check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қолжетімді орта» (Доступная среда) жобасы - ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Әлеуметтік жобаның авторы: 
«IZET» қоғамдық қоры - Умбетаев Шыңғыс Амантайұлы
Жобаның өңірлерде іске асырылған кезеңі: 
Дүйсенбі, маусым 1, 2015 to Дүйсенбі, қараша 2, 2015
Жобаның әлеуметтік маңыздылығы: 
«Қолжетімді орта» жобасының әлеуметтік маңыздылығы зор. Қоғам мүмкіндігі шектеулі жандарға тең дәрежеде назар аудара бастады. Олардың осы жоба басталғаннан бері, қажетті мекемелерден еш қысылмай өз қызметтерін алуға мүмкіндік туды. Осы жоба арқылы барлық мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандарға өз мекемелеріне еркін кіріп-шығу үшін, еркін қызмет алу үшін жағдай жасауды бастады.
Жоба авторына екі тілде қысқаша аннотация : 
Жоба логотипі көрсетілген екі тілде әлеуметтік жобаның паспорты: 
Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны: 
Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне 26946 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2504, II топтағы - 11100, III топтағы - 9262, 18 жасқа дейінгі - 4080 мүгедек балалар тіркелген. Жобас аясында өткізілген тренингке 50 адам қатысты. Жоба туралы 500-ге ақпарат таратылды. Әлеуметтік мекемелер үйінде бірнеше мекеме орналасқандықтан, жоба аясында жоғарыда көрсетілген санның 50 пайызға жуық қамтамасыз етілді.
Қаржыландыру көздері (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат және т.б.) : 
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы және ҚР Үкіметі бірлескен бағдарламасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" тақырыбына арналған гранттық жобасы. Қосымша: Өз қаражаты
Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны): 
Қызылорда облысындағы «Әлеуметтік мекемелер үйі» ғимаратында барлық стандарттарға сәйкес, қолжетімді орта қалыптасты. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге қолжетімді орта жобасы үлгі болды. Яғни, барлық мекемелер осы жоба негізінде қолжетімді орта жағдайын жасады. Жоба туралы Бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттарылынды. Жоба аясында көптеген мекемелер қолжетімді ортаға назар аудара бастағандықтан, қолжетімді ортаны қалыптастыру қызметі қажет болғандықтан, жеке кәсіпкер «Қолжетімді орта» (Доступная среда) орталығы құрылды. Яғни әлеуметтік кәсіпкерлік ашылды. Орталық міндеттері Ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп, қызметтерді толық пайдалануға мүмкіндіктер жасау; Әлеуметтік нысандарды паспорттау; ҚР заңнамасына сәйкес пандустар және перилалар орнату; Кедергісіз орта бойынша семинар-тренингтер ұйымдастыру; Тактильдік тақталар, тактильдік плиткалар, брайль әріптерімен жазылған жазбалар, мүгедектер арбасы көтеріліп- түсетін жолақтар, автотұрақтарда арнайы орындар, баспалдақпен шығатын жерлерде тұтқалар, мекеме қызметкерлерін шақыру тетіктерін орнату Мекемелерге аталған мәселе бойынша ұсыныстар жеткізу және оны жүзеге асыру; Орталық бүгінгі таңда 100-ге жуық мекемені қолжетімді ортаға бейімдеп, 500-ге жуық мекемеге қолжетімді орта қалыптастыру туралы ақпарат таратты. Орталық бүгінгі таңда тұрақты түрде жұмыс жасап, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жоба аясында «Мекемелерде қолжетімді орта қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті «НАМЫС» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Иманалиев жүргізді
Қосымша ақпарат (телефон, e-mail және т.б.): 
8-707-368-45-88 Izet_2014@mail.ru
28 мамыр, 2018 - 10:12 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші