A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуі өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАМА

2018 жылғы 22 маусым күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуі өткізіледі.

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.

Өтетін орны: Астана қ. Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 6 – кіреберіс.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-04, 8(7172) 74-28-55 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы
http://www.enbek.gov.kz арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің блогына бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз.

Оқиғаның күні және уақыты: 
Жұма, маусым 22, 2018 - 10:00
20 мамыр, 2018 - 15:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші