A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

Жоба

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

 

1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі

Заң жобасы Мемлекет басшысының:

- «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған сапалы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қамсыздандырудың әділ жүйесін қамтамасыз етуге;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берген кірісті есепке алу, салық төлеу және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысу жөніндегі мәселелерді нақты түрде пысықтауға қатысты тапсырмаларын орындау үшін әзірленді.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.          Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады.» деп атап өткен болатын.

Тәуелсіздік жылдары жұмыспен қамтылған халықтың саны 7,7 млн. адамнан 8,6 млн. адамға дейін көбейді. Мемлекет тарапынан қабылданған проактивті шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі 1999 жылғы 13,5%-дан 2017 жылы 4,9%-ға дейін төмендеді.

Алайда өзін-өзі жұмыспен қамту (24%) мен формальды емес жұмыспен қамтылудың (16%) ауқымы, еңбек ресурстарының қазіргі сапасы жаңа сапалы жұмыс орындарын құру, халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және түрлі халық топтарының өз бетінше және формальды емес жұмыспен қамтылу себептерін ескере отырып мемлекеттің қолдау көрсетуі үшін орта қалыптастыруды жалғастыру қажет екенін көрсетеді.

Осыған байланысты, Үкімет Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі                                                    2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) (бұдан әрі – Жоспар)  бекітті, онда өз бетінше және формальды емес жұмыспен қамтылу мәселелерін жүйелі түрде шешу көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына және Жол картасына сәйкес Заң жобасы мынадай мәселелерді шешуге бағытталған:

Бірінші. Бүгінгі таңда елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 2,1 миллион адамды құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 70%-ы немесе 1,5 млн. адам заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген ресми кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Олар салық төлеуші болып табылады, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың айтарлықтай саны сондай-ақ жеке практикамен айналысады немесе өз кәсіпорындарының қызметінен табыс алатын коммерциялық заңды тұлғалардың құрылтайшылары болып табылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қалған 30%-ының ішінен 217 мың азамат немесе 10%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарымен айналысады, отбасылық кәсіпорындардың, кооперативтердің жұмыскерлері болып табылады және тіркелмеген дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамада жұмыспен қамтылған халықтың нақты классификациясы жоқ, бұл мемлекет тарапынан оларға деген мақсатты тәсіл мүмкіндіктерін шектейді.

«Жұмыспен қамтылған адамдар» анықтамасы да жоқ, ал «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» ретінде табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақысы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар айқындалған.

Осылайша, бар «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» анықтамасы тұжырымдамалық болып табылмайды, тек Халықаралық еңбек ұйымының статистикалық классификациясына сәйкес ішкі санаттарды санамалайды.

Осыған орай, Заң жобасында мыналар ұсынылады:

Біріншіден, тұжырымдамалық сипаты болатын «жұмыспен қамтылған адам» және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» анықтамаларын енгізу.

Екіншіден, нақты санаттарды бөліп көрсетіп, жұмыспен қамтылған халықтың анық классификациясын енгізу, бұл мемлекеттік қолдау шараларының орындылығы мен оларға қажеттілікті айқындауға мүмкіндік береді.

Екінші. Ресми статистика деректеріне сәйкес еліміздің экономикасында формальды емес жұмыспен қамтылғандардың саны 2017 жылы шамамен 1,4 млн. адамды құрады.

Формальды емес қызмет өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға ғана емес, жұмыспен қамтылған халықтың басқа да санаттарына, бірінші кезекте – еңбек шарттарын және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды ресми түрде ресімдемей еңбек ететін жалдамалы жұмыскерлерге де тән.

Адамдардың аталған санатында өздерінің кәсіпкерлік қызметін тіркеуге стимулдар жоқ, бұл қазіргі кезде қолданылатын салық және құқықтық режимдер шектеулерінің нәтижесі болып табылады. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде 6 салық режимінің ішінен біреуін қолдану мүмкіндігі болады: жалпы белгіленген, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жеңілдетілген декларациялауға, патентке, бірыңғай жер салығын төлеуге негізделген және белгіленген шегерім қолданылатын арнаулы салық режимі.

Барлық режимдерде тіркелу, есептілік/декларация тапсыру, әлеуметтік төлемдерді бөлек төлеу қажет. Тиісінше, жоғары қаржылай жүктеме, салық органдарда тіркеу мен есептен шығару рәсімдерінің күрделілігі, төлеу жүйелерінің көп болуы, әкімшілендіру мен есептілік ұсынудың күрделілігі тіркелу үшін кедергілер болып табылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Заңының жобасында арнаулы салық режимін – бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) енгізу ұсынылады.

БЖТ жалақы алу және (немесе) кіріс табу мақсатында қызметті жүзеге асыратын және:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке тұлғалар үшін жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін;

3) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылығының өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін тек жеке тұлғаларға өткізетін.

Бұл ретте БЖТ:

1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын), оның ішінде меншік (жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару) құқығындағы сауда объектілерін қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;

2) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) мүлікті жалға (мүліктің жалдауға) беретін жеке тұлғаларға;

3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қызметті автоматты түрде тіркеуді, ал төлемді тоқтату жағдайында – қызметтің тоқтатыла тұруын білдіреді. Бұл режим тіркеу мен салық есептілігін ұсынуды көздемейді.

БЖТ-ға жеке табыс салығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарнасы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарна кіретін болады.

БЖТ төлеушілер үшін ағымдағы режимге қарағанда көрсетілген төлемдер бойынша төменірек мөлшерлемелер айқындалады.

Аталған шара жоғарыда көрсетілген жеке тұлғалардың қызметін формализациялау, олардың медициналық және әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуы үшін стимул береді, сондай-ақ тіркеу, төлеу және әкімшілендіру процестерін жеңілдетеді. 

Үшінші. Заңнамада жұмыспен қамтылған халықтың нақты классификациясының болмауы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарындағы төлеушілер санаттарында қайшылықтардың туындауына әкеп соқтырды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдар мәселелерін реттеу қосымша ұсынылады.

Бұдан басқа, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдармен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылармен, бала тууға және оны бір жасқа дейін күтуге байланысты жұмыс істемей жәрдемақы алушылармен, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушылармен  толықтырып, жарналарын мемлекет төлейтін адамдар санатын нақтылау ұсынылады.

Сонымен қатар Заң жобасында БЖТ төлеушілер жарналарды медициналық көмекке жүгіну сәтінің алдындағы үш ай үшін төлеген жағдайда олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы көзделеді.

Төртінші. Жалдамалы жұмыскерлер арасындағы формальды емес жұмыспен қамтылудың ауқымымен салыстырғанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасындағы формальды емес жұмыспен қамтылудың аз ауқымын ескергенде, жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бірінші кезекте еңбек қатынастарымен тікелей байланысты.

Соңғы екі жылда мемлекеттік еңбек инспекторлары құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында жұмыскерлерді еңбек шарттарын жасамай жалдаған жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген бұзушылық фактілерін анықтаған.

Формальды емес еңбек қатынастарының болуы теріс салдарлар кешеніне әкеп соғатынын атап өткен жөн:

  1. еңбек шарттарының болмауы әлеуметтік қатерлердің туындауын және еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы кепілдіктерді айырудан көрінетін жұмыскерлер құқықтарының бұзылуын көбейтеді;
  2. жоғалған еңбек кітапшаларын қалпына келтіру кезінде болатын қиындықтар, бұл ресурстарды қосымша шығындауға әкеп соғады.

Осы бағытта еңбек шарттарын электрондық жүйелеуді енгізу мен оларды «еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде» шоғырландыру оңтайлы шешім болып көрінеді.

Осыған орай, Заң жобасымен еңбек шарттары мен еңбек кітапшаларын есепке алуды (оларды толтыруды) автоматтандыру және мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы үшін арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді білдіретін «еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ұғымы енгізіледі, бұл еңбек шартын электрондық нысанда жасауға мүмкіндік береді.

 Еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін іске асыру үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін, атап айтқанда:

- еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін;

- еңбек шартын  еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібін, электрондық құжат арқылы еңбек шартын толтыру нысанын;

- еңбек кітапшаларын, оның ішінде еңбектің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізу және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша құзыретін көздеу қажет.

Бұдан басқа, Заң жобасында:

- жұмыс берушінің еңбек шартының тіркелгені, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның тоқтатылуы, сондай-ақ жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу үшін қажетті басқа да мәліметтер және еңбекті есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен еңбек шарттарын тіркеу бойынша міндет туралы хабарламаны еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен алу құқығын бекіту;

- жұмыскердің өз еңбек шартының тіркелгені, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ өзінің еңбек қызметі туралы басқа мәліметтер туралы хабарламаны еңбектің бірыңғай ақпараттық жүйесінен алу құқығын бекіту ұсынылады.

Жұмыскердің еңбек қызметі туралы барлық деректері (бұрынғы жұмыс орындары туралы мәліметтер) еңбекті есепке алудың бірыңғай жүйесінде жинақталады, басқа мемлекеттік органдармен онлайн режимде деректермен алмасу мүмкіндігі бар.

Көрсетілген шаралар:

1) қолданыстағы еңбек заңнамасында көзделген жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыруға және жүйелеуге мүмкіндік береді;

2) жұмыскердің еңбек өтілін, біліктілігін, жұмыс орнын растау рәсімін жеңілдетуге;

3) деректердің сақталуын қамтамасыз етуге және еңбек өтілін, жұмыс орнын және біліктілігін қоса алғанда, жұмыскерлер туралы дәйекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бесінші. Жұмыспен қамту жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту бойынша қолданыстағы нормаларды ескере отырып осындай комиссия ұғымын, оның функцияларын және қалыптастырылу тәртібін заңнамалық деңгейде айқындау ұсынылады.

«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларына, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студентермен жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларын жұмыссыз ретінде тіркеуге қатысты нақтылаушы түзетулер енгізіледі.

 

3. Заң жобасын қабылдау мақсаты

Формальды емес жұмыспен қамтылған халыққа өз қызметін заңдастыруға және бірыңғай жиынтық төлемді төлеу есебінен зейнетақы, әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды мүшесіне айналуға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды енгізу жолымен оларды формализациялау мен ел экономикасына тарту мақсатында әзірленді.

 

4. Заң жобасының реттеу нысанасы

Әлеуметтік-еңбек саласында туындайтын қоғамдық қатынастар Заң жобасының реттеу нысанасы болып табылады.

 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы екі баптап тұрады.

1-бап:

2 Кодекске:

  1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне;
  2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне.

4 Заңға:

  1.  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру  туралы»  2003  жылғы 25  сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына;

6) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы         16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына 

  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын айқындайды.

2-бап Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.

 

6. Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту саласындағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша Заңның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды және коллизияларды болдырмау мақсатында алып тасталатын және редакциялық өзгеретін нормалар анықталды.

 

7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін жетілдіруге бағытталған және формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және ел экономикасына тарту саласындағы қоғамдық қатынастарды барынша тиімді реттеуге әкеледі.

Ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

 

8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді.

 

9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелуі

Регламенттелмейді.

 

10. Қаралып отырған мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің болуы

Салық салу саласындағы халықаралық тәжірибе.

Оңтүстік Американың кейбір елдерінде қолданылатын Бірыңғай салық – «Монотакс» өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жекелеген санаттарын формализациялау мақсатында олар үшін салық және әлеуметтік төлемдерді тіркеу және төлеудің жеңілдетілген шарттарын көздейтін бірыңғай төлемінің үлгісі болып табылады. Әртүрлі айырмашылықтармен салық Аргентинада, Бразилияда, Уругвайда, Колумбияда ойдағыдай қолданылуда.

Аргентинада «Монотакс»-ты енгізгеннен бастап 1998 жылдан                        2009 жылдар кезеңінде шағын және орта бизнестің формализацияланған субъектілерінің саны 642 мыңнан 2 миллион адамға дейін 3 есе өскен.

Бразилияда 2010 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылғы шілде аралығындағы кезеңде 1.4 миллионнан артық  микрокәсіпкерлер тіркелген.

Уругвайда 2004 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылмаған жұмыс істейтін адамдардың саны  15 %-ға төмендеген.

«Монотакс» микро және шағын кәсіпорындарды формализациялау үшін, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты әлеуметтік қамсыздандырумен қамтуды кеңейту үшін өзін тиімді құрал ретінде көрсетті. «Монотакс» режимімен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалдамалы жұмыскерлер секілді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларға құқығы бар.

Халықаралық практикаға сәйкес «Монотакс» режимдерінің жалпы сипаттамасы:

- формальды емес жұмыспен қамтылуға қарсы күреске бағытталған салық салудың жеңілдетілген схемасы;

- режимге жалдамалы жұмыскері жоқ дара кәсіпкерлер, не отбасылық кәсіпорындар (әріптестердің ең көп саны – 3 адам) кіреді;

- салықтар және әлеуметтік жарналары бір жарнаға топтастырылған.

«Монотакс» мөлшері төлеушілерді фискалды ынталандыру  мақсатында жалпыға ортақ белгіленген режимдер бойынша салық және әлеуметтік аударымдардың жалпы деңгейінен төмен болады.

Салық салынатын табыс болжамды болып табылады; әртүрлі бекітілген төлем табысқа, жұмыспен қамту саласына және т.б. байланысты салық төлеушілердің әртүрлі санаттарына қолданылады.

Жұмыспен қамтуды формализациялау жөніндегі халықаралық тәжірибе.

Шет елдердің заңнамалық практикасында, әдеттегідей, жұмыспен қамтылған халық және оған кіретін жекелеген санаттардың ұғымына (тектік белгілері бойынша) тұжырымдамалық анықтамалар берілген. Өзара еңбек және өзге де қызметті формальды бекіту тәсілдерімен ерекшеленетін (табыс табу мақсатындағы еңбек қатынастары, азаматтық-құқықтық қатынастар, кәсіпкерлік қызмет және басқалары) жұмыспен қамтылған халық санатының толық және жан-жақты тізбесі ұсынылған.

Бұдан басқа, Еңбек статистиктері Халықаралық конференциясының                     20-қарарының жобасында жұмыспен қамтылған халықты екі түрлі критерий негізінде өкілеттіктер типі бойынша тәуелсіз және тәуелді жұмыскерлерге классификациялаудың екі тәсіліне көшу көзделеді.

Көрсетілген модель Халықаралық Еңбек ұйымының «Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы» 1964 жылғы № 122 Конвенциясында, «Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы» 1948 жылғы № 88 Конвенциясында баяндалған  негіз құрайтын қағидаттарына, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көбісінде пайдаланылатын жұмыспен қамту модельдеріне сәйкес келеді.

 

11. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылай шығындар

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқтырмайды.

ТіркемеМөлшер
Package icon koncept.zip62.28 KB
Бөлімдер:
5 мамыр, 2018 - 17:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші