A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе)
ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен
шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28
ақпандағы № 75 бұйрығы.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының
2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық
жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен
шарттарында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі
немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жыл;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес
ұзартумен он екі ай;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі
мерзімге беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек,
әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ
және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін
мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
            қорғау министрі                                                                                  М. Әбілқасымова

ТіркемеМөлшер
PDF icon 559_gos.pdf57.17 KB
Бөлімдер:
3 мамыр, 2018 - 12:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші