A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 - 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының2017 - 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығын іске асыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған
тұжырымдамасы;
2) Көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ
мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жылына бір рет, есептi жылдан кейiнгi қаңтар айының 15-күнiнен кешіктірмей
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың
іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептi
жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                       Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
PDF icon koncepciya_gos.pdf148.62 KB
Бөлімдер:
3 мамыр, 2018 - 12:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші