A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және ҚР Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 2015 ж. 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2016 ж. 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Паспорт (негізгі параметрлер)» деген 1-бөлімде 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қаржыландыру көздері және көлемі

1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 60 729 599 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;
2) жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат:
2017 – 45 038 436 мың теңге;
2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

                                                                                                                    »;

 «2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:» деген кіші бөлімде:

Мынадай мазмұндардағы 53) тармақпен толықтырылсын:

«53) якорлық коопреация –.»; 

«4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.3 Міндеттер» деген кіші бөлімде:

«4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген тармақта:

 «Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№ Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Кәсіпкерлік негіздерін оқудан өткен адамдардың саны

мың адам

15

30

30

30

30

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2

Бизнестерін ашқан және кеңейткен қатысушылардың саны, оның ішінде өткен жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен қатысушылардың есебінен

%

20

80

83

87

90

 

                                                                                                                      »;

 «Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№ Р/с

Көрсеткіш атауы

 

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ауылда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есептері

3300

11000

11000

11000

3900

 АШМ, ЖАО

2

Ауылда берілген кепілдіктердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есептері

252

290

320

346

373

АШМ, ЖАО, «ҚазАгроКепіл» АҚ (келісім бойынша)

3

Ауылдағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі

%

ЖАО есептері

50

90

100

100

100

АШМ, ЖАО

                                                                                                                         »;

«Қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 5-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«

№ Р/с

Көрсеткіш атауы

 

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Қалада берілген кредиттердің/микрокредиттердің көлемі, оның ішінде:
жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
республикалық бюджет қаражаты есебінен

млн. теңге

10000
7000
3000

16000
7000
9000

15000
12000
3000

15000
12000
3000

15000
12000
3000

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

2

Қалада берілген кредиттер/микрокредиттер саны

бірлік

2500

3000

3750

3750

3750

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» " қоры

3

Қалалардағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі

%

20 %

90%

100%

100%

100%

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қоры

4

Қалаларда берілген кепілдіктердің саны

бірлік

500

500

750

750

750

ҰЭМ, ЖАО, «Даму» КДҚ» қо

»;

 «5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімде:

 «5.2.1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген тармақта:

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігінде:

1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын:

«1) оқуға үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне жүгінеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ арықылы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың нысаналы топқа жататынын тексеріп,  үміткерлердің тізімін ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді.

ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалы ұсынылған тізімге сәйкес жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады;

3) оқуға үміткерлер өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына қатысуға өтінішпен жүгінеді және тізбесі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;»;

 «5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

 «Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиттер/микрокредиттер:

1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру үшін ұсынылады. »;

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиттер/микрокредиттер ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін дамыту үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.»;

мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Қаржы агенттігі жұмыскерлердің орташа жылдық өсімінің серпінін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлердің орташа жылдық өсімінің серпінін  есептеу кезінде есепті күн келесі қаржы жылының бсаы болып табылады.»;

жиырма екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты қамтамасыз етусіз беріледі;

2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – «Даму» КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;

5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.»;

жиырма төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

Ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 1,5 мың АЕК-ке дейін, якорлық кооперацияны дамыту үшін – 4 мың АЕК-ке дейін;

Қалаларла, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) – 2,5 мың АЕК-ке дейін;»;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. «Бастау Бизнес2 жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген кіші бөлімде «Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«

2)

Бизнес ашқан және/немесе кеңейткен қатысушылардың үлесі

%

 

 

ҰКП, ЖАО

20

90

100

100

100

 

 

 

                                                                                                              »;

 «2-міндет. Ауылда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру» деген кіші бөлімде «Нәтижелер көрсеткіштері:» деген бөлімнің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияларда жазылсын:

«

1)

Ауылда берілген кредиттердің/микрокредиттердің саны

бірлік

АШМ, ЖАО

3300

11 000

11 000

11 000

11 000

2)

Қалаларда берілген кредиттердің/микрокредиттердің саны

бірлік

ҰЭМ, ЖАО; «Даму» КДҚ» АҚ

2500

3000

3750

3750

3750

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Package icon pprk.zip159.88 KB
Бөлімдер:
11 маусым, 2018 - 11:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші