-қосымша

2018 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы
Отбасы саны
1 Ақмола 90
2 Шығыс Қазақстан 350
3 Костанай 25
4 Павлодар 80
5 Солтүстік Қазақстан 77
Жиыны: 622

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрінің 2017 жылғы
27 желтоқсандағы
№ 454 бұйрығына
2-қосымша

2018 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы Отбасы саны
1 Шығыс Қазақстан 364
2 Костанай 272
3 Павлодар 380
4 Солтүстік Қазақстан 690
Жиыны: 1 706

Бөлімдер:
27 желтоқсан, 2017 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші