A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы 2017 жылға арналған есебі

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іке асырылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 (әзірлеуші-мемлекеттік орган атауы)

2017 – 2021 жылдарға арналған

(жоспарлы кезең)

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2017 жылғы «6» наурыздағы № 21

бұйрығымен бекітілген

 (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрық атауы)

Есептік кезең: 2017 жыл.

 

1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

 

Мүмкін тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды нақты орындау

Ескерту (орындау/орындалмау туралы ақпарат)

1

2

3

4

Cтратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

Инфляция деңгейінің ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы жағдайларында әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен белгіленген деңгейден артық көтерілуі (халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы) 

1. Уәкілетті органға теріс салдарды азайтуға бағытталған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу

1. «2017 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 985 қаулысына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға артты.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 7 %-ға көбейді

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын орындау мақсатында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы 25 %-ға артты.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төмен мөлшерлерінің өзгеруіне байланысты 7 %-ға арттырылған болатын.

2017 жылы МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем 69,0 млрд. теңге сомасында 211,5 мың алушыларға төленді. Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлемге МӘСҚ-тан 56,5 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

1.2-мақсат. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әл жуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру

Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған АӘҚ-қа мұқтаж адамдар санының өсуі (экологияның, халық денсаулығының, ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы және т.б.)

1. Уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейтуге республикалық бюджеттен  нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

2. Өңірлік деңгейде АӘҚ көрсетудің баламалы түрлерін өз бетінше тұру үйлерін/әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін ашу арқылы кеңейту.

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырмаларды ұлғайтуда ағымдағы нысаналы трансферттерге республика бюджетінен 837 295 мың теңге бөлінді. Бұл арнаулы әлеуметтік қызметтерді 6,3 мың адамға көрсетіліп, 106 үкіметтік емес ұймыдар жұмылдырылды, 2015 жылғы есеп бойынша 81 үкіметтік емес ұйым 5 мың адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеткізген.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көорсетудің альтернативті формасы аймақты жергілікті деңгейде адамды отбасында сақтап қалу бағыты күндізгі болатын бөлімшелерде әрекеттегі байланыс болып табылады.

Сонымен, елімізде 5,2 мың адаммен 53 күндізгі болатын бөлімшелер жұмыс жасауда. 2015 жылы 1,7 мың адаммен 50 бөлімшелер болған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша осы бөлімшелер интернат-үйлерінен 626 бала қайтарылуына себепші болды, балалары күндізгі болатын бөлімшелерден қызмет алатын 693 аналар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Cтратегиялық бағыт 2. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

Мақсат 2.1. Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету

Экономикалық рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жұмыспен қамту мәселелерінің апта сайынғы жеке мониторингін  қамтамасыз ету.

2. Тиісті Меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру.

Еңбек саласында тұрақсыздыққа жол бермеу мақсатында ең проблемалы мәселелерді анықтау және тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі, жұмыскерлерді жұмыстан босату қаупі бар проблемалық кәсіпорындар көрсетілген Еңбек қаупі картасы құрылады.

Жұмыскерлерді жұмыстан босату қаупі бар кәсіпорындардағы жағдайға апта сайынғы мониторинг қамтамасыз етілген. 2016 жылы 331 мың жұмыскерді қамтыған 675 кәсіпорын мониторингпен қамтылды.

Әкімдіктер мен өңірлердің кәсіпорындары арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру,  еңбек құқықтарын және жұмыскер кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық меморандумы жасалған, жұмыс берушілердің міндеттерінің орындалуына бақылау қамтамасыз етілген.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша рсубликада 113 мың меморандум жасалды (1 632 – ірі, ал 111 294 орта және шағын кәсіпорындармен жасалды, жалпы жұмыскерлер саны – 2,8 млн. адам).

Есептік кезеңде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді (бұдан әрі – Бағдарлама); 2016 жылға Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешендіі жоспары әзірленді, оның жұмыспен қамту шараларымен 520 мыңнан астам адам қамтылған, оның ішінде 464 301 адам немесе жоспарланған жылдық көрсеткішінен           125,4 % жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 255 085 адам немесе жоспардан 135 % орналастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бағдарламаның бірқатар жаңа дағдарысқа қарсы тетіктері мен құралдары енгізілді, олардың негізгі шарты жұмыстан босату қаупі бар кезде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтап қалуы қажет.

Жаңа дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде қайта даярлау және біліктілігін арттырумен 18-24 жас аралығындағы 2 455 ішінара жұмыспен қамтылған жас адамдар (жоспардан 106,4 %); 155 ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер (96,2 %); 55-65 жас аралығындағы 1 241 адамдар қамтылды.

Жұмыс уақытының қысқаруына байланысты білікті мамандандың жоғалтылған табысының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялаумен еліміздің 8 кәсіпорынының 3 466 білікті мамандары қамтылды.

Профилактикалық және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру еңбек нарығының көрсеткіштерін тұрақтандыруға өзінің оң септігін тигізді.

Мәселен, 2016 жылғы 3 тоқсан нәтижесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құрады, ол ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен, 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығы 0,4 % тармаққа (4,3 %-дан 3,9 %-ға), ал ауылдағы жұмыссыздық деңгейі 0,2 % тармаққа (4,9 %-дан 4,7 %-ға) төмендеді.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Интеграциялық процестердің дамуына және көрші елдер экономикасының нашарлау әсеріне байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың өсуі

1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.

2. Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.

Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі басым, 2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша 25 % немесе 2,2 млн.-нан астам адамды құрайды (2014 жылы – 28,2 % немесе 2,4  млн.-нан астам адам, 2015 жылы – 27,0 % немесе 2,3 млн.-нан астам адам).

Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 16,2 %- нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады (2016 жылғы 3-тоқсан, 2014 жылы – 30,1 %, 2015 жылы – 22,0 %). Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлімі ауылдық мекендерде тұрады және көбінесе табысы төмен жеке шаруашылықпен қамтылған. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде осы категорияның тұлғаларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту мақсатында өз ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит беру көзделген.

ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық банкінің Дағдарысқа қарсы әрекеті шеңберінде 2016 – 2018 жылдары экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өзектендірілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қабылданды, ол жұмыс орындарын сақтауға және құруға, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Бағдарламаға қатысушы тараптардың жауапкершілігін нығайтуға бағытталған (2015 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР ҮҚ). Осыған орай, ЖЖК 2020 одан әрі іске асырылуына жаңа инициативаларды ескерумен Ұлттық қор қаржысынан қосымша 62 972 млн. теңге, оның ішінде 20 034 млн. теңге микрокредиттеуге және 5 000 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, оның 10 000 млн. теңге микрокредит көлемін 3 млн. теңгеден 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтумен ұсақ тауар өндірісін ұйымдастыру бойынша жобаларды іске асыруға бөлінді.

2016 жылы микрокредит беруге 30,8 млрд. теңге бөлінді, оның есебінен кәсіпкерлік қызмет негіздеріне 3,7 мың адам оқытылды, 10 099 микрокредит, оның 84 %-ы ауыл шаруашылығын жетілдіруге берілді.

2016 жылы 5 өңірде (Ақтөбе. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) пилоттық режимде жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін құру бойынша жоба іске асырылды.

Пилот шеңберінде 2 052 адам микрокредит алды (44 адам сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыру үшін, 1803 адам отбасылық бордақылау алаңдары үшін, 28 адам жылыжай ашу үшін).

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Негізгі қорлардың (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар) қанағаттанарлықсыз күйіне және шағын кәсіпорындарда еңбекті қорғауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігіне байланысты өндірістік жарақаттанудың өсуі

1. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөнінде ішкі бақылауды іске асырудың  жаңа әдістерін енгізу.

2. Кәсіподақ ұсынатын жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институтын құру.

3. Кәсіпорындарға бару түрінде бақылаудың ескерту-профилактикалық сипатқа ие жаңа түрін енгізу

4. Жұмыс берушілердің қызметін ерікті декларациялау арқылы оларды ынталандыру.

Есепті кезең бойынша өндірістік жарақаттың өсуі болған жоқ.

Мәселен, 2016 жылы республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 683 адам зардап шекті, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 %-ға төмен (2015 жылы – 1723 адам).

Өндірісте қайтыс болған адамдардың саны 248, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда  1,2 %-ға төмен (2015 жылы – 251 адам).

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы мынадай жұмыстар атқарылды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап республиканың кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау басқармасының заманауи жүйелерін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру жолымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер қарастырылған, оның шешімі жұмыс берушілерге міндетті.

Жұмыскерлердің санынан кәсіптік одақпен ұсынылатын және осы Кеңеспен бекітілетін техникалық инспекторлардың институты енгізілуде.

2016 жылы республиканың кәсіпорындарында 11 215 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, олардың міндеттеріне еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлардың талаптары бойынша жұмыс берушілермен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережесінің бұзылуына кінәлі 73 лауазымды адамдар қызметтерінен босатылды. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қаупі бар 60 станоктар мен жабдықтардың, 29 өндірістік объектілер мен 16 ұйымдардың жұмысы тоқтатылды (тыйым салынды).

Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторларымен құқық қорғау органдарына 1 656 материалдар беріліп, оның 219 бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Жұмыскерлердің қысқаруына байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің туындауы

Ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін және еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруді енгізу

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап республиканың кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау басқармасының заманауи жүйелерін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді.

Жоғарыда аталғандай, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру жолымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер қарастырылған, оның шешімі жұмыс берушілерге міндетті.

Министрлік еңбек саласында еңбек жанжалдары және қарсылық акцияларына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, 2016 жылы 8 қарсылық акциясы бекітілген (соңғыы үш жылғы мәлімет).

Жергілікті атқарушы органдар өңірлік кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленістерді реттеу бойынша қаабылданған шаралар тұрақты негізде әлеуметтік кәсіпкерлік жә не әлеуметтік және еңбек қатынастарн реттеу бойынша өңірлік үшжақты комиссия отырыстарында талқыланады.

2016 жылы республика бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлердің қатысуымен үшжақты комиссияның 167 отырысы өтті, онда проблемалы кәсіпорындардың 646 басшылары тындалды.

Есептік кезеңде еңбек қатынастарында әлеуметтік шиеленістің қаупінің өсімі байқалмады.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Жұмыскерлерге жалақы төлеуді кідірту

Берешектерді жою графигі мен мерзімін белгілей отырып, дағдарысқа қарсы штабтар және әлеуметтік кәсіпкерлік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырыстарында жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорынның жұмыс берушілерін тыңдау

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

Біліктілігі төмен мигранттар санын ұлғайту (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсім соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)

 

 

Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші иммигранттар квотасын қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және  енгізу;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші иммигранттардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

Есептік кезеңде қауіп болған жоқ.

Орындалды

 

  1. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

 

Нысаналы индикатор атауы

Ақпарат көзі

Өлш. бірлігі

2017 жыл

Ескертпе (орындау/орындалмау туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

7

Cтратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

Мақсат 1.1. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін көрсету

1

қолдау жүйесімен қамтылған 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты)

 

Еңбекмині

деректері

%

10,6

9,6*

(алдын ала деректер)

Көрсеткіш орындалды

(теріс динамика – оң әсер)

2

Табысты зейнетақы төлемдерімен (ЖЗ-ны есепке алмағанда) алмастыру коэффициенті

Еңбекмині

деректері

%

45,2

46,1

Көрсеткіш 102 %-ға орындалды

 

3

ЖЗЖ-мен қамтылған, жұмыс істейтін  халықтың үлесі (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды қоспағанда)

Еңбекмині

деректері

 

%

70,8

72,5

Көрсеткіш 102,4%-ға орындалды

 

4

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

стат.

деректер

%

4,0

2,6

(2017 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша)

Көрсеткіш орындалды

(теріс динамика – оң әсер)

5

АӘК алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлес салмағы 

Еңбекмині

деректері

 

%

27,0

26,5

Көрсеткіш орындалды

(теріс динамика – оң әсер)

6

Еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған  ШАК алушылардың үлесі

Еңбекмині

деректері

 

%

90,8

92,6

Көрсеткіш 102%-ға орындалды

 

 

Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

 

Мақсат 1.2: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әл жуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру

1

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан оларды көрсетумен  қамтылған адамдардың үлес салмағы

Еңбекмині

деректері

 

%

98,1

98,6

Көрсеткіш 100,5% орындалды

 

2

Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі (өткен жылдың есепті кезеңі үшін әзірленген ОЖБ қатарынан)

Еңбекмині

деректері

 

%

67,3

67,5

Көрсеткіш 100,3% орындалды

 

 

Стратегиялық бағыт 2. Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қоны процестерін басқару

 

2.1-мақсат. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету

1

Жұмыссыздық деңгейі

стат. ресми деректер

%

4,9

4.9

(2017 жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша)

Көрсеткіш орындалды

(теріс динамика – оң әсер)

2

«Жұмыс істейтін әйелдер. Ерлерге қатысты үлесі» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ позициясы

 

ДЭФ есебі

 

позиция

25

28

Көрсеткіш орындалмады

Сонымен қатар, көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» субиндексінің компоненті болып табылады, ол есептік кезеңде Қазақстанның бәсекелі басымдылығы болып табылады (35 орын).

 

3

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан тұрақты жұмысқа орналасқандар

Еңбекмині

деректері

 

%

75

62,8

Көрсеткіш 83,7 %-ға орындалды

 

4

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі

Еңбекмині

деректері

 

%

15

 

12,7

Көрсеткіш орындалды

(теріс динамика – оң әсер)

5

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен қамту:

Еңбекмині

деректері

 

%

 

 

 

жұмыссыздарды

61,0

90,5

Көрсеткіш 148,4 %-ға орындалды

 

нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды

31,5

49,5

Көрсеткіш 157,1 %-ға орындалды

 

6

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатынан өтініш білдіргендер қатарынан мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі

Еңбекмині

деректері

 

%

-

-

-

 

7

Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген ізденушілердің үлесі

Еңбекмині

деректері

 

%

43

55,1

Көрсеткіш 128,1 %-ға орындалды

8

Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы,  кемінде (ШЖК тартуға арналған квота бойынша)

Еңбекмині

деректері

 

%

70

85,7

Көрсеткіш 122,4 %-ға орындалды

9

Жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесуге жүгінген оралмандар қатарынан)

Еңбекмині

деректері

 

%

83,5

84,1

Көрсеткіш 100,7 %-ға орындалды

 

Стратегиялық бағыт 2. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

 

2.2 мақсат. Азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету

1

«Қызметкер-жұмыс берушінің қатынастарындағы әріптестік» көрсеткіші бойынша БЖИ ДЭФ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

49

68

Көрсеткіш орындалмады

Сонымен қатар, көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» субиндексінің компоненті болып табылады, ол есептік кезеңде Қазақстанның бәсекелі басымдылығы болып табылады (35 орын);

Көрсеткіштің мәні сауалнама әдісімен айқындалатынын ескеру керек, яғни еркін таңдалған кәсіпорындардың жұмыс берушілерінің сауалнама деректері қолданылады, бұл субъективті болып табылады.  

2

«Шығындарды белгілеу кездегі икемділік» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

20

105

3

«Төлем және өнімділік» көрсеткіші бойынша БЖИ ДЭФ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

18

50

4

 «Жұмысқа жалдау және жұмыстан босату практикасы» көрсеткіші бойынша БЖИ ДЭФ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

27

41

5

 Жұмыстан босатумен байланысты шығындар» көрсеткіші бойынша БЖИ ДЭФ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

19

24

6

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi)

стат. ресми деректер

1000 адамға қатысты

0,32

0,29

Көрсеткіш орындалды (теріс динамика – оң әсер)

7

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы (ірі және орта кәсіпорындар арасында)

Еңбекмині

деректері

 

%

93,3

93,3

Көрсеткіш 100% орындалды

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілігінің мақсатты индикаторлары

1

Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша ЖБИ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

28

40

Көрсеткіш орындалмады

2

Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизм бойынша ЖБИ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

45

70

Көрсеткіш орындалмады

3

Саясаткерлерге қоғамдық сенім бойынша ЖБИ позициясы

ДЭФ есебі

позиция

29

39

Көрсеткіш орындалмады

*

  1. Талдамалық жазба

1-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну

Әлеуметтік кепілдіктерді қамту, әл-ауқат деңгейін арттыру, экономикалық дербестікті және отбасыны өзбетінше дамыту үшін қажет жағдайды жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік  әлеуметтік саясатының басым міндеттері болды және болып қала береді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған  жыл сайынғы Жолдауында нақты  белгіленген отбасы саясатының негізгі бағыттары және ананы көтермелеу, сенімді әлеуметтік кепілдіктер қызметтері ана мен баланы, отбасыны мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесінің құрылуына алып келді.

 олданыстағы заңнамаға сәйкес 2017 жылы баласы бар отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетілді:

- бала туғанда берілетін жәрдемақыны 34,7 млрд. теңге сомасында 392,7 мың адам алды (бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,4 %-ға көп);

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақымен 302,4 млрд. теңге сомасында 145,7 мың адам қамтылды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,7 %-ға көп);

- мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны жалпы 24,4 млрд. теңге сомасында 77,3 адам алды;

- табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына берілетін жәрдемақымен 539,6 мың бала қамтылды, бұл ретте тағайындау сомасы – 10,9 млрд. теңгені құрады. 

2017 жылы МӘСҚ-дан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер 74,1 млрд. теңге сомасында 225,3 мың алушыға төленеді. МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы  (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерге 62,6 млрд. теңге жұмсалған.

Қабылданып жатқан шаралар еліміздегі демографиялық ахуалға оң әсерін тигізді, оған туылғандар санының жыл сайынғы өсімі дәлел, мәселен 2016 жылы 2011 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 10,1 %-ға өсті, егер 2011 жылы 372,8 мың бала дүниеге келсе, 2017 жылғы 1 қаңтарда – 409,9 мың бала туған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің алдын ала деректеріне сәйкес 2017 жылдың 11 айында елімізде 359,6 мың бала дүниеге келді, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,9 %-ға өскен (2016 жылғы 1 желтоқсанда – 378,0 мың бала).

Қазіргі уақытта елімізде нарықтық экономика принциптеріне сәйкес келетін және мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлердегі әлеуметтік қамсыздандыруға деген жауапкершілікті бөлісуді қарастыратын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.

Ортақ зейнетақы мөлшерін тиімді деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстеледі. Осыған орай зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға ұлғайды (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 985 қаулысы).

Арттыру нәтижесінде 2016 жылы базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11 965 теңгені құрады.

Базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 2016 жылғы ең төмен зейнетақы төлемінің мөлшері 37 789 теңгені, ең жоғары мөлшері – 77 186 теңгені, орташа мөлшері – 55 117 теңгені құрады.

2017 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 2 083,3 мың адамды, ынтымақты зейнетақы алушылардың саны – 2 059,0 мың адамды құрады.

Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар халықаралық тәжірибеде қолданылатын  жоғалтылған кірісті алмастыру стандартынан (40 %) асып кетуге мүмкіндік берді, ол ҚР-да 2016 жылы базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен 43,7 %-ды құрады.

Ынтымақты және базалық зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен барлығы 1,3 трлн. теңге төленді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың (МӘЖ) мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты ең төмен күнкөріс шамасының өзгеруімен 7 пайызға артты.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын орындау мақсатында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша 25 пайызға арттырылды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада барлығы 688,1 мың МӘЖ алушы бар, оның ішінде мүгедектер саны 518,7 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,1 мың адам, жасына байланысты – 1,2 мың адам. 

2017 жылы МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектік бойынша – 32 418 теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 29 402 теңге, жасына байланысты – 12 719 теңгені құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен барлығы 260,6 млрд. теңге бағытталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралуда. 

Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жойылатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Байқоңыр қаласының зейнеткерлері немесе тұрғындары болып табылатын мүгедектер үшін ғана сақталған) арттырылды.

МӘСҚ-тен төленетін еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер 16 %-ға жоғарылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 2017 жылы 12 208 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 14 774 теңгені құрады.

Өткен жылы 772,8 мың алушыға 156,5  млрд.теңге сомасында әлеуметтік төлемдер төленді, ол 2016 жылмен салыстырғанда 10 %-ға көп.

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жалғасуда, бұл олардың зейнетақы жинақтарын арттыруға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге септігін тигізеді. 2017 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-дан төленетін ай сайынғы бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге 85 мың алушының жеке зейнетақы шоттарына 4,4 млрд. теңге аударылды, бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық кезеңге субсидиялаудың жалпы көлемі 16,5 млрд. теңгені құрады;

- жұмыс берушілердің қаражаты есебінен зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жалғасуда. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,6 мыңнан астам жұмыс беруші 431,8 мың жұмысшының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды, жинақтардың сомасы 142,4 млрд. теңгені құрады.

Бұл «ЖЗЖ-мен қамтылған, жұмыс істейтін  халықтың үлесі (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды» көрсеткішіне әсер еткенін атап өткен жөн, ол 72,5 %-ды құрады.

Анықтама үшін: Жедел деректер бойынша 2017 жылғы желтоқсанда жұмыспен қамтылған халықтың саны 8 423,2 мың адамды құрады (оның ішінде 211,3 мың адам әскери қызметшілер), жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2017 жылы 5 953,9 мың адамды құрады.

Әлеуметтік көмек

2017 жылы табысы аз отбасыларды қолдау жалғасын тапты, 2018 жылғы 1 қаңтарға:

- атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 23,3 мың адамға тағайындалды, бұл 19,2 %-ға төмен (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда), бұл ретте тағайындау сомасы – 751,7 млн. теңге (2016 жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға азайды). АӘК-тің орташа мөлшері аталған кезеңде – 2 682,4 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 21,8 %-ға артық.

- 2017 жылғы 1 қазандағы тұрғын үй көмегі 67,4 мың отбасына 1,8 млрд. теңге сомасында тағайындалды. 2017 жылы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 923 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек идеологиясын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру аясында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 28 қазандағы) сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясы өзгерді. Бірыңғай жәрдемақы – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді, ол күнкөрісі төмен отбасыларға арналған қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді – бұл төрт немесе одан да көп баласы бар отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа форматтағы АӘК табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен отбасыларға шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде отбасы құрамындағы еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің бар болуын есепке ала отырып, олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы шартымен ұсынылады. Бұл азаматтардың экономикалық дербестігін нығайтуға және өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке ынтасын күшейтуге мүмкіндік береді.

Шартсыз ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті жастағы күнкөрісі төмен адамдарға немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін объективті шектеулері бар еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті күнкөрісі төмен адамдарға, сондай-ақ, құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар күнкөрісі төмен отбасыларға беріледі.

  С 2016 года внедрение новых подходов по оказанию АСП реализуется в пилотном режиме во всех регионах страны.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пилоттың нәтижелері көрсеткендей, Өрлеу жобасының жүзеге асырылуы алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, жобаға қатысушылар табысының 2 еседен артық ұлғаюына және еңбекке қабілетті қатысушылардың 92,6 % жуығын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына тартуға ықпалын тигізді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы көрсетілген кезең аралығында «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 179,6 мың адамға тағайындалды.

АӘК алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлесі 26,5 %-ға қысқарды, АӘК алушылардың мөлшері 19,1 %-ға азайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2017 жылдың 3-тоқсанында 2,6%-ды құрады (2016 жылы – 2,6%). Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2017 жылдың 3-тоқсанында 81 117 теңгені құрады және 2016 жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда 6,5%-ға артты.

1.2-мақсат. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әл жуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігін арттыру

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы». «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің реформасы жалғасуда, мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларда стационар, жартылай стационар және үйдегі күтім, уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну енгізіліп жатыр.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыруға 994,9 млн. теңге нысаналы трансферт бөлінді (2016 жылы 939,3 млн. теңге шығындалды), бұл 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен 116 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік берді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен:

- стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарда 23,4 мың егде жастағы адам мен мүгедек, соның ішінде 114 мүгедек бала;

- жартылай стационар үлгісіндегі 99 ұйымда (күндізгі болу  бөлімшелері, оңалту орталықтары) 14,1 мың адам;

- егде жастағылар мен  мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 506 бөлімшеде 55,6 мың адам;

- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 26 әлеуметтік бейімдеу орталығында, оның ішінде түнде болатын және әлеуметтік патруль бөлімшелерінде 13,2 мың адам;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 6 дағдарыс    орталық- приюттерінде 1 мың адам қамтылды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және атаулылығын күшейту мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде басқару, қаржыландыру, қызмет көрсету стандарттары жаңартылып, олардың жаңа нысандары енгізілетін болады, сонымен қатар қызмет көрсетудің өтінімдік тәсілінен анықтау тәсіліне өту қарастырылуда.

Аталған реформа мұқтаж адамдарға  әлеуметтік қызмет алудың өзіне қажет түрін дербес таңдауға, сондай-ақ  әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігн арттыруға мүмкіндік береді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік қолдау жүйесінде ерекше орын алады. Қазіргі таңда Қазақстанда 663 мыңнан астам немесе жалпы халық санының 3,7%-ын құрайтын мүгедек тұрады, оның 62%-ы – еңбекке жарамды жастағы адамдар, 12,6%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық  көмек, кресло-арбалар, сурдо және тифло-техникалық құралдар), санаторий-курорттық сауықтыру, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, инватакси қызметтері ұсынылады.

Мүгедектердің социумға толыққанды қатысуына жағдай жасау және олардың құқықтарын жүзеге асыру үшін Қазақстан БҰҰ ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асырып келеді.

2017 жылы БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтарын қорғау комитетіне Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында қабылданған шаралар туралы алғашқы баяндама ұсынылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 330 қаулысы).

2017 жылы заңнаманы жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында,:

а) ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функциялы электрондық гаджеттерге ауыстырылған мүгедектерге ұсынылатын техиникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) көру, есту қабілеттері бұзылған адамдарға арналған жаңа тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және т.б. қосылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысы);

ә) диагностикалық, сауықтыру және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін организм функцияларының тұрақты бұзылуы анықталған жағдайда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі әкімшілігінің сотталғандарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі регламенттелді (ІІМ 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығы);

2. Жыл сайын Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлік Объектілерді бейімдеу карталарын іске асырады. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау мен бейімдеу арқылы кедергісіз орта құруға жағдай жасалуда.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,2 мың объект паспортталған, оның 19,5 мыңы бейімдеуге жатады, 16,6 мың объектіге бейімдеу жүргізілді.

2017 жылы 5 383 объектіні мүгедектердің мұқтаждықтарына орай бейімдеу жұмысы аяқталды, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 1469 объект, нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы шеңберінде – 11 объект.

2017 жылы республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар 479 бірлік жолды мүгедектерге қызмет көрсететін ұйымдардың орналасқан жеріне жол сілтейтін белгілермен және көрсеткіштермен, жаяу жүргіншілер өтетін 44 бірлік жолды дыбыстық құрылғылармен жабдықтады.

3. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.

4. 2017 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру:

- өңірлердің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенді жоспарлары шеңберінде жүзеге асты. Жоспарда 9,7 мың мүгедек, 15,4 мыңы жұмысқа орналастырылды (жоспардан 158,8%), соның ішінде 10 мың адам – аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша және 3,9 мың адам – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша. 

- тұрақты жұмыс орындарына орналасқандардың жалпы санында 5,5 мыңы мүгедек;

- жұмыс орындары санының (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда) 2-ден 4%-ына дейінгі мөлшеріндегі квоталар – мүгедектер қатарындағы 2,9 мың адам;

2018 жылдан бастап республикалық бюджеттен жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға кеткен шығындарын субсидиялау қарастырылған.

Жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдарға республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 13 инватакси қызметін пайдалануға басым құқық берілген.

5. Министрліктің жеке интернет-ресурсында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, өңірлік жаңалықтарды, фото мен видеосюжеттерді, жұмыспен қамту картасын жүзеге асыру мен объектілерді бейімдеу мониторингінің мәліметтерін, инфографика мен сауалнамаларды қамтитын «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» арнайы бөлімі бар.

Бұдан басқа, есту-сөйлеуге бейімдеуді жүргізу (оңалту) бойынша іс-шаралар шеңберінде кохлеарлық импланттары бар 870 бала есту-сөйлеу оңалтуынан өтті, оның ішінде 290 бала – тәуліктік бақылау жағдайында. 2018 жылы кохлеарлық импланты бар тағы 350 мүгедек балаға осы қызметті көрсету жоспарланғанын атап өтеміз.

Бұған қоса, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын сатып алу, ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтерге (бұдан әрі – сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметтер) нысаналы трансферттер жыл сайын қарастырылады. 2017 жылы сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметтермен алғаш рет үлкен жастағы мүгедектер де қамтылды (18 жастан үлкен).

Осы мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 266 мүгедекке, соның ішінде кохлеарлық импланты бар 179 бала мен 87 ересек жастағы мүгедекке 1 005,7 мың теңге қарастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді интеграциялау мен автоматтандыру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде 2016 жылдан бері мүгедектікті белгілеумен байланысты мемлекеттік қызметтер композиттік форматта ұсынылуда. Үш мемлекеттік қызметті бір өтініш бойынша алуға ақпараттық жүйелерді жетілдірудің және оларды Мемлекеттік корпорация, Комитеттің аумақтық департаменттерінің МӘС бөлімшелері арасында интеграциялаудың арқасында қол жеткізілді.

2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Емхана» ААЖ мен МОДҚ-ны медициналық ұйымның ДКК мүше дәрігерлерінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған 088/у нысанын беру бөлігінде интеграциялау жүргізілді. 

Бұдан басқа, МӘС бөлімдерінің мүгедектікті белгілеуге байланысты тағы                                 6 мемлекеттік қызметті праактивті форматта көрсетуі мәселесі қарастырылды. 2018 жылы Жол картасының іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруда оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға арналған құжаттарды ресімдеуге мүгедектердің қосымша жүгіну қажеттілігі жойылатын болады.

Осылайша, заманауи талаптар МӘС-ті жаңғырту, тыныс-тіршіліктің шектелу дәрежесін анықтау мен мүгедектікті белгілеу бойынша әзірленген балдық шкаланы есепке алғанда, мүгедектікті белгілеу тәсілдерін құрылымдық тұрғыда жандандыру мен өзгерту қажеттілігін туындатады.

2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

Елбасының тапсырмасына сәйкес 2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда (2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 ҚРҮҚ).

Бағдарламаны іске асыруға 85,3 млрд. теңге (республикалық бюджеттен - 40,3 млрд. теңге, жалпы сипаттағы трансферттер – 45 млрд. теңге) қарастырылды.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Бағдарламаға қатысуға 595,7 мың адам жүгініп, олардың 572,9 мыңы Бағдарлама қатысушылары құрамына қосылды.

Бағдарлама қатысушылары құрамына қосылған адамдар ішінде 423,8 мың адам (74%) жұмыссыз, 149,1 мың адам (26%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Бұл ретте, Бағдарлама қатысушыларының 40,3 %-ы 29 жасқа дейінгі жастар, 47,6 %-ы әйелдер, сондай-ақ 8,6 %-ы күнкөрісі төмен азаматтар және 3 %-ы мүмкіндіктері шектеулі адамдар болып табылады.

449,7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2017 жылдың
1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік оқу басталып, 21,3 мың адам (100 %) қамтылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды оқыту үшін қысқа мерзімді оқытудың арнайы бағдарламалары әзірленді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 71,8 мың адам немесе жылдық жоспардың 102%-ы (70,6 мың адам) қамтылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілгендердің 68,4 мыңы оқуды аяқтады, олардың ішінде 39,4 мың адам немесе 58%-ы жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға барлығы 7 227 микрокредит берілді немесе жоспарланған көрсеткіштің 124,6%-ы (жоспар – 5 800 микрокредит), оның ішінде ауылдар мен шағын қалаларда – 6 791, қалаларда 436. Микрокредитті стартап жобаларын іске асыруға бағыттаған 4 127 қатысушы немесе жалпы алушылардың 57 %-ы ісін енді бастаған кәсіпкер атанды.

Бұдан басқа, кредиттерге қолжетімділікті арттыру мақсатында ісін жаңа бастағандар үшін 85 %-ға дейін, жұмыс істеп тұрғандар үшін 50%-ға дейін кредиттерді кепілдендіру тетігі енгізілді. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 414 кепіл шарты жасалды.

Міндет – өзі ісін ашуға немесе қолданыстағы ісін кеңейтуге мүлік кепілі жоқ азаматтарды қоса алғанда, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредитке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

«Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15 000 адам немесе жоспардың         100 %-ы қамтылды, олардың ішінде 8 285 адам бизнес жобаларын қорғаса, 3 314-і микрокредит алды.

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 25 мың адам немесе жоспарланған көрсеткіштің 140 %-ы, 27 мың адам немесе жоспардың 127,7%-ы жастар практикасына жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтағандардың 68%-ы (14,8 мың адам) және жастар практикасын аяқтағандардың 54,3%-ы (12,1 мың адам) нақты жұмыс берушілерде қалып, тұрақты жұмысқа орналаса алды. 

85 мың адам немесе жылдық жоспардың 111%-ы (76 463 адам) қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Еңбек ұтқырлығын арттыру шаралары шеңберінде солтүстік және орталық облыстардың жұмыс берушілерінің қатысуымен еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) облысаралық 5 бизнес-форум өткізілді. Қорытындысы бойынша 2 388 отбасы солтүстік өңірлерге ерікті түрде көшуге ниет білдірді.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін солтүстік өңірлерге еңбек күші артық өңірлерден 408 отбасы (1 577 адам) және 512 оралман отбасы (1 774 адам) көшті.

Бұдан бөлек:

- қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге 450 АЕК көлемінде субсидия беру; жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар беру;  шығу өңіріне тәуелсіз Серпін – 2050 жобасының түлектерін қосу; «Бастау-Бизнес» жобасын ауылдарда, сондай-ақ қалаларда, оның ішінде моно және шағын қалаларда іске асыру сияқты Бағдарламаны іске асыру құралдары күшейтілді (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 882 қаулысы).

Осылайша, бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды және оларды ары қарай басқа салаларға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетуді қарастыратын жұмыс берушілерден өтінім жинау бойынша жұмыстар жүргізуде. Берілген бағытты іске асыру 2017 жылы басталды;

- Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары іске асырылды, онымен 614,5 мың адам қамтылып, 461,7 мыңы жұмысқа орналасты.

Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету үшін жергілікті атқарушы органдар сондай–ақ жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс жүргізді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 359,7 мың жұмыс орны құрылды, олардың ішінде ауылдық жерлерде құрылған жұмыс орындарының саны – 157 мың. Салалар бөлінісінде құрылған жұмыс орындарының анағұрлым көп саны құрылыста – 46,2 мың орын, саудада – 44,6 мың, ауыл шаруашылығында – 28,3 мың орын. 

Жалпы құрылған жұмыс орындарының 77 %-ы тұрақты жұмыс орындары болып табылады және оларға 277 мың адам жұмысқа орналасты.

Есепті кезеңде республиканың жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығына 622,5 мың жұмыссыз азамат жүгініп, олардың 391 мыңы (62,8%) жұмысқа орналастырылды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ірі кәсіпорындармен қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға бірлесіп инвестиция салуды және оларды басқа салаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді көздейтін жол карталарын әзірлеуде.

Бүгінде «Қазцинк» ЖШС пилоттық компаниясымен жол картасы әзірленіп, келісілуде.

Барлық облыстарда, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында жұмыс күшінің басқарылатын ағыны жөніндегі өңірлік штабтар құрылды, қазіргі кезде олар жобалық басқару шеңберінде «Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» жобасы бойынша жобалау офистеріне өзгертілуде. Қазіргі таңда 600-ден астам ірі кәсіпорын өңірлік штабтың назарында, олардың арасында жол картасын жасасу шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Республиканың 168 ірі кәсіпорны жол карталарына қол қойды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, онда:

- халықты жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау және проактивті жұмыс форматына өту;

- жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің (бұдан әрі – ЖҚЖА) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуын кеңейту;

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарға жұмыс орындарын құруға мониторинг жасау фукцияларын бекіту;

- студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігін арттыру көзделген.

Бүгінгі күні Министрлік ЖҚЖА, «Атамекен» ҰКП-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аутсорсингке берілетін функцияларды (кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру) және мемлекет тарапында қалдыру орынды деп танылатын функцияларды (жұмыссыз ретінде тіркеу, жұмысын жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемдер, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмекті төлеуді ұйымдастыру және тағы басқалары) айқындады.

Ұсынылып отырған өзгерістер жұмыс берушілердің және азаматтардың анағұрлым көп қамтылуын, тиісінше жұмысқа орналастыруды, оның ішінде босатылып жатқан кадрларды және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін еңбек нарығы институтын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы 2018 жылғы 1-тоқсанда қабылданады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – «Электрондық еңбек биржасын» (бұдан әрі – ЭЕБ) іске қосты, оған жұмыс берушілердің жұмыспен қамту орталықтарына міндетті түрде жеке өзі бармай вакансияларды ұсынуының жаңа көп каналды тәртібі енгізілуде және еңбек нарығының барлық қатысушылары, оның ішінде ЖҚЖА және онлайн алаңдар үшін кең қолжетімділік ұсынылған.

Бүгінгі күні ЭЕБ порталында жұмыс берушілерден, жұмыспен қамту орталықтарынан, ЖҚЖА-дан және бұқаралық ақпарат құралдарынан 38 мыңнан астам вакансия және 27,8 мыңнан астам резюме орналастырылған. Қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру жөніндегі 27 жекеше агенттік және 4 БАҚ пен 4 интернет-алаң ЭЕБ-нің әріптесі болды.

Қабылданып жатқан шаралар халыққа жаңа форматта қызмет көрсетуге, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен көбірек қамтуға мүмкіндік береді. 2018 жылғы қаңтардан бастап аталған Портал барлық республика бойынша пилоттық түрде іске қосылды.

Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау шараларын іске асыру мақсатында 2017 жылы формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) әзірледі.

Жоспар негізгі үш бөліктен құралған: бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау, оларды Бағдарламаға тарту және ақпараттық жүйелердің дерекқорларын өзектендіру. Бұл ретте, Жол картасы:

- «өзін- өзі жұмыспен қамтығандар» түсінігін біркелкі қолдану;

- хабарлама беру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жеңілдетілген тіркеу жүйесін ендіру;

- салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру жүйесіне міндетті әлеуметтік жарналарды төлеу жүйесін қайта қарау;

- тіркеуге алудың әкімшілік шараларын күшейту;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты статистикалық есепке алу тәртібін қамтамасыз ету;

- мемлекеттік органдар жұмысын цифрландыру және ақпараттық жүйелерін интеграциялау;

- Бағдарламаға тарту және ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша жүйелі шараларды қарастырады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жергілікті атқарушы органдар үшін әзірленген формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту әдістемесі негізінде Бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған өңірлік ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарларын (Жол карталарын) әзірледі.

Алдағы жылға Министрліктің міндеттері:

- Бағдарламаны және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру және мониторингілеу;

- формальді емес жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

- еңбек ресурстарының ауысуын басқару.

Бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы республиканың еңбек нарығындағы жағдайға әсер етті.

Ағымдағы жылғы 4-тоқсанға жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды (4,9%), 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ға (4,2-дан 4,1- ға) төмендеді, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады.

2017 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың саны 5 522,3 мыңнан    8 541,3 мыңға азайды, бұл ретте жұмыспен қамтылған  халық құрамында жалдамалы жұмыскерлердің саны ұлғайды, олардың үлесі 74,6%-дан      75,8%-ға өсті, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 25,4-дан 24,2 %-ға азайды.

Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Оралмандарды қоныстандыру. 1991 жыл мен 2017 жыл аралығында тарихи отанына 294 350 отбасы немесе 1 025 078 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды, оның ішінде 2017 жылы – 9 989 отбасы немесе 18 605 этникалық қазақ. 

Оралмандардың көбісі (45,6%-ы) Өзбекстаннан көшіп келді, 43,6%-ы - Қытайдан, 3,2%-ы - Түркменстаннан, 2,4%-ы - Моңғолиядан, 1,8%-ы - Ресейден және 3,4%-ы - басқа елдерден келгендер.

Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы (38,4%), ОҚО (18,2%), Маңғыстау (10,8%), ШҚО (5,4%), Жамбыл (5,2%) облыстарына, Астана қаласына (6,5%)  қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар 66,4%-ды, еңбекке қабілетті жасқа толмағандар - 27,6%-ды және зейнеткерлер 6%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 13,3%-ының жоғары, 22,7%-ының арнайы орта, 55,5%-ының жалпы орта білімі бар және 8,5%-ының білімі жоқ. 

Этникалық репатриацияны ынталандыруға және еліміздің аумақтары бойынша халықтың оңтайлы қоныстануы проблемасын шешуге бағдарланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында мыналарға:

- этникалық қазақтарға қоныстанған өңіріне қарамастан 1 жыл мерзімге оралман мәртебесін беруге;

- этникалық қазақтар тұруға ықтиярхат алғаннан кейін бір жылға дейін азаматтық алу рәсімін жеңілдетуге;

- еңбек ресурстарын жұмыс күші көп өңірлерден басымды өңірлерге қайта бөлу арқылы халықтың қоныс аударуы үшін қажетті жағдайлар жасауға және ынталандыруға;

- заңнамаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударған жағдайда оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеумен этникалық қазақтардың әлеуметтік пакет алуына бағытталған шаралар қабылданды.

Үкімет оралмандарды қоныстандыру үшін жеті өңірді (Қостанай, Атырау, Ақмола, Павлодар облыстары, СҚО, ШҚО, БҚО) және қоныс аударушылар үшін төрт өңірді (Қостанай, Павлодар облыстары, СҚО, ШҚО) айқындады.

2017 жылы оралмандарды қабылдаудың өңірлік  квотасы (558 отбасы) 91,9%-ға (512 отбасы) орындалды.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген отбасыларға Бағдарлама шеңберінде: 

- көшуге - отбасының әрбір мүшесіне біржолғы төлем 35 АЕК (84 175 теңге);

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге кететін шығындарды жабу үшін отбасына 12 ай бойы 15-тен 30 АЕК-ке (36,1 бастап 72,2 мың теңгеге дейін) дейін субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Халықтың ел ішіндегі көші-қон қозғалысы ұлғайды, халықтың өңіраралық және өңірлік көші-қонының ауқымы өсті. Ішкі көші-қонға 2014-2016 жылдары шамамен 490 мың адам қатысты.

Бүгінгі күні көші-қон саясатының негізгі мақсаттарына қол жеткізілді – соңғы 10 жылда халық саны байырғы халық үлесінің басым түсуімен (66%)    2,5 млн. адамға өсіп, 18,1 млн.-ға жетті.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылы республикаға шетелдік мамандарды тартуға квотаны республикамыздың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,6% мөлшерінде белгіледі, бұл 54,4 мың бірлікті құрады (2018 жылға – 0,46%, 41 мың бірлік).

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика аумағында қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұксат саны 22,3 мың бірлік болды, оның ішінде 1-3 санаттағы жұмыскерлер – 19 мың адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1 008 адам тартылған (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттар саны 29,2 мың бірлік, оның ішінде 1-3 санаттағы мамандардың үлесі 79%).

Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 300 кәсіпорында 466,9 мың қазақстандық азамат жұмыс істеді, бұл жұмыскерлердің жалпы санының 95,2%-ын құрады.

2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер қазақстандық азаматтар үшін қосымша 13 684 жұмыс орнын ашты, кәсіптік қайта даярлаудан 1 846 жұмыскер өтті, 13 756 жергілікті жұмыскердің біліктілігі арттырылды,318 қазақстандық жұмыскер кәсіптік дайындықтан өтті және 6 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) қабылданды  (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысы).

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайын, білікті мамандардың жетіспеушілігін және кетуін, біліктілігі төмен мамандардың көптігін қоса алғанда, көші-қон саласындағы ішкі және сыртқы қазіргі және күтілетін сын-қатерлерді ескере отырып әзірленді.

            Тұжырымдама Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттары, міндеттері мен бағыттарын Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және демографиялық дамуының күтілетін перспективасымен, сыртқы саясатымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестермен және бүкіләлемдік жаһандану тенденцияларымен өзара байланыста айқындайды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерін реттейтін заңнама шетелден жоғары білікті мамандарды тарту үшін еңбек көші-қоны режимін ырықтандыру жағына қарай түбегейлі өзгеріске ұшырады

Осылайша, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік жұмыс күшін тартудың, өз бетінше жұмысқа орналасудың және корпоративішілік ауыстырудың тәртібі өзгертілді.

Қазақстан Республикасына келуші шетелдік мамандар экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер тізбесінде белгіленген кәсіптер, біліктілігі бойынша кезкелген жұмыс орнына 3 ай ішінде біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Шетелдік маман өзінің білімін, жұмыс өтілін, практикалық жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растауға мүмкіндік беретін, басқа да параметрлерін бағалайтын балдық жүйе арқылы жіберіледі.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді, оған сәйкес жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушілерге қойылатын ішкі еңбек нарығынан іздеу, шетелдік жұмыскер үшін кепіл жарнасын енгізу түріндегі талаптардың күші жойылды. Аталған талаптардың орнына жұмыс берушілер салық алымдарын төлейтін болды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 434 жұмыс берушіге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 21 642 рұқсат берді және ұзартты, жұмыс берушілер 9 млрд. теңгеден асатын мөлшерде салық алымын төледі.

Корпоративішілік ауыстыру рәсімі жалпыға бірдей қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді, енді олар квотадан тыс жүзеге асырылатын және рұқсаттар тегін негізде берілетін болды.

Кадрлардағы жергілікті қамту менеджерлер мен мамандарға қатысты алғанда 50%-ға дейін төмендетілді (ДСҰ-ға мүше елдердің міндеттемелері).

2018 жылы Министрлік Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, атап айтқанда, білікті шетелдік мамандарды және отандастар мен этникалық қазақтар арасынан шетелде тұратын мамандарды тарту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

 

2.2-мақсат. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді. Оның іске асырылуына 35 нормативтік құқықтық акті әзірленіп, бекітілді.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында белсенді түрде Еңбек кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексі нормасының ережелерін сараптамалық түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда, мұнда белсенді қатысушы ретінде әлеуметтік әріптестер болады. 

        • сайын Министрлік жұмыскерлерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту бойынша тендер өткізеді, ұтып алған ұйымдар өңірлерде оқыту семинарларын өткізеді. Бұдан басқа, жаңа Еңбек кодексінің талаптарын ескере отырып «Келіссөздер жүргізу шеберлігінің және еңбек жанжалдарындағы консенсуска жетудің дағдыларын дамыту», «Еңбек заңнамасының негіздері» тақырыптарына оқу материалдары және 8 арнайы тақырып бойынша буклеттер орыс және мемлекеттік тілдерінде әзірленді, олар өңірлерге кәсіпорындардың жұмыскерлері мен мамандарына тарату үшін жолданды.

Бұндай жұмысты сондай-ақ жер-жерлерде мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізеді.

Нәтижесінде 2017 жылы 3 мыңнан астам семинар өтті, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам семинар өткізді.

Министрлік жаңа Еңбек кодексінің негізгі ережелерін құқықтық қолдану практикасына талдау жүргізеді.

Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру жаңа Еңбек кодексінде көзделген жаңалықтардың бірі болып табылады. 2018 жылғы 1 қаңтарда республика кәсіпорындарында 12 412 осындай кеңес құрылды (2016 жыл – 11 215, 2017 жыл – 1 197).

Жұмыс берушілердің қызметін декларациялауы шеңберінде 2017 жылы 59 сенім сертификаты берілді (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы – 140). 1 752 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді, жаңа Еңбек кодексі аттестациялау өткізуге тек мамандандырылған ұйымдардың құқығын көздейді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша республикада                      1 539 өндірістік объекті аттестатталған.

Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі өңірлік және салалық кеңестер құрылуда. Оларды сотқа дейінгі тәртіпте шешу практикасын қолдану басталды, 2017 жылы медиаторлар 1 057 еңбек жанжалын (жеке және ұжымдық) қарап, шешті.

Жалпы алғанда, еңбек қатынастары саласындағы елдегі жағдай тұрақты.

Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) іске асырылуда. Жоспар шеңберінде ай сайын Еңбек қатерлері картасы жасалады, онда еңбек ұжымдарындағы шиеленіс деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер  және көрсеткіштер жүйесі айқындалған.

Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелері жөніндегі үшжақты комиссиялар (2018 жылғы 1 қаңтарда – 110 отырыс) және дағдарысқа қарсы штабтар (65) өңірлерде өз жұмысын белсенді түрде жүргізуде, отырыстарға кәсіпорындардың 926 басшысы шақырылды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 айдан астам мерзімі өткен жалақы берешегі 242 млн. теңгені құрады. Ден қою шаралары нәтижесінде 2017 жылы 3,1 млрд. теңге көлемінде берешек өтеліп, 23 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды.

Өндірістегі жазатайым оқиғалар санының тұрақты төмендеуі байқалады (2017 жылы – өндірісте 1 678 адам зардап шекті, 2016 жылы – 1 683 адам, 2015 жылы – 1 723 адам). Өндірістегі адам өлімімен аяқталатын жазатайым оқиғалардың саны бойынша да оң динамика байқалуда.

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау 2010 жылы енгізілген тәуекелдерді бағалау жүйесінің (ТБЖ) негізінде жүзеге асырылады. 2017 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 920 тексеруді жүзеге асырды, нәтижесінде еңбек заңнамасының 14,8 мың бұзушылығы анықталды. Анықталған бұзушылықтардың нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторлары заңды тұлғаларға және ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты жалпы сомасы 467,3 млн. теңгені құрайтын 2,9 мың айыппұл салды.

Әкімдіктер мен өндірістік кәсіпорындар басшылары арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауын бақылау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту жұмысы жалғасуда (2015 жылдан ақпан айынан басталған). Қазіргі таңда республика бойынша 115 мыңнан астам меморандум жасалды.

Еңбек жанжалдары санының төмендегені байқалады, мысалы, 2017 жылы – 5, 2016 жылы – 8 жағдай.

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді іске асыру 2017 жылы аяқталды, оның аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және еңбек жағдайының қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешу міндеттемелерін алған болатын. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен үшжақты комиссияның 110 отырысы өткізілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 78,0 мың кәсіпорын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 34,3%-ы қамтылды. Ірі және орта кәсіпорындар қатарында қамту көрсеткіші 93,3%-ға жетті.

Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша маңызды ынталандыру шарасы Елбасы бекіткен «Парыз» конкурсы болып табылады. 2017 жылы осы конкурс 10-рет өткізілді, ең жоғарғы марапат – Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приі «Еуразиялық топ» ЖШС-ға берілді.

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада қызметтердің 15 басым бағыты бойынша 70 кәсіптік стандарттың жобасы «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер қауымдастықтарымен бірлесіп әзірленді. Қазіргі уақытта олар пысықталып жатыр.

2017 жылы кәсіптік стандарттарды (Ұлттық біліктілік жүйесі) әзірлеу және енгізу жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (жол картасы) әзірленді.

Жол картасының негізгі міндеттері мыналар:

бірінші - кәсіптік стандарттарды әзірлеу, жаңарту және қайта қарау;

екінші - кәсіптік стандарттардың негізінде ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

үшінші - формальді емес және информальді оқытуды тану үшін дағдыларды тестілеу, кәсіптік сертификаттау орталықтарын және бағалау құралдарын пилоттық енгізуді қолдау, Ұлттық біліктілік органын құру жөніндегі тұжырымдаманы және жол картасын әзірлеу.

Жол картасын әзірлеу шеңберінде кәсіптік стандарттардың техникалық және кәсіптік оқыту деңгейінен бастап басқару деңгейімен аяқталатын барлық 8 деңгейін қамту жоспарлануда.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» бірлескен жобасы шеңберінде 480 кәсіптік стандартты қайта қарау және әзірлеу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда кәсіптік стандарттарды жаңартылған ұлттық біліктілік шеңберлеріне сәйкес терминдерді пайдалану бөлігінде әзірлеу әдістемесі жетілдірілді.

Еңбек ресурстарының статистикалық есебінің, кадрларға сұраныс болжамының және Ұлттық біліктілік жүйесін толыққанды енгізудің қажеттіліктеріне жауап беретін өзекті кәсіптер классификациясын құру мақсатында жаңа Ұлттық кәсіптер классификаторы (халықаралық ИСКО классификациясы және Сингапурлық классификатор ескеріліп) әзірленіп, бекітілді және 2018 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді.

Әлемдік экономика тұрақсыз бүгінгі жағдайда еңбек қатынастары саласында проблемалық мәселелер сақталған, республика кәсіпорындарында жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қаупі бар, еңбек жанжалдары орын алуда, сондай-ақ жалақы берешегі сақталуда.

Осыған орай Министрлік әкімдіктермен, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен бірлесе отырып, еңбек саласында тұрақсыздықты болдырмау үшін мынадай шаралар қабылдауда:

- 2018-2010 жылдарға арналған ҚР Үкіметі мен жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы жаңа Бас келісімді іске асыру;

- Еңбек кодексінде көзделген жаңа еңбекті қорғау тетіктерін енгізу арқылы әлеуметтік әріптестік тетігін күшейту (еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер; жұмыс берушілердің қызметін декларациялау);

- ескерту-профилактика мақсатында кәсіпорындарға баруды қосқанда,  еңбек қауіпсізідігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту;

- кәсіподақтардың қызметін жетілдіру;

- еңбек заңнамасын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесі бөлігінде жетілдіру (өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялаудан өткізу тәртібі; еңбек жағдайларының классификациясы; өлшеу әдістерін жетілдіру);

- жұмыскерлердің жұмыстан босатылу қаупі бар кәсіпорындардағы ахуалға осы жұмыскерлерді бұдан әрі жұмысқа орналастыру бойынша шараларды уақытында қабылдау үшін мониторинг жүргізу, ден қою шараларын қолданумен жалақы берешегіне апта сайын мониторинг жүргізу;

- ай сайын республикалық Еңбек қатерлері картасын қалыптастыру, еңбек жанжалдарының алдын алу шараларын қолдану;

-  Еңбек кодексінің негізгі ережелерін құқықтық қолдану практикасын талдау.

Сондай-ақ, Стратегиялық жоспар ДЭФ ЖБИ-дің 3 көрсеткішін құрайды, олар барлық мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларына енгізілген, оның ішінде екі көрсеткіш орындалмады: Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша ЖБИ позициясы (жоспар 28, факт – 40), Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизмі (жоспар – 45, факт – 70), Саясаткерлерге қоғамдық сенім (жоспар 29, факт – 39).

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрі                                               М. Әбілқасымова

15 ақпан, 2018 - 23:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші