check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму

министрінің кейбір бұйрықтарына

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек

және халықты әлеуметтік

қорғау Министрі                                                 М. Әбілқасымова

 

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
бұйрыққа қосымшасы

 

 

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтардың тізбесі

     

1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамардағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларына:

2-тармағы 18)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «18) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.».

 

2. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын             1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

3. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамардағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына:

1-тарау 2-тармақ 4) қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.».

 

  1. «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, 2016 жылғы             18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрық бөлігінің 1-тармақ 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қала, халықты жұмыспен қамту орталығы үлгілік жарғысы;»;

1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
1-қосымша

 

Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Жалпы ережелер» 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер

1. «________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ____________ ауданы (қаласы) әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) _________ ауданы (қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Жалпы ережелер» 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Орталықтың толық атауы:

Қазақ тілінде: «______________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаласы) ______________ ауданы (қаласы) әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ;

Орыс тілінде: (қолданыстағы ұйымдық-құқықтық нысан) «Центр занятости населения акимата______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения)».»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары» 15-тармақ 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

       «4) қолданылу мерзiмi берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайтын жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтаманы өтеусіз негізде береді.»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары» 15-тармақ 10)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) жұмыссызды жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары» 15-тармақ 12)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «12) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;»;

1-қосымшасының 1-бөлігі «Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары» 15-тармақ 20)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1) тіркелген жұмыс-сыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай,  халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

20-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсеті-летін қызметтердің аут-сорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырады;»;

1-қосымшасының 5-бөлігі «Орталықтың мүлкін жасау тәртібі» 28-тармақ алып тасталсын:

 

  1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына:

1-тарау 2-тармағы 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.».

 

  1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қыркүйекте № 14149 болып тіркелді), мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы.»;

1-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары.».

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағымен  бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі:

көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі.»;

бұйрықтың 1-тарауының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін айқындайды.»;

көрсетілген бұйрықтың 2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру тәртібі.»;

4-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе Қазақстан Республикасы аумағында ағылшын тілін оқыту мақсатында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін келген шетелдік жұмысшылар үшін ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың аудармасы (мемлекеттік немесе орыс тілінде) нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (мемлекеттік немесе орыс тілінде).»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның өтінішін қабылдауды және тіркеуді уәкілетті орган немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.»;

13-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) білімі:

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл;

білімді және біліктілікті растайтын және ағылшын тілін оқытуға құқық беретін сертификат (TESOL, CELTA) – 3 балл.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Қағидалардың                     22-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қағаз түрінде мынадай құжаттарды жолдайды.»;

көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі:

Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіндегі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

1.

Білім беру

Жалпы орта білім

1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) биология мұғалімі (шет тілін білетін)

2) информатика мұғалімі (шет тілін білетін)

 

3) қосымша білім беру педагогі (шет тілін білетін)

4) физика мұғалімі (шет тілін білетін)

5) химия мұғалімі (шет тілін білетін)

6) шетел тілінің мұғалімі және оқытушысы

Техникалық және кәсіптік орта білім

1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шет тілін білетін)

2) шетел тілінің мұғалімі және оқытушысы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) арнайы пәндер мұғалімі (шет тілін білетін)

2) ғылыми қызметкер (шет тілін білетін)

3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары) (шет тілін білетін)

4) шетел тілінің мұғалімі және оқытушысы

 

».

 

  1. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы                   14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

8. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына:

1-қосымшасы 1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

          «9) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;»;

1-қосымшасы 1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармағы 15)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.»;

2-тарау «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі» 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қоғамдық жұмыстарға:

1) жұмыссыздар;

2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.»;

2-тарау «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі» 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 «17. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетіледі.»;

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 1-қосымшасын мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

     

Нысан

_______________ (ауданының,

қаласының) Халықты жұмыспен

қамту орталығына          

___________________________

(кімнен)

 Өтінім

_____________________________________________________________________

(жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс)

жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған

саны

Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге

           
           

 

      Қосымша:

      1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта

      тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

      Басшы Күнi

      М.О. (бар болса)»;

2-тарау «Тараптардың мiндеттерi» 4-тармағы 1-абзац алып тасталсын;

2-тарау «Тараптардың мiндеттерi» 4-тармағы 5-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге;

тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға құқылы.»;

2-тарау «Тараптардың мiндеттерi» 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Тапсырыс берушi»:

жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген _____________________ адамды (жазбаша)

олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде Еңбек кодексіне сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.»;

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 3-қосымшасын мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Қоғамдық жұмыстарға № ______ жолдама

жұмыссыз, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің астын сызыңыз) _______________________________________________________

 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

__________________________________________________________________

 (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

__________________________________________________________________

 (кәсіп/мамандық атауы)

мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

 _________________________________ _________________________

Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы орталығының директоры Берілген күні

М.О.

 ---------------------------------------------------------------

 (кесу сызығы)

 Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

 

№ ______ жолдамаға хабарлама

      __________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      ___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ____________ ретінде

      (кәсіп/мамандық атауы)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ қоғамдық

      жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қоғамдық

      жұмыстарға қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________

      (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына:

1-тарау 2-тармақ 12)-тармақшасы подпункт 12 пункта 2 главы 1 «Жалпы ережелер» мынадай редакцияда жазылсын:

«12) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;»;

1-тарау «Жалпы ережелер»  2-тармақ 19)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.»;

2-тарау «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі» 22-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізеді.»;

3-тарау «Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі» 26-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттар және жұмыссыздармен және жұмыс берушілермен жасалған әлеуметтік келісімшарттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және республикалық және жергілікті қаражаты есебінен бөлінген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.»;

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымшасы Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шартың 3-тарау «Тараптардың құқықтары мен міндеттері» 3-тармақ  6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге құқылы.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына:

1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармақ 10)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат.»;

1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармақ 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.»;

2-тарау «Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі» 2-тармақ 19)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 24-тармағына сәйкес жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетеді.»;

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 2-қосымшасы Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға арналған  шартың 2-тарау «Тараптардың құқықтары мен міндеттері» 3-тармақ  9)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «9) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге құқылы.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына:

1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармақ 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «13) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;»;

1-тарау «Жалпы ережелер» 2-тармақ 18)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «18) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;».

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады».

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Корпоративішілік ауыстыру шеңберіндегі рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 10), 12) тармақшаларында көзделген талаптарға жұмыскерді корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі туралы хатымен, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екені туралы хатымен расталған сәйкес келуі шартымен беріледі.».

 

  1.  «Жұмысқа орналастырудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың атауын мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы».

көрсетілген бұйрықты қосымшасының атауын мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің      
2016 жылғы 28 маусымдағы   
№ 576 бұйрығына       
қосымша  

нысан

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы ________________________________

Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтыратын Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________

Толтырылған күні 20____ жылғы «___»___________

Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы ________________________________

Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтыратын Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________

Толтырылған күні 20____ жылғы «___»___________

Жұмыспен қамтудың жеке картасы

Қосымшаның 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Соңғы жұмыс (қызмет )орны

Жұмыс берушінің атауы _______________________________________
Жұмысқа қабылданған күні ______________________________________
Жұмыстан босатылған күні ______________________________________
Лауазымы _____________________________________________».

Қосымшаның 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 «11. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы

Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары (хронологиялық кезектілікпен толтырылады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының атауы ____________________________________________

Кәсіптік оқытуға жолдама берілген күн _________________________
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету ұзақтығы ________
Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы _______________
Лауазымы (кәсібі) ____________________________________________

Жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа (оқуға) қабылдау туралы
актісі немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себептерін көрсету ______».

Қосымшаның 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары

р/с №

Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар

Іс жүзінде орындау

Іс-шаралардың орындалмау себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

»;

 

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына  

2-қосымша

 

Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары»;

 

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 1-тарау 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Нысан) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету іс-шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 1-тарау 2-тармақ 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жұмыспен қамтудың жеке картасы (бұдан әрі – ЖОЖК) – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 1-тарау 2-тармақ 16)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарауын атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖҚЖК-ын толтыру бойынша ұсынымдар»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Орталық ЖҚЖК-ны жүргізеді. Бірінші кезеңде өтініш беруші жүгінген кезде Орталық қызметкері жұмыспен қамтудың санатын (мәртебесін) айқындайды және АЖ-ға деректерді енгізу арқылы ЖҚЖК-ны толтыру туралы шешім қабылдайды.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушінің деректерін тексергеннен кейін алынған мәліметтерді ЖҚЖК-ға енгізеді.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 13)-такмақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.

ЖҚЖК-на лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы ақпарат мыналарды көрсете отырып орналастырылады: жұмыс берушінің атауы, лауазым (кәсіп), жұмысқа жолдама беру күні, қабылдау немесе бас тарту себептерін көрсете отырып жұмыс берушінің лайықты жұмыстан бас тарту, күні бұл ретте өтініш берушінің бас тартуы да ескерілед. Ақпарат хронологиялық тәртіпте енгізіледі.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 14)-такмақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.

Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тартқан кезде ЖҚЖК-ға бас тарту себебі енгізіледі.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 15)-такмақшасы 10-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталық қызметкері көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіпте ЖҚЖК-ға енгізеді. Бұл ретте, Орталық қызметкер мынаны:»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 15)-такмақшасы 17-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісін, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер ЖҚЖК-ға енгізіледі;

адамдардың қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы мәліметтер ЖҚЖК-да көрсетіледі. Қоғамдық жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмыссыз мәртебесі сақталады.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 17)-такмақшасы 16)-тақмақшасына ауыстырсын:

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 4-тармақ 18)-такмақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарын жұмыссыз Орталық қызметкерімен бірлесіп толтырады. Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар деген бағанда жұмыссызды жұмысқа орналастыру үшін қажетті іс-шаралар толтырылады. Орталық қызметкері жұмыссыз Орталыққа келген кезде іс-шараларды іс жүзінде орындауды толтырады.

ЖҚЖК-ға жұмыс берушінің атауы, жолдаманың берілген күні, қатысу мерзімі, атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтер, жұмыс берушіні және лауазымды көрсете отырып тұрақты жұмысқа орналасу күні енгізіледі.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталық қызметкері ай сайын ЖҚЖК-ға іс жүзінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдарынының сомаларын енгізеді.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Барлық енгізілген ақпарат толтырған және дербес есепке алу карточкасына өзгерістер енгізген кезде жандандырылады және мерзіміне қарамай, ашық түрде электрондық архив түрінде АЖ-да сақталады.»;

Жұмыспен қамтудың жеке карта қосымшаның 2-тарау 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. ЖҚЖК-ға деректерді енгізу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйлеріндегі деректерді тасымалдау әдісі пайдаланылады.».

ТіркемеМөлшер
Package icon dokumenty.zip434.66 KB
Бөлімдер:
28 мамыр, 2018 - 18:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші