A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2017 жылғы қызметі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2017 жылғы қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл жеке лауазымы 2017 жылғы 4-тоқсанда енгізіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып Сырым Қажымұратұлы Нәси тағайындалды (2017 жылғы 27 қазандағы № 94-ж бұйрықпен).  

Ал Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінде әдеп жөніндегі уәкіл қызметін ұжымда құрметке және беделге ие 17 қызметкер атқарып отыр.

Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы мәлімет, оның ішінде олардың тегі,                аты-жөні, кабинеті мен телефон нөмірлері Министрліктің интернет-ресурсында және көпшілік назарына арналған ақпарат орындарында орналастырылған.

Есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға бағытталған жұмыс жүргізді.

Мәселен, 2017 жылы:

-  әдеп жөніндегі уәкілдерге жеке консультация алу үшін 36 адам, оның ішінде 28 мемлекеттік қызметші мен 8 азамат жүгінген. Олардың барлығына көтерген мәселелері бойынша ауызша түсініктеме берілді.

- мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі нормаларын бұзғаны туралы               7 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мәселесімен 1 мемлекеттік қызметші және 4 жеке және заңды тұлға жазбаша өтінішпен жүгінді;

2 өтініш мемлекеттік органдардан (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінен, Қызылорда облысының әкімдігінен) келіп түсті.

7 өтініштің 5-еуі негізді және олар бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

Есепті кезең ішінде әдеп жөніндегі уәкіл 49 профилактикалық іс-шара (семинар-кеңестер, лекциялар,  сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, оның ішінде «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күнін) өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкілдер 17 өңірге, оның ішінде 2 облыс орталығына,                    5 аудан орталығына және 10 ауылдық округке жұмыс сапарымен барды.

Аумақтық департаменттердегі әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын үйлестіру, сондай-ақ департаменттердің қызметкерлерімен кездесу мақсатында Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі 2017 жылғы желтоқсан айында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша аумақтық департаменттерге барды.

Аумақтық департаменттердің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру жұмысы 2018 жылы да жалғасын табады.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 3-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, қызмет әдебі нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргізу мақсатында жарты жылда бір рет мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Жалпы, есепті кезеңде сауалнамаға 407 мемлекеттік қызметші қатысты.

Талдау нәтижесі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсетті.

Бұдан басқа, интернет сайттарында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялайтын Министрлік қызметкерлерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі (жинақтаушы папка жасалды).

Сонымен бірге, қызмет әдебінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау талабы туралы үнемі ескертіліп отыратынына қарамастан қызметкерлер арасында мұны елемей, бұзушылықтарға баратындар кездесіп жатады.

Мысалы, 207 жылы:

- аумақтық департаменттерден 4 қызметкер теріс себептер бойынша, яғни жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды (Қарағанды, Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерде);

- аумақтық департаменттердің 5 қызметкері қызмет әдебінің нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы алғанда, жасалған талдау негізінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен жұмыс жасау кезінде, оның ішінде консультация берген кезде дөрекілік танытып, қызмет әдебі нормаларын бұзып жататынын көруге болады. Жұмыстан тыс уақытта қызмет әдебін бұзу, оның ішінде алкогольді масаң күйде көлік айдау не мас күйде қоғамдық орындарға бару сияқты бұзушылықтар кездесіп жатады.  Одан басқа, мемлекеттік қызметшінің беделіне кір келтіріп, қоғам тарапынан сын тудыратын «фотоларды жариялау» әрекетіне байланысты бұзушылықтар да орын алған.

13 ақпан, 2018 - 12:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші