A A A
Мазмұнына өту

You are here

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу қорытындылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ұсынған жедел деректер бойынша 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға 595,7 мың адам өтініш білдірген, оның ішінде 572,9 мың адам немесе 96%-ы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енді.

Қатысушылардың құрамына қосылғандардың ішінен 493,8 мың адам жұмыссыздар (70,4%), 1491, мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (26%) және 20,5 мың адам (3,6 %) Техникалы және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқандар (оқу орындарына түспеген 9-11-сынып бітірушілер) болып табылады.

Есепті күнге 449,7 мың адам жұмысқа орналасты, олардың 83,5%-ының немесе 375,6 мың адамның міндетті зейнетақы жарналары бар. Жалпы жұмысқа орналасқандардың 70 %-ы (315,5 мың адам) тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Бірінші бағыт Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуді көздейді.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап ҰБТ тапсыра алмаған және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері үшін тегін кәсіптік және техникалық оқу басталды. Тиісті Қағидалар қабылданып, ҰБТ тапсыра алмаған оқушылардың тізімдері айқындалды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21 мың жас азамат немесе жылдық жоспардың 100%-ы оқумен қамтылды. Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен және жол жүруге берілетін материалдық көмекпен қамтамасыз етілді.

2017 жылғы 1 сәуірден бастап жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту басталды. Бүгінгі күні қысқа мерзімді курстарға 71,8 мың адам немесе жылдық жоспардың 102%-ы жіберілді (70,6 мың адам).

2017 жылғы тамыздан бастап жұмыс берушілердің оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді оқыту басталды, Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл іске бүгінгі күні «Атамекен» ҰКП-ның тізіліміне енген жұмыс берушілердің 103 оқу орталығы тартылып отыр, оларда 4,3 мыңнан астам адам оқуда. Осы бастама жұмыс берушілер (кәсіпорындар) тарапынан үлкен қолдау табуда.

Жыл қорытындысы бойынша оқуды (қысқа мерзімді кәсіптік оқуды) 68,4 мың адам аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінен 39,5 мың адам (58 %) жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Жедел деректер бойынша 2017 жылы барлығы 6 996 микрокредит немесе жылдық жоспардың 120,6 %-ы (5800 микрокредит) берілді

Бүгінгі күні  «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15 000 адам немесе жылдық жоспардың 100 %-ы қамтылып, олардың барлығы дерлік оқуды аяқтады. Бүгінгі күні 3110 бизнес жоба қаржыландырылды.

Үшінші бағыт Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу шеңберінде 449 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, 24 мың адам немесе жоспардың 149 %-ы әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді, 88 мыңнан астам адам немесе жоспардың 115 %-ы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 26 мың жас маман немесе жоспардың 142 %-ы жастар практикасына қатысуда және Халықты жұмыспен қамту орталықтары 316 мың адамды жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырды.

Бағдарламада еңбек ұтқырлығын арттыру жөніндегі шаралар ерекше орынға ие, онда жұмыс күші артық облыстардан (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) ерікті түрде қоныс аудару көзделген.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жедел деректер бойынша барлығы                           1002 отбасы (3 461 адам) қоныс аударған, оның ішінде ішкі қоныс аударуцшылар 410 отбасы (1 584 адам), оралмандар – 592 отбасы (1877 адам). Оның ішінде 2 069 адам еңбек етуге қабілетті болса, еңбек етуге қабілеттілердің арасынан 841 адам жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқандардың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы, техникалық кәсіптер мамандары, мұғалімдер, тәрбиешілер, стоматологтар, инженерлер және т.б. болып табылады.

Өңір

Қоныс аударды, отбасы

Қоныс аударды, адам

Оның ішінде еңбек етуге қабілетті, адам

Жұмысқа орналасты, адам

%

Жұмысқа орналасу, %-ы

Ақмола

80

295

144

121

84

ШҚО

384

1 272

687

229

33

Қостанай

139

460

244

163

67

Павлодар

119

468

235

146

62

СҚО

280

967

375

182

49

Барлығы

1 002

3 462

1 685

841

50

Анықтама үшін: 2017 жылы. Қостанай облысына 30 отбасы (126 адам) қоныс аударды, оның ішінде Алматы облысынан 3 отбасы (11 адам), Жамбыл облысынан                   4 отбасы (15 адам),Кызылорда облысынан 14 отбасы (60 адам.), Маңғыстау облысынан                     2 отбасы (9 адам), Оңтүстік Қазақстан облысынан 7 отбасы (31 адам). Шығыс Қазақстан облысына 130 отбасы (365 адам) қоныс аударды, оның ішінде Алматы облысынан 59 отбасы (184 адам), Оңтүстік Қазақстан облысынан 58 отбасы (135 адам), Маңғыстау облысынан 8 отбасы (30 адам), Жамбыл облысынан 4 отбасы (15 адам), Кызылорда облысынан 1 отбасы (1 адам.). Солтүстік Қазақстан облысына 81 отбасы (802 адам) қоныс аударды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан - 81 отбасы (376 адам),. Жамбыл облысынан 41 отбасы (172 адам), Алматы облысынан 38 отбасы (166 адам), Кызылорда облысынан 18 отбасы (75 адам.) және Маңғыстау облысынан 3 отбасы (13 адам). Павлодар облысына 69 отбасы (292 адам) қоныс аударды, оның ішінде Маңғыстау облысынан 3 отбасы (13 адам), Алматы облысынан 10 отбасы (39 адам), Кызылорда облысынан 4 отбасы (15 адам.), Оңтүстік Қазақстан облысынан 81 отбасы (376 адам), Жамбыл облысынан 6 отбасы (19 адам).

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші