check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ҰСЫНЫМДАРЫ

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код»  болып саналады.

Іскерлік стиль – кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл тігінді таңдауға – түстерге, пішімге, сол сияқты аксессуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиіс – формасы, сызығы және силуэт. Киім қызметкердің іскерлік сапасынан назарды бұрмауы қажет.

Іскерлік стильдің басты қағидалары:

-  минималдық;

-  бөлінбеушілік шеберлігі;

-  іскерлік ахуалдың кез келген жерінде үйлесімді көріне білуі – жұмыс уақытында офисте, конференц-залдағы байсалды келіссөздерде және т.б.

Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық, мұнтаздық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Киімдер көлем бойынша ерекшеленуі мүмкін, яғни іс-қимылға кедергі жасамауы тиіс, сондай-ақ байсалды көрінуі қажет. Жыл мезгілдеріне байланысты киімдер  байсалдылық пен сырбаздық талаптарын  сақтай отырып түсі мен тігіні әр түрлі болуы мүмкін.

Киімдердің түстері классикалық стильге сәйкес келуі тиіс, тым ашық шұбар түсті киімді қолдануға болмайды. Костюм мен көйлекке сәйкес келетін түстер - ашық немесе қоңыр түстер. Киімге үш негізгі түстен көп түсті бірдей қолдану ұсынылмайды.

Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болуына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе жағажай стильдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық киімді киюге жол берілмейді. 

Қысқы мезгілдерде ауыстырмалы аяқ киімдерді қолдану ұсынылады.

Мемлекеттік қызметшінің аяқ киімі барлық уақытта да таза жүретін классикалық стильдегі туфли  (әшекейсіз)  болғаны дұрыс.

Іскерлік стиль шалбар мен пиджактан тұратын немесе белдемше мен пиджактан тұратын костюмды, пиджак, жилетка, шалбар немесе  белдемшеден тұратын тройка костюмды шамалайды.

Классикалық гардеробтың сұрыптамасы әр түрлі. Әйелдің киіміне пальто, көйлек, жакет, кардиган, жилет, белдемше мен шалбар, сондай-ақ нымшалар жатады. Ерлер киімінің ассортиментіне көйлек, классикалық стильдегі шалбар, пиджак, жилет, костюм және т.б. жатады.  Осы заттардың барлығының үйлесімділігі жан-жақты, алайда, классикалық стильге апару үшін әр затқа ерекше талаптар қойылады.

Мемлекеттік қызметшілерге – әйелдерге іш кимідері көрінетін ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пішінін тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.

Іскерлік классикалық үлгідегі киімдерге қарапайым және шынайылыққа жақын макияждар сәйкес келеді, ол назар салмауы және көзге түспеуі тиіс. Еріндік далаптан шынайылыққа жақын түстері сәйкес келеді және тым ашық түстілерге жол берілмейді. Іскерлік стильдегі маникюрлерге кез келген түстер сәйкес келеді, ең бастысы түрі тым ашық немесе көзге түсетіндей болмауы тиіс, шаш түстері табиғи түске жақын болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша аз аксесуарларды қалайды және киімнің қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұрады.

 

Сонымен қатар, аталған талаптар ұсыным ретінде жасалған және соңғы шешімді мемлекеттік қызметшінің өзі Әдеп кодексінің талаптарына сай қабылдауы тиіс.

 

 

3 мамыр, 2018 - 16:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші