check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,

жұмыссыздарды тіркеу және халықты

жұмыспен қамту орталықтары көрсететін

еңбек делдалдығын жүзеге асыру

қағидаларын бекіту туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Респубикасы Заңының 7-бабының 26-3)-тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                          М. Әбілқасымова

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

 қорғау министрінің

2018 жылғы ____ ________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және

халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

         1. Осы  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Респубикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының  26-3)-тармақшасына сәйкес  әзірленді және мынаны:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

2) жұмыссыздарды тіркеу және олардан есептен шығару;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1. халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру,  жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
    2. жұмыспен қамтудың жеке картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
    3. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің құрамындағы  автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
    4. «Жұмыс» интернет-порталы (бұдан әрі – «Жұмыс» порталы) – Enbek.kz интернет-ресурсы базасында жұмыс істейтін және азаматтарға жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге кадрларды іздеуге жәрдемдесу үшін арналған электрондық ақпараттық ресурс. Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамту орталықтарының «Жұмыс» порталындағы өзара іс-қимылы «жеке кабинетті» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі ;
    5. жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
    6. жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер – өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
    7. халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
    8. вакансия – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
    9. атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі ассистент (бұдан әрі  – АӘК жөніндегі ассистент) – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскер;
    10. жұмыс іздеушілерді профильдеу – жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негіздей отырып, жұмыс іздеушілерді санатқа (профильді топтар) бөлу құралы;
    11. жұмыс іздеуші – жұмысы және (немесе) жалақысы (кірісі) жоқ және лайықты жұмыс іздеп жүрген адам;
    12. еңбек делдалдығы – жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдесуі
    13. лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс.

 

 

2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

 

         3. Жұмысы және (немесе) жалақысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген кезде :

- тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында;

- «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

 

 

1-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды еңбек делдалдығы үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде тіркеу тәртібі

 

         4. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жұмыс іздеуші жұмыспен қамту орталығына:

1) жеке басты куәландыратын құжатты;

2) еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің жазбаша өтінішін ұсынады.

5. Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс іздеушіге жұмыспен қамту орталықтары көрсететін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпаратты ұсынады.

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіге «Жұмыс» порталының мүмкіндіктері және оны пайдалану қағидалары туралы айтуға және жұмыс іздеуші қызығушылық танытқан кезде резюмесін орналастыруды немесе порталдың көмегімен вакансия іздеуді ұсынуға тиіс.

  6. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушінің дербес деректерін «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізеді.

Жұмыспен қамтудың жеке картасының нысаны және оны жүргізу тәртібі  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы «___» _______ бұйрығымен бекітілген.

«Еңбек нарығы» ААЖ-ға жұмыс іздеушіден құжаттар қабылдаған кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыс іздеушінің дербес деректерін тексеру үшін  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өз бетінше қалыптастырады.     

Жұмыс іздеуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушінің бұрын ұсынған дербес деректері  мен мәліметтерін тексереді (нақтылайды) және ЖҚЖК-ға тиісті өзгерістерді енгізеді.

         7. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіні профильдейді және жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негіздей отырып, оның санатын (профильдік топты) айқындайды.   

Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы жұмыссыздың жұмысқа орналасу әлеуетін және оның жұмысқа орналасуға ынтасын көрсететін оның жеке мінездемесінің негізінде бағаланады.

Мыналар: жұмыс іздеушінің жасы, білім деңгейі, отбасылық жағдайы, жұмыс өтілі, ағымдағы жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы (бар болса), соттылықтың болуы, мүгедектік жұмыс іздеушінің әлеуетті жұмыссыздық ұзақтығын айқындайтын факторлар болып табылады. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушінің жұмыссыздық ұзақтығына ықпал ететін басқа да факторларды қарауы мүмкін.

Жұмыспен қамту орталығының маманы құрылымды әңгімелесу негізінде жұмыс іздеушінің жұмысқа орналасу ынтасының деңгейіне  (жұмыс іздеушінің  лайықты жұмысқа орналасу ниетінің дәрежесіне) бағалау жүргізеді.

Жұмыс іздеушілерді профильдеуді жүргізу жұмыспен қамту орталығының маманына:

1) ұзақмерзімді жұмыссыздық қатері жоғары жұмыс іздеушілерді анықтауға;

2) жұмысқа орналасу әлеуеті жоғары жұмыс іздеушілер үшін жұмыс іздеу кезеңін қысқартуға;

3) ынтасы нашарлау және кәсіптік сұранысы төмен жұмыс іздеушілер үшін кешенді шараларды айқындауға;

4) жұмыс іздеушілер үшін еңбек делдалдығын көрсету және (немесе) оларды еңбек нарығында бейімдеу бойынша жұмыстың анағұрлым тиімді нысандары мен әдістерін айқындауға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіге  профильдеу жүргізу және оның нәтижелері туралы хабарламайды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да профильдеу нысанын жұмыс іздеуші ЖҚЖК толтырған кезде ұсынған дербес деректердің негізінде әрбір жұмыс іздеуші үшін толтырады.

Алынған ақпарат негізінде жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіні «Еңбек нарығы» ААЖ-да тиісті санатқа (профильдік топқа) қосуға тиіс.

Профильдеу нәтижелері бойынша жұмыс іздеушілердің мынадай санаттары белгіленеді:

бірінші санат – жұмысқа орналасуға әлеуеті және ынтасы жоғары жұмыс іздеушілер. Жұмыс іздеушілердің бұл санаты үшін жұмыссыздықтың күтілетін ұзақтығы бір айдан аспайды;

екінші санат – жұмысқа орналасуға деген ынтасы жеткілікті жоғары, бірақ кәсіптік сұранысы  шектеулі не кәсіптік сұранысы жоғары және  жұмысқа орналасу ықыласының деңгейі орташа, төмендеп бара жатқан жұмыс іздеушілер. Жұмыс іздеушілердің бұл санаты үшін жұмыссыздықтың күтілетін ұзақтығы алты айдан аспайды;

үшінші санат – жұмысқа орналасу әлеуеті жоғары емес және жұмысқа орналасу ынтасының деңгейі төмен жұмыс іздеушілер. Жұмыс іздеушілердің бұл санаты үшін жұмыссыздықтың күтілетін ұзақтығы алты айдан асады.

         8. Жұмыспен қамту орталығының маманы «Жұмыс» порталында дербес деректерді (жұмыс іздеушінің резюмесін) жинауға, өңдеуге және орналастыруға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеушінің келісімін алуға тиіс.  

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіге оның резюмесін «Жұмыс» порталында орналастыру оған еңбек делдалдығын көрсету мүмкіндігін барынша кеңейтетінін түсіндіруге тиіс.

Егер жұмыс іздеуші «Жұмыс» порталында дербес деректерді (резюмені) орналастыруға келісімін білдірсе, онда жұмыспен қамту орталығының маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да тиісті белгі қояды және «Жұмыс» порталында жұмыс іздеуші үшін автоматты түрде «жеке кабинет» құрылады.

Жұмыс іздеушінің «Жұмыс» порталында дербес деректерін орналастырудан бас тартуға құқығы бар.

         9. Егер жұмыс іздеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, онда жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіні жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін оның жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар екені туралы хабардар етеді.

         10. Жұмыспен қамту орталығының маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды.

 

 

2-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды ауылдық округ әкімдігіне еңбек делдалдығы үшін жүгінген кезде тіркеу тәртібі

 

         11. Ауылдық елді мекенде тұратын жұмыс іздеуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкімдігіне АӘК жөніндегі ассистентке жүгіне алады. АӘК жөніндегі ассистент  жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде алдын ала  тіркеуді жүргізеді.

         12. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жұмыс іздеуші АӘК жөніндегі ассистентке осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

         13. АӘК жөніндегі ассистент «Еңбек нарығы» ААЖ-да ЖҚЖК-ға жұмыс іздеушінің дербес деректерін енгізеді. «Еңбек нарығы» ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда АӘК жөніндегі ассистент жұмыссыздың ЖҚЖК-сын электрондық не қағаз түрінде толтырады.

         14. АӘК жөніндегі ассистент осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жұмыс іздеушіге профильдеу жүргізеді және жұмыс іздеуші үшін профильдеу нысанын толтырады.

         15. Егер жұмыс іздеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, онда АӘК жөніндегі ассистент жұмыс іздеушіні жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін оның жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар екені туралы хабардар етеді.

         16. АӘК жөніндегі ассистент жұмыс іздеп жүрген адамға алдын ала тіркеу жүргізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жұмыспен қамту орталығына:

1) жұмыс іздеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2) жұмыс іздеушінің жұмыспен қамтудың жеке картасын;

3) жұмыс берушіні профильдеу нысанын;

4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Жұмыс» порталында дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді жібереді.

         17. Жұмыспен қамту орталығының маманы АӘК жөніндегі ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс іздеушінің дербес деректерін «Еңбек нарығы» ААЖ-ға енгізеді және жұмыс іздеушіні     жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды.

         18. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген күннен бастап жұмыс іздеушіге АӘК жөніндегі ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы  тіркеу күні туралы  хабарлайды.

 

3-тарау. Жұмыссыздарды тіркеу тәртібі

 

1-параграф. Жұмыссыздарды тіркеу

 

         19. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдайды.

Егер осы уақыт ішінде жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналастырылмаса, жұмыспен қамту орталығы екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Қағидалардың  4-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды.

20. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті орган жұмыс іздеп жүрген адамның дербес деректерін «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде тексеруді жүзеге асырады.

Жұмыспен қамту орталығынан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті орган жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдағы уәкілетті адам «Еңбек нарығы» ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жұмыссызды тіркеу туралы шешімге қол қояды.

21. Жұмыссыз адам ретінде:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетін жұмысы бар;

         3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған адамдар тіркелмейді.

22. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тірелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарландырады.

         23. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар келу тәртібін, шарттарын және мерзімдерін немесе жұмыспен қамту орталығының хабарландыруларын сақтауға міндетті.

         24. Жұмыссыз ретінде тіркелген адам жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығы өтеусіз негізде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама береді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкері «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыссыздың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелуі туралы ақпаратты тексереді және анықтаманы баспа құрылғысына шығарады. Анықтамаға жұмыспен қамту орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың қолдану мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

 

2-параграф. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу

          25. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген жағдайда жұмыспен қамту орталығының маманы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссызға жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу үшін жұмыспен қамту орталығына келу күнін айқындайды және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы хабарлайды.

         26. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыссыз үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.

         Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары (бұдан әрі – ЖОЖЖ) – бұл жұмыссыз бен жұмыспен қамту орталығы үшін белгілі уақыт кезеңіне арналған жоспар, онда жұмыссызға тұрақты жұмыс табуға және сақтауға көмектесу үшін жұмыссыз бен жұмыспен қамту орталығы қабылдайтын іс-шаралар көрсетіледі.

         27. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында жұмыссыз жұмыспен қамту орталығына жүгінуінің мақсатын  жазуға тиіс. Мақсат жұмыссыздың тұрақты жұмысқа орналасуына қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссызға мақсатты айқындауға көмектесуге тиіс. Мақсат анық, қолжетімді, нақты және уақыты шектелген болуға тиіс.

         Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыздың жұмысты табу және сақтау үшін орындалуға тиіс қажетті іс-шараларды әзірлейді.

         ЖОЖЖ іс-шараларын жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыз үшін осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес профильдеу жүргізген кезде айқындалған санатқа байланысты оған жеке әзірлейді.    

Жұмыссыздардың әрбір санаты үшін жұмыспен қамту орталығы белгілі бір іс-шаралар тізбесін әзірлейді.

Бірінші санатқа жататын жұмыссыздар үшін жұмыспен қамту орталығының қызметкері мынадай іс-шараларды айқындайды:

1) жұмыспен қамту орталығының вакансиялардың болуы туралы хабарлауы;

2) жұмыссыздардың жұмыс берушілермен әңгімелесуге баруы;

3) жұмыссыздың кәсіпкерлік белсенділігін қолдау.

Екінші және үшінші санатта жататын жұмыссыздар үшін жұмыспен қамту орталығының қызметкері бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін ұсынылатын іс-шаралардан басқа, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жататын іс-шараларды айқындайды. Жұмыс іздеушілердің осы санаты үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлану немесе жастар практикасынан өту немесе әлеуметтік жұмыс орындары немесе қоғамдық жұмыстар ұсынылуы мүмкін.

         28. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жұмыспен қамту орталығының маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да  жасайды.

Толтырылған жұмысқа орналастырудың жеке картасы баспа құрылғысына шығарылады және жұмыссыз бен жоспарды әзірлеген жұмыспен қамту орталығының маманы қол қояды.    

Егер ЖОЖЖ-ның барлық бөлімдері мен жолдары толтырылмаса, жұмыспен қамту орталығының маманы оған қол қоя алмайды.

Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының бір данасы жұмыссызға беріледі, ал бір данасы жұмыспен қамту орталығының маманында қалады.

29. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында көрсетілген іс-шараларды орындауға және мерзімдерді сақтауға міндетті.

         30. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына:

         1) тұрғылықты жерін ауыстыруды;

         2) тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

         3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;

         4) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

         5) мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;

         6) зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

         31. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеген жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізеді.

4-тарау. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына ұсынған вакансияларды тіркеу тәртібі

         32. Жұмыс берушілерден вакансияларды жинау үшін жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығын дамыту болжамдары, аудан (қала) экономикасының құрылымы және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде жұмыс орындарын көптеп құруды қамтамасыз ететін динамикалы дамып келе жатқан салалар туралы ақпарат негізінде  жұмыс берушілермен ынтымақтастықты белгілейді.

         33. Жұмыспен қамту орталығы  жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс берушілер туралы актуалды ақпаратты тұрақты түрде жинайды.

         34. Жұмыс берушілерді әріптестікке тарту үшін жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен топтық кездесулер жүргізеді және жұмыспен қамту орталығында да, сол сияқты жұмыс берушілердің базасында да жұмыс берушілер үшін жеке консультацияларды жүзеге асырады.

         35. Заңға сәйкес жұмыс беруші вакансиялар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жағдайлары мен еңбекақысын көрсете отырып, олардың бар екені туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Жұмыс» порталы арқылы жолдауға міндетті.

         36. Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушіден вакансиялар бар екені туралы мәліметтерді жазбаша түрде алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде вакансияны «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркейді.

«Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының маманы вакансиялар туралы мынадай ақпаратты енгізуге тиіс: кәсіп (лауазым), еңбек жағдайлары, жұмысқа орналастыру өңірі, жұмыс іздеушінің біліктілігіне қойылатын талаптар, вакансиялардың жұмыспен қамту орталығында тіркелу күні, талап етілетін білім деңгейі, кәсіптік деңгей, кәсіпті нақтылау, жұмыс іздеушіге талап етілетін жұмыс өтілі, лауазымдық міндеттер, жалақы деңгейі,  стажировкалардың болуы және вакансия туралы қосымша мәліметтер.

Жұмыспен қамту орталығының маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да қалыптастырған вакансиялар туралы мәліметтер еркін қол жеткізу үшін  «Жұмыс» порталында орналастырылады.

37. Вакансиялардың болуы туралы мәліметтерді «Жұмыс» порталы арқылы жолдаған кезде жұмыс берушілер осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген вакансия туралы ақпаратты порталда «жеке кабинетте» орналастырады.

Жұмыс беруші «Жұмыс» порталында қалыптастырған вакансиялар туралы мәліметтер автоматты түрде «Еңбек нарығы» ААЖ-да орналасады.

2-параграф. Вакансияларға кандидаттар таңдау және оларды жұмыс берушілерге жіберу

38. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдеседі.

         39. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушіні жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауға жәрдемдеседі немесе оны жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына немесе жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында көрсетілген басқа да шараларға жібереді.

          Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы  № 516 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

         40. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Жұмыс» порталы арқылы жіберген вакансияларға кандидаттар таңдауды жүргізеді. 

Жұмыспен қамту орталығы вакансияларға кандидаттарды «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыспен қамту орталығы тіркеген  жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және «Жұмыс» порталында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.

Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркелген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар үшін вакансиялар таңдауды қамтамасыз етеді.

             41. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлық және біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып,  сондай-ақ  жұмыс беруші вакансияларды тіркеу кезінде кандидаттар үшін белгілеген басқа да талаптар мен шарттарға сәйкес вакансияларға кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

             42. Лайықты жұмыс болған кезде  жұмыспен қамту орталығының қызметкері ол туралы жұмыс іздеп жүрген адамды немесе жұмыссызды:  

1) ол жұмыспен қамту орталығына өзі барған кезде ;

2) «жеке кабинет»-тен «Жұмыс» порталы арқылы;

3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.

Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ауылдық елді мекенде тұрса, жұмыспен қамту орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға АӘК жөніндегі ассистент арқылы хабарлай алады.

         43. Жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыстың бар екені туралы ұсынысты алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жеке өзі баруға немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабарлауға тиіс.

Ауылдық елді мекенде тұратын жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз үш жұмыс күні ішінде кенттің (ауылдың, ауылдық округтің) әкіміне немесе АӘК жөніндегі ассистентке ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабарлай алады.

         44. Кандидаттар мәлімделген вакансияларға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және жұмыс жағдайы кандидаттарға сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері іріктелген кандидаттардың деректерін (резюмесін) жұмыс берушіге:

1) «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы. Кандидаттардың деректері (резюмесі) «Жұмыс» порталында жұмыс берушінің «жеке кабинетінде» көрінеді;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.

45. жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмыспен қамту орталығы хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күні жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге тиіс.

46. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастыру үшін жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жазбаша немесе «Жұмыс» порталы арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

Жұмыс берушіден  бес жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру болмаса, ұсынылған кандидатты жұмысқа қабылдаудан бас тарқан деп есептеледі. 

         47. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастырғанын растаған жағдайда тиісті вакансия «Жұмыс» порталынан және «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жойылады.

5-тарау. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссызды есептен шығару 

         48. Жұмыспен қамту орталығы мынадай жағдайларда:

1) егер жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш вариантынан бас тартқан болса;

 2) егер жұмыссыз дәлелсіз себептермен:

жұмыспен қамту орталығы хабарлама берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына;

шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына келмесе;

3) егер жұмыссыз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетімен тоқтатса;

4) егер жұмыссыз дәлелсіз себептермен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жұмыспен қамту орталығына бару немесе хабарлау мерзімін бұзса;

5) егер жұмыссыз заңды күшіне енген соттың шешімі бойынша бостандығынан айыру не мәжбүрлі емдеуге жіберу түрінде жазаға тартылған болса;

6) осы Қағидалардың 30-тармағында көзделгендер;

7) егер жұмыссыз көрінеу жалған немесе жасанды құжаттар ұсынған жағдайларда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жұмыссыз туралы ақпарат ұсынады.

         49. Жұмыспен қамту орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген ақпаратты жолдайды.

50. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыссыздың жұмыспен қамтудың жеке картасында жұмыссызды есептен шығару туралы белгі қояды.

         51. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыссызды есептен шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны осы туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етеді.

 

 

 

 Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды

тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары

көрсететін еңбек делдалдығын

жүзеге асыру қағидаларына

1-қосымша

 

 Нысан

 

 Дербес деректерді жинақтауға және өңдеуге келісім

 

20___жылғы «____»______________

 

 Төменге қол қоя отырып, осымен «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсына (www.enbek.kz) орналастыру үшін менің дербес деректерімді (Т. А. Ә., жынысы, жасы, әлеуметтік статусы, білімі, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, қалалық және мобильдік телефондардың контактілік нөмірлері,  тұратын өңірі, бар болса электрондық почтасы) жинақтауға және өңдеуге өз келісімімді растаймын.  Келісім толық көлемде, қандай да бір ескертпелер мен қарсылықсыз осы өтінішке қол қоюмен ұсынылады.

 

 

 ________________________________________                          _________________________    

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық                                      (қолы)

 

 

 Идентификация жеке басты куәландыратын құжаттың оригиналы бойынша жүргізілді, бұл келісімге менің қатысуыммен қол қойылды.

 

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу

және халықты жұмыспен қамту орталықтары

көрсететін еңбек делдалдығын

жүзеге асыру қағидаларына

2-қосымша

 Нысан

 

____________________________________________________________

 қаланың, республикалық мәні бар қаланың, астананың, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының атауы

 

 ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

1.  ЖҰМЫССЫЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

 Жұмыссыз

 

                                                                                    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық                                     

Жұмыссыз ретінде тіркеу күні

 

 Мақсаты

 

 Білімі

 

 Мамандығы (кәсібі)

 

 

 

2.  ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

 

 Іс-шаралар

 Аяқталу күні

 Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу

 

  •  кәсіп таңдау және жұмыс орны бойынша консультация беру, кәсіптік бағдарлау тестісінен өту
  • Еңбек нарығының ахуалы, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту мүмкіндігі туралы ақпараттандыру

 

Еңбек делдалдығы жөніндегі іс-шаралар

  •  жұмыспен қамту орталығының дерекқорында бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) болуы туралы ақпараттандыру
  •  жұмыс іздеушінің Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) арқылы жұмыс іздестіруі

-  жұмыс іздеушінің жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаң арқылы жұмыс іздестіруі

- жұмыс берушілермен әңгімелесуге бару

 

 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары

  •  кәсіптік оқуға қатысу (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру)
  • әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс
  • жастар практикасынан өту
  • кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу
  • қоғамдық жұмыстарға қатысу

 

Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету

  •  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын жұмыссыздарға жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер
  • атаулы әлеуметтік көмек көрсету

 

Жұмыс іздестіру дағдыларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

  •   белсенді жұмыс іздеу, жұмыс берушімен интервьюден өту және т.б. негіздеріне оқыту курстарына бару

 

 

 

3.   ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ ГРАФИГІ

 

1.

 [Күні]

[іс-шаралар немесе іс-әрекет]

2.

 [Күні]

[іс-шаралар немесе іс-әрекет]

 [Күні]

[іс-шаралар немесе іс-әрекет]

 

 Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 20 ..... жылғы  «…»………  қолданылады

 

 

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

 

 

 (Жұмыссыз адамның ТАӘ)

(ТАӘ)

 

                   

 

 

 

(қолы)

(қолы)

 

 

 

Контакті үшін телефон:

Мобильді телефон:

 

Электрондық почта:

 

20..… жылғы «….»……………

 

20..… жылғы «….»…………

         

 

Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына қосымша

 

Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын толтыру жөнінде ұсынымдар

 

Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыспен қамту орталығының маманы құрастырады.

«Жұмыссыз туралы ақпарат» бөлімі жұмыссыз туралы дербес мәліметтерді қамтиды.

«Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты», «Білімі», «Мамандығы (кәсібі)», «Мобильді телефон» деген жолдар жұмыссыздың жұмыспен қамтудың жеке картасынан автоматты түрде толтырылады.

«Мақсаты» деген жол жұмыссыздың жұмыспен қамту орталығына жүгіну мақсаты туралы өзінің ұсынған ақпаратының негізінде толтырылады.

«Еңбек нарығы» ААЖ-дан «Жұмыссыз ретінде тіркелген күні» деген жолда жұмыссыз халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген күні автоматты түрде көрсетіледі.

«Іс-әрекет жоспары» деген бөлімде жұмыссызға жұмыспен қамту орталығы оған жұмыс табу мақсатында көрсететін іс-шаралар тізбесі келтіріледі.

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыспен қамту орталығы белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыссызға көрсететін шараны іс-шаралар тізбесінен таңдайды.

«Аяқталу күні» деген жолда жұмыспен қамту орталығының маманы таңдалған іс-шараның аяқталған күнін көрсетіледі.

Мысалы, егер жұмыссызға «Жастар практикасынан өту» іс-шарасы тағайындалатын болса, «Аяқталу күні» деген жолда жастар практикасының аяқталу мерзімі (жастар практикасы басталған күнінен бастап 6 айдан аспайды) көрсетіледі. Бұл ретте, егер нақты іс-шараның аяқталу мерзімін көрсету мүмкін болмаса, жұмыспен қамту орталығының маманы болжамды күнді көрсете алады. Мысалы, егер жұмыссыз жастар практикасын 2018 жылғы қазанда аяқтайтын болса, «Аяқталу күні» деген жолда «31.10.2018ж.» деп көрсетуге болады.

«Жұмыспен қамту орталығымен өзара іс-әрекет графигі» деген бөлімде жұмыссыздың жұмыспен қамту орталығымен байланысуы үшін жасайтын оперативтік сипаттағы іс-шаралары қамтылады.

«Күні» деген жолда жұмыссыз аталған іс-шараны орындауға тиісті күні көрсетіледі.

Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары жұмыссыздың санатына қарамастан бір айдан бір жылға дейінгі мерзіммен әзірленеді. Жұмыспен қамту орталығының маманы «Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары ...........дейін қолданылады» деген жолда жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының қолданысының аяқталу күнін көрсетеді.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары

көрсететін еңбек делдалдығын

жүзеге асыру қағидаларына

3-қосымша

 

 

 Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама

 

________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының          14-бабына сәйкес 20___ жылғы «___» ____________ бастап жұмыссыз ретінде тіркелгені жөнінде беріледі

____________________________________________________________________

халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 

берілген күні: 20___ жылғы «___» __________

 

анықтаманың қолдану мерзімі 20___ жылғы «___» __________ қоса алғанда.

Орталықтың директоры ____________________________________________

                                                                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

                             _____________________________________________

                                                                  қолы
 

 

М.О.

ТіркемеМөлшер
Package icon pravila_registracii.zip83.65 KB
Бөлімдер:
9 сәуір, 2018 - 09:24 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші