A A A
Мазмұнына өту

You are here

Квота бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2018 жылға белгіленген квота облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында:

1) осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және  16-қосымшаларға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;

2) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес еңбекші иммигранттарды тартуға бөлінсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне:

1) қол қойылған күннен бастап осы бұйрық үш жұмыс күнi ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                   Т. Дүйсенова

Бөлімдер:
9 қаңтар, 2018 - 09:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші