A A A
Мазмұнына өту

You are here

Базалық зейнетақы тағайындау жөнінде

Сұрақ тақырыбы: 

Cәлеметсіз бе, Мадина Абылкасымова . Менің сізге базалық зейнетақы тағайындау жөнінде қояр сұрағым бар.    Әкем, Қаумбеков Ж.С. зейнеткерлікке 1997 жылдың мамыр айында ІІБ-нен шыққан. Онда жалпы еңбек өтілімі 31 жыл болды. 1998 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың маусым айына дейін азаматтық мекемеде жұмыс істеді. осы жылдар бойы ай сайын зейнетақы қорына жарналар аударылып тұрды және де әлеуметтік салымдар ұсталып тұрды. Ол жөнінде анықтамалары бар және де еңбек кітапшасында жазылған.

СҰРАҚ: Базалық зейнетақы есептегенде 33 жылға жетпей тұрған 2 жыл осы кейінгі еңбегінен қосыла ма?

Ол кісі ІІБ-дегі зейнеткерлер бөліміне барып еді, олар бізгге ешқандай нұсқау болған жоқ деп, халыққа қызмет көрсету орталығынан ай сайынғы аударылған зейнеткерлік жарнама жөніндегі анықтаманы және еңбек кітапшасындағы еңбек өтілімді алуды бас тартқан.  

Сонда жалпы еңбек өтілмі 50 жылдан артық бола тұра, базалық зейнетақысы толық есептелмей ме?

Соңғы 13 жыл еңбегі экологиялық ауданда еңбек еткеннен кейін 19,5 жылға есептеліп отыр.

Осыған жауап беруіңізді өтінем.

Жауап: 

Гульмира Жанатқызы!

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемді тағайындау тәртібі өзгертіледі.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын адамдар үшін базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде белгіленетін болады, базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 %-ға ұлғаяды және қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, ең төмен күнкөріс деңгейінде белгіленеді.
Сол себептен, қазіргі зейнеткерлер үшін зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.
Бұл еңбек өтілі көп болса да, төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, зейнетақы мөлшерін арттыру зейнетақы ісіндегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Қайта есептеу қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырылады, яғни зейнеткерлерге ешқайда бару керек емес, себебі еңбек өтілі туралы ақпарат зейнетақы істерінде, ал міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мерзімі – міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер базасынан алынады.
Сонымен, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі қайта есептелгеннен кейін сұрақтар туындаса түсініктемелер алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорациясына немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаментіне өтініш беруіңізге болады.

Сұрақтың нөмірі: 349431
16 мамыр, 2018 - 09:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші