check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                       М. Әбілқасымова

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

қорғаныс министрі

________________ С. Жасұзақов

                                                         

2018 жылғы «___» ___________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

________________ Е. Біртанов

                                                         

2018 жылғы «___» ___________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

________________ Т. Сүлейменов

 

2018 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы ___ ______

___ бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

 тізбесі

 

1. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген, 2007 жылғы                  23 қазандағы № 162 «Заң газетінде» жарияланған).

2. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 27 тамыздағы № 226-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелген, 2007 жылғы     4 қарашадағы № 167 «Заң газетінде» жарияланған).

3. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 132-ө Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6200 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 14, 2010 жылы жарияланған).

4. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшеріне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі               № 160-ө-м Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7705 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы «Казахстанская правда» № 276-278, газетінде жарияланған).

5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы                       18 наурыздағы № 145 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10844 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік  даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы __ ________      № ___ бұйрығына анықтама-негiздеме

 

 

Көрсетiлуге тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынылған мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт  қабылданған актіге сілтеме)

Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес

3.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің                      2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының                             51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

 

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме

 

Көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

 

Қазақстан Республикасының  Денсаулық және Ұлттық экономика министрліктері

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы (таралуы) туралы мәліметтер

 

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет- ресурсында орналас-тырылды

7.

 «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

 

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

 

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын  нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

 

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы       2018 жылғы __ _______ № _______ алынды

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

Қоғамдық кеңестің хаттамасы      2018 жылғы __ _______ № _____ алынды

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

 

Бұйрық жобасы 2018 жылғы              __ ________ орналастырылды, көпшілік талдауының аяқталғаны жөніндегі есеп 2018 жылғы __ ________ қалыптасты

 

 

Заң қызметі департаменті

директорының

          міндетін атқарушы                                                                     Э. Тәжіханова

ТіркемеМөлшер
Package icon proekt_prikaza.zip45.26 KB
Package icon proekt_prikaza.zip45.26 KB
15 ақпан, 2018 - 09:30 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші