A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны
белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу
қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика
салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы
органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін
адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 189 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу
және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту,
корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары
талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016
жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416
-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары,
сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды
тұлғалардың бірінші басшылары мен оның орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер.";
мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
"19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары
бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшылары
лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтіндер.
20. Ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа
тартылатындар.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.

                 Қазақстан Республикасының
                        Премьер-Министрі                                                           Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
PDF icon 802_gos.pdf48.99 KB
Бөлімдер:
3 мамыр, 2018 - 13:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші