check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" бұйрығы

Халықты жұмыспен қамту саласында

бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін

қызметтерге тарифтерді және олардың

шекті деңгейін қалыптастыру

әдістемесін бекіту туралы

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7-бабының 16-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                             М. Әбілқасымова

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы __  ________

№ __ бұйрығымен

бекітілген

 

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді және олардың шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7-бабының 16-1)-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге тарифті қалыптастыру тәртібін және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
  2. Тарифтер бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлері бойынша айқындалады:
  1. Жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарын (бос жұмыс лауазымдарын) тіркеу;
  2. Еңбек әріптестігі және тұрақты жұмыс іздейтін адамдарды (жұмыссыздарды) жұмысқа орналастыру;
  3. жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
  4. қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастыру;
  5. жұмыс іздейтін адамдарды тіркеу, оның ішінде консультациялық қызметтер көрсету;
  6. жұмыссыздарды тіркеу;
  7. мекенжайлық әлеуметтік көмек ұсынуды ұйымдастыру;
  8. ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу;
  9. кредит (микрокредит) алу туралы консультация.
  1. Осы Әдістемеде мынадай түсініктер қолданылады:
    1. халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;
    2. жұмыспен қамту саласында қызмет көрсету тарифі (бұдан әрі – тариф) – жұмыспен қамту саласындағы қызметтің бір бірлігінің есеп айырысу құны;
    3. жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
    4. халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    5. тапсырыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсететуге шарт жасайтын және оның шығыстарын бюджеттік қаражат есебінен өтейтін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган местный орган;
    6.  «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің құрамындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйе, ол жұмысқа орналасудағы дәнекерлік көрсету, мониторинг және есептілікті қылаптастыру, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен бірігу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған;
    7.  «Работа» интернет – порталы (бұдан әрі – «Работа» порталы) – электронный информационный ресурс, который функционирует на базе Enbek.kz интернет-ресурсы базасында қызмет ететін электрондық ақпараттық ресурс және азаматтарға жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге кадрларды іздеуге жәрдемдесу үшін арналған. Жұмыс берушілердің, ізденушілердің жұмыспен қамту орталықтарының «Работа» порталында өзара іс-қимылы «жеке кабинетті» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі;
    8. Бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
    9. Еңбек делдалдығы – жұмыс берушілерге тиісті маманды таңдауға, ал жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарға тиісті жұмыс іздеуге көмек көрсету;
    10. ізденуші – жұмысы және (немесе) еңббекақысы (табысы) жоқ және тиісті жұмыс іздеп жүрген адам;
    11. уақытша жұмыс орны – әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар.

2-тарау. Тарифтерді және бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтің шекті деңгейін қалыптастыру

  1. Бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтер халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге байланысты тікелей шығыстардан және жанама шығыстардан тұрады.
  2. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:

халықты жұмыспен қамту орталығының персоналының еңбегіне ақы төлеуге шығыстар;

еңбек ақы қорының аударымдары.

  1.  Жанама шығыстарға мыналар жатады:

қорлар сатып алу;

коммуналдық қызметтерді төлеу;

байланыс қызметін төлеу;

көлік қызметін төлеу;

үй-жайды жалға алуға жұмсалатын шығыстар;

өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлеу.

қорлар сатып алуға жұмсалатын шығыстар шаруашылық материалдар, кеңсе керек-жарақтары, қосымша бөлшектер, құрылыс материалдары мен өзге де қорларды қамтиды.

Коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстар ыстық, суық суларға, канализацияға, электр қуатына, жылу қуатына төлемдерді қамтиды.

Байланыс қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар телефондар, қалааралық байланыстар, пошта-телеграфтық шығыстарға, факс, электрондық пошта, интернет және өзге де байланыс түрлеріне абоненттік төлемді қамтиды.

  1. Бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды және бекітеді.

Параграф 1. Тарифтерді және бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтің шекті деңгейін есептеу

  1. Тарифтің шығыстарын есептеу есептілік жылға (жылдарға) жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыруға арналған шығыстарды талдаудың және орташаландырудың негізінде, мынадай әдістер бойынша жүзеге асырылады:

1) қызметтерді көрсету сапасына қойылатын талаптарды орындау кезінде жұмыспен қамту саласында қызмет бірлігін орындауға ең аз шығын көлемі бар жұмыспен қамту орталықтары (жұмыспен қамту орталығының барынша тиімді әдісі);

2) есептілік жылға (жылдарға) жұмыспен қамту орталықтары бойынша қызмет бірлігін көрсетуге шығындардың медиандық маңыздағы көлемінің негізінде.[1]

Тарифті есептеу кезінде тұтынушылық баға индексінің тиісті қаржылық жылға болжамы ескеріледі.

  1. Жұмыспен қамту саласында бір қызмет көрсетуге тарифті есептеу қызмет көрсету стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

         Тарифтердің мәні халықты жұмыспен қамту саласындағы әрбір қызмет бойынша айқындалады.

  1. Бір қызмет көрсетуге тарифті есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Тбаз_i = Рот_i + Рк_i, ондағы:

Рот_i i-қызметін көрсететін жұмыспен қамту орталығының персоналына төлемдерге аударымдарды қосып, еңбекке ақы төлеу шығыстарының орта есеп сомасы;

Рк_iбір қызмет есебіне жұмыспен қамту орталығының жанама шығыстарының орта есеп сомасы.

  1. Расходы на оплату труда с начислениями на выплаты персонала, оказывающего i-қызметін көрсететін еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай формула бойынша есептеледі:

Рот_i =ån Nin´ Rin, где

Nin - n-жұмысшы i-қызметін көрсетуге жұмсалатын жұмыс уақытының норма мағынасы;

Rin - i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмысшының еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосып, уақытша (сағат, күн, ай, жыл) еңбек төлемінің көлемі (айлықты (лауазымдық айлықты), еңбекақы мөлшерлемесін, өтемақылық сипаттағы төлемдерді ескеріп).

i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмысшының еңбегіне ақы төлеу бойынша төлемдерге аударымдарды қосып, уақытша (сағат, күн, ай, жыл) еңбек төлемінің көлемі еңбек төлемдерінің жылдық қорынан және көрсетілген жұмысшының есептілік кезеңіне арналған жұмыс уақытының жылдық қорынан келе айқындалады.

Еңбек төлемдерінің жылдық қоры және i-қызметін көрсетумен байланысты n-жұмысшы уақытының жылдық қоры осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес айқындалады.

  1. i-қызметін көрсетуге арналған жанама шығыстар осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген шығыс сомасы ретінде есептеледі.

Жанама шығыстардың жылдық көлемі осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес айқындалады.

i-қызметін көрсетуге арналған жанама шығыстарды бөлу n-жұмысшы i-қызметін көрсетуге жұмсалатын жұмыс уақытының нормасына тепе-тең түрде жүзеге асырылады.

3-тарау. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызметтер шығындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарына  бюджеттік қаражат есебінен өтеу

  1. Тапсырыс беруші және халықты жұмыспен қамту орталығы тиісті қаржылық жылға халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге шарт жасайды.

Шарт оған тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркелуі тиіс.

  1. Тапсырыс беруші халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге жасалған шарт шеңберінде оның сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын көлемде аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.
  2. Көрсетілген қызметтер шығындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарына  бюджеттік қаражат есебінен өтеуді тізбе бойынша осы Әдістеменің 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде, тиісті қаржылық жылға міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
  3. Халықты жұмыспен қамту саласында қызмет көрсетуге жасалған шарт бойынша шығындарды өтеудің есептілік кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.
  4. Шығындарды өтеу осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес қалыптасатын жұмыспен қамту саласындағы тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
  5. Тапсырыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығы көрсеткен халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің саны бойынша  «Еңбек нарығы» ААЖ-ге мәліметтерді есептеуді жүзеге асырады.
  6. Жұмыспен қамту орталығы есептіліктен кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмейтін мерзімде көрсетілген қызметтердің түрі тұрғысынан осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтерге шот-тізілімді құрады және электрондық түрде тапсырыс берушіге жібереді.

Тапсырыс беруші жұмыспен қамту орталығы ұсынған ақпараттың негізінде бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-ге енгізілген мәліметтері бар деректерді салыстырады.

  1. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің түрі тұрғысынан осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтердің актісін 2 данада жасайды, олардың әрбіреуіне тапсырыс берушінің және жұмыспен қамту орталығының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

Көрсетілген қызметтердің актісін бір данасы жұмыспен қамту орталығына беріледі.

  1. Қол қойылған көрсетілген қызмет актілерінің негізінде ақы төлеуді тапсырыс беруші есептілік кезеңнен кейін (желтоқсан – 25 дейін) күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей, осыдан бұрын төленген аванс көлемін ұстап қалуды және қызмет көрсетуге шартта көзделген мерзімдерді ескере отырып, ақшалай қаражатты жұмыспен қамту орталығының есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырады.
  2. Жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту саласында қызмет көрсету туралы деректерді бойынша  «Еңбек нарығы» ААЖ-ге енгізуді және растауды күн сайын жүзеге асырады.

көрсетілген қызметке төлемді тапсырыс беруші, «Еңбек нарығы» ААЖ-де қызмет көрсетуге шарт бойынша міндеттерді орындау туралы белгі бар болған жағдайда жүзеге асырады.

Параграф 1. «Жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарын (лауазымдарын) тіркеу» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

- өңірдің халықты жұмыспен қамту жағдайын бағалауды және дамуын болжауды жүзеге асырады;

- жұмыс берушіден бос орынды «Еңбек нарығы» ААЖ-ге тұрақты жұмыс орнына тіркейді;

- мониторинг және бос орын есебін жүргізеді.

  1. Егер жұмыс беруші бос орынды «Работа» порталы арқылы өз бетінше тікесе, қызмет жұмыспен қамту орталығымен көрсетілген болып саналмайды.

Параграф 2. «Еңбек делдалдығы және тұрақты жұмыс іздеп жүрген адамдарды (жұмыссыздарды) жұмысқа орналастыру» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) өңірдің халықты жұмыспен қамту жағдайын бағалауды және дамуын болжауды жүзеге асырады;

2) «Еңбек нарығы» ААЖ-де тіркелген жұмыс іздеушілерге (жұмыссыздарды) және «Работа» порталында тіркелген адамдарға, жұмыс берушілердің ізденуші кандидаттарына қойылатын талаптарын ескеріп, бос орындарға іріктеу жүргізеді;

3) жұмыс іздеушіні «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы жұмыс берушіге сұхбаттасуға жібереді;

4) жұмыс іздеушілердің (жұмыссыздарды) және «Работа» порталында тіркелген адамдардың жұмысқа орналасқан күнін «Еңбек нарығы» ААЖ-де тіркейді;

5) міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсуіне мониторинг жүргізеді.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу «Еңбек нарығы» ААЖ-де тіркелген жұмыс іздеушілердің (жұмыссыздарды) және «Работа» порталында тіркелген адамдардың жұмысқа орналасу фактісін растаумен аванстық төлемді ескеріп, жүзеге асырылады.

Жұмыс іздеушілердің (жұмыссыздардың) жұмысқа орналасу фактісі еңбек кітапшасының бар болуымен немесе жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы шешімімен расталады.

  1. Тапсырыс беруші «Еңбек нарығы» ААЖ-де азаматты жұмысқа қабылдаған жұмыс берушіден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмысқа орналасқан адамның шотына міндетті зейнетақы жарналарының түсуіне мониторинг жүргізеді.

Егер жұмыс беруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмысқа орналасқан адамның шотына міндетті зейнетақы жарналарын қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде аудармаса, онда жұмыспен қамту орталығы осыдан бұрын төленген қаражатты аванстық төлемді ескермей қайтарып алуды жүзеге асырады.

Параграф 3. «Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына орналастыру» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыссызға уақытша жұмыс орындары туралы консультация ұсынады;

2) жұмыс берушімен уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарт жасайды;

3) жұмыссызға уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама береді;

4) «Еңбек нарығы» ААЖ-де жеке жұмыспен қамту картасына жұмыссыздың уақытша жұмыс орындарына орналасуы туралы мәліметті енгізеді;

5) «Еңбек нарығы» ААЖ-де жеке жұмыспен қамту картасына жұмыссыздың жұмысының аяқталуы туралы мәліметті енгізеді.

6) мониторинг жүргізеді және уақытша жұмыс орындары бойынша есептілік ұсынады.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу мынадай жолмен жүзеге асырылады:

1) жұмысқа орналасу фактісінің расталуы кезінде қызметке тарифтің 30 (отыз) пайызы;

2) шарт бойынша міндеттерді орындауға арналған қалған сома аванстық төлемдерді ескере отырып.

  1. Жұмыссыздың жұмысқа орналасу фактісі еңбек кітапшасының бар болуымен немесе жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы шешімімен расталады.
  2. Егер жұмыссыз адам уақытша жұмыс орнында еңбек қызметін тоқтатса, онда көрсетілген қызметке төленетін ақы оның жұмыспен қамтылуының нақты уақытына жүзеге асырылады.

Параграф 4. «Қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастыру» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) өңірдің халықты жұмыспен қамту жағдайын бағалауды және дамуын болжауды жүзеге асырады;

2) қысқа мерзімді кәсіби оқыту жүргізу үшін кәсіптердің тізбесін қалыптастырады және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияға бекітуге жібереді;

3) жұмыс іздейтін адамға (жұмыссызға) қысқа мерзімді кәсіби оқыту туралы консультация ұсынады;

4) қысқа мерзімді кәсіби оқытуға үміткерлерді іріктейді;

5) құжаттарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері жөніндегі өңірлік (қалалық) комиссияға жолдайды;

6) жұмыс іздейтін адамды (жұмыссызды) білім беру ұйымына оқуға жібереді;

7) мониторинг жүргізеді және қысқа мерзімді кәсіби оқыту бойынша мониторинг жүргізеді.

8) жұмыс іздейтін адамның (жұмыссыздың) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды аяқтау фактісін «Еңбек нарығы» ААЖ-ге тіркейді.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу жұмыс іздеуші адамның (жұмыссыздың) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды аяқтағаннан кейін аванстық төлемді ескеріп, жүзеге асырылады.

Жұмыс іздеуші адамның (жұмыссыздың) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды аяқтау фактісі оқу мекемесінің оқуды аяқтау туралы куәлігін немесе сертификатын алу арқылы расталады.

  1. Егер жұмыс іздейтін адам (жұмыссыз) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды тоқтатса, көрсетілген қызметке төленетін ақыны тапсырыс беруші нақты оқу уақытына жүзеге асырады.

Параграф 5. «Жұмыс іздейтін адамдарды тіркеу» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыс іздеушіні еңбек нарығының жағдайы туралы ақпараттандырады;

2) жұмыс іздеушіден құжаттар қабылдайды;

3) «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс іздеушінің жеке жұмыспен қамту картасын толтырады;

4) жұмыс іздеушіні «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыс іздейтін адам ретінде тіркейді;

5) әлеуметтік кәсіптік бағдар бойынша қызметтер көрсетеді;

6) жұмыс іздейтін адамға тиісті жұмыс таңдауға жәрдемдеседі.

7) жұмыс іздейтін адамдардың мониторингін жүргізеді.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу жұмыс іздеуші адамның «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркелуінен кейін, аванс төлемін ескеріп жүзеге асырады.

Параграф 6. «Жұмыссыздарды тіркеу» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін:

1) жұмыспен қамту орталығы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды тапсырыс берушіге жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау үшін жолдайды;

2) тапсырыс беруші жұмыс іздейтін адамды жұмыссыз ретінде туркеу туралы шешім қабылдайды;

3) жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздейтін адамның жұмыссыз ретінде тіркелу күні туралы хабарлайды;

4) жұмыспен қамту орталығы жұмыстан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді белгілеуге қажет құжаттарды қабылдайды және оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жолдайды;

5) «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жеке жұмысқа орналасу жоспарын құрады;

6) жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз және жұмыспен қамту орталығы қол қоятын жеке жұмысқа орналасу жоспарын жұмыссызға ұсынады;

7) жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік кәсіптік бағдар бойынша қызметтер көрсетеді;

8) жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздардың мониторингін жүргізеді;

9) жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жеке жұмысқа орналасу жоспарын орындаудың мониторингін жүргізеді;

10) жұмыссыздарға тиісті жұмыс таңдауға жәрдемдеседі.

Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу аванс төлемін ескеріп:

1) тапсырыс беруші жұмыс іздейтін адамды жұмыссыз ретінде туркеу туралы шешім қабылдағаннан кейін;

2) тапсырыс беруші «Еңбек нарығы» ААЖ-да жеке жұмысқа орналасу жоспарының бар болуын және оны дұрыс толтыруды тексергеннен кейін жүзеге асырылады.

Параграф 7. «Мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) адамға (отбасына) мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеу туралы консультация ұсынады;

2) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына және мекенжайлық әлеуметтік көмек көлеміне алдын ала есептеу жүргізеді;

3) адамнан (отбасынан) мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеуге өтінім мен құжаттарды қабылдайды;

4) адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік комиссияға құжаттар жолдайды және қорытындыны дайындайды;

5) мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеу туралы шешімнің электрондың жобасын дайындайды және тапсырыс берушіге жолдайды;

6) шартталған ақшалай көмекті белгілеген кезде әлеуметтік келісімшарт жасайды;

7) адамға (отбасына) мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеу туралы хабарлайды;

8) әлеуметтік келісімшартты орындау мониторингін жүргізеді.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу аванс төлемін ескеріп, тапсырыс берушінің мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеу туралы шешімін қабылдаудан кейін жүзеге асырылады.
  2. Тапсырыс беруші мекенжайлық әлеуметтік көмекті белгілеуден бас тартса адамға (отбасыға) шығыстарды өтеу жүргізілмейді.

Параграф 8. «Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін:

1) өңірдің жұмыспен қамту орталығы қоныс аударушымен әлеуметтік келісімшарт жасайды;

2) өңірдің жұмыспен қамту орталығы қоныс аударушыға көшуге субсидиялар ұсынады және қонысты жалдау және коммуналдық қызметтердің төлеміне жұмсалған шығыстарды өтейді;

3) өңірдің жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшарт шарттарының орындалуын бақылайды.

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу өңірдің жұмыспен қамту орталығының аванс төлемін ескеріп жүзеге асырылады.

Параграф 9. «Кредит (микрокредит) алу туралы консультация» көрсетілген қызметіне жұмсалған шығындарды халықты жұмыспен қамту орталығына бюджеттік қаражат есебінен өтеу тәртібі

  1. Көрсетілген қызметке жұмсалған шығыстарды өтеу үшін жұмыспен қамту орталығы:

1) жүгінген адамды «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркейді;

2) жүгінген адамға кредит (микрокредит) алуға консультация ұсынады;

3) жүгінген адамға кредит (микрокредит) алу үшін екінші деңгейлі банктерге (микроқаржылық ұйымдар, кредиттік серіктестер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) жолдама береді.

  1. жұмыспен қамту орталығы жүгінген адамға «Еңбек нарығы» ААЖ-да кредит (микрокредит) алу үшін екінші деңгейлі банктерге (микроқаржылық ұйымдар, кредиттік серіктестер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) жолдаманы қалыптастырады.

4-тарау. Жұмыспен қамту орталықтары бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында көрсететін қызметтерді мониторингтеу және бақылау

 Тапсырыс беруші жұмыспен қамту орталықтары бюджеттік қаражат есебінен жұмыспен қамту саласында көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг және бақылау жүргізеді.

  1. Жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттерді орындау мониторингі көрсетілген қызметтердің жасалған шарттардың шарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
  2. Көрсететін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі:

1) ақпараттық жүйеден деректердің талдамасы;

2) қызмет тұтынушыларының сауалнамасы;

3) жұмыспен қамту орталықтарына бару арқылы жүзеге асырылады.

  1. Көрсететін қызметтердің сапасына қанағаттанушылықты бағалау қызмет тұтынушыларының сауалнамасы арқылы жүзеге асады.

 

Тарифтерді және бюджеттік қаражат есебінен

халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін

қызметтерге тарифтің шекті деңгейін қалыптастыру

әдістемесіне 1-қосымша

Нысан

Бюджеттік қаражат есебінен халықты жұмыспен қамту саласында

 көрсетілген қызметтердің

шот - тізілімі

 

20 ___ жылғы«___»_________№_______

 

20 ___ жылғы «___» _______бастап 20 ___ жылғы «___» _______ дейінгі кезең

 

20 ___ жылғы «___» _________№ _____ шарты бойынша

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы: _________________________________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның атауы: _________________________________________________________________

Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы: _________________________________________________________________

 

1. Қызмет түрі_______________________________________________________

 

 

Қызмет бағасы

Төлеуге жарамды қызмет саны

Төлеуге ұсынылды (теңге)

 

 

 

Барлығы

Х

 

 

 

 

2. Қызмет түрі_______________________________________________________

 

 

Қызмет бағасы

Төлеуге жарамды қызмет саны

Төлеуге ұсынылды (теңге)

 

 

 

Барлығы

Х

 

 

 

 

 

Барлығы төлеуге:________________________________теңге
Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы
____________________________________ /______________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/қолы)
(
қағаз тасымалдаушыдағы шот-тізілім үшін)

Халықты жұмыспен қамту орталығының бас бухгалтері:
_________________________________ /________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/қолы)
(
қағаз тасымалдаушыдағы шот-тізілім үшін)

Мөр орны (бар болған кезде/қағаз тасымалдаушыдағы шот-тізілім үшін)

 

Күні 20___ жылғы «_____»_________

Осы шот-тізілімге халықты жұмыспен қамту орталығы көрсеткен қызметтердің тізілімі қоса беріледі

 

 

Бюджеттік қаражат есебінен халықты

жұмыспен қамту саласында көрсетілген

қызметтерге шот-тізілімге

қосымша

 

нысан

Жұмыспен қамту орталығы көрсеткен қызметтердің тізілімі
кезең: 20___ жылғы «___» _______ бастап 20___ жылғы «___» _______ дейін

20 ___ жылғы «___»_________ №_______шот тізілімге

 

Қызмет түрі – Жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарын (лауазымдарын) тіркеу

 

р/б №

Жұмыс беруші

БСН

Бос жұмыс орындарының саны

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ

Х

 

 

Қызмет түрі – Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына орналастыру

а) уақытша жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған жұмыссыздар бойынша

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Жұмыссыз ретінде тіркелген күні

Шарттың нөмірі және күні

Уақытша жұмыс орнында жұмысты аяқтау күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) уақытша жұмыс орындарында жұмысын уақытынан бұрын аяқтаған жұмыссыздар бойынша

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Жұмыссыз ретінде тіркелген күні

Шарттың нөмірі және күні

Уақытша жұмыс орнында жұмысты тоқтатқан күні

Жұмыссыздың уақытша жұмыс орнында жұмыспен қамтылған кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Еңбек делдалдығы және тұрақты жұмыс іздеп жүрген адамдарды (жұмыссыздарды) жұмысқа орналастыру

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Жұмысқа орналасу күні

МЗА* түскен күн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*) МЗА міндетті зейнетақы аударымдары

 

Қызмет түрі – Қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастыру

а) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды аяқтаған жұмыс іздейтін адамдар (жұмыссыздар) бойынша

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Оқытуға енгізілген күн

Оқыту аяқталған күн

Оқыту мерзімі, ай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б) қысқа мерзімді кәсіби оқытуды уақытынан бұрын аяқтаған жұмыс іздейтін адамдар (жұмыссыздар) бойынша

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Оқытуға енгізілген күн

Оқытуды уақытынан бұрын аяқталған күн

Оқыту мерзімі, ай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Жұмыс іздейтін адамдарды тіркеу

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Тіркеу күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Жұмыссыздарды тіркеу

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

Жұмыссыз ретінде тіркелген күні

Жеке жұмысқа орналасу жоспарын әзірлеу күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру

 

р/б №

Отбасының тіркелу нөмірі

Мекенжайлық әлеуметтік көмек белгіленген күн

Әлеуметтік келісімшарттың нөмірі және күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу

 

р/б №

Отбасы,отбасы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

Субсидиялар белгілеу туралы бұйрықтың нөмір және күні

Әлеуметтік келісімшарттың нөмірі және күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет түрі – Кредит (микрокредит) алу туралы консультация

 

р/б №

Тегі, аты, әкесінің аты

ЖСН

МҚҰ-ға жолдама беру күні (КС, ЕДБ, «АШҚҚҚ» АҚ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет

қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді

және олардың шекті деңгейін қалыптастыру әдістемесіне

2-қосымша

 

Нысан

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызметтер актісі

 

 

20 ___ жылғы «___» _________№_______  

20 ___ жылғы «___» _________ бастап 20 ___ жылғы «___» _________ дейінгі кезең

20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы___________________________

Шарт бойынша жалпы сома _______________________________________теңге, оның ішінде:

төленген аванстың жаплы сомасы _________________________________теңге

көрсетілген қызметтің жалпы бағасы _____________________________теңге

 

р/б

Қызметтің атауы

Тарифтің бағасы

Төлеуге ұсынылды

Төлеуге қабылданды

Қызмет саны

Сома, теңге

Қызмет саны

Сома, теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ

Х

 

 

 

 

 

Барлығы төлеуге қабылданды: _____________ теңге, оның ішінде:

удержанная сумма: ________________теңге.

 

Тапсырыс берушінің шешімі бойынша: ___________ теңге, оның ішінде:

төлемдер: _____________ теңге,

шегеру: _____________ теңге.

 

Осыдан бұрын төленген авансты ұстап қалу сомасы____________ теңге.

Барлығы аударуға саналған: _____________ теңге.

 

Тапсырыс беруші:____________________________

(тапсырыс берушінің атауы)

Мекенжайы:___________________________

БСН: _______________________________

ЖСН: ________________________

БСК: _______________________________

(бенефициардың атауы)

Код: ___________________________

КБЕ:_____________________ _____

Басшы:_____________/__________

(ТАӘ/қолы) (қағаз тасымалдаушыдағы акт үшін)

 

Мөр орны (қағаз тасымалдаушыдағы акт үшін)

 

Халықты жұмыспен қамту орталығы:______________________________

(атауы)

Мекенжайы:______________________________

БСН:_______________________________

ЖСН:_______________________________

БСК:_______________________________

Банк атауы:_________________________________

КБЕ:_______________________________

Басшы:____________________/_______

(ТАӘ/қолы) (қағаз тасымалдаушыдағы акт үшін)

 

Мөр орны (қағаз тасымалдаушыдағы акт үшін)

 

 

[1] Әрбір қызмет түріне бір әдіс таңдала алады

ТіркемеМөлшер
Package icon tarif.zip100.83 KB
Бөлімдер:
9 сәуір, 2018 - 09:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші