check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)      осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4)      осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;

5)      осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                           М. Әбілқасымова                                                                                                                        

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

________________ Ө. Шөкеев

2018 жылғы «__»__________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

________________ Д. Абаев

2018 жылғы «__»__________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________________Б. Сұлтанов

2018 жылғы «__»__________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

________________Т. Сүлейменов

2018 жылғы «__»__________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

________________Қ. Қасымов

2018 жылғы «__»__________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы «   »

№___ бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығында
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген,
2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1735) «
Юридическая газета» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:

2-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;».

2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 260 (27534) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):

 тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 280 бұйрығында
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қарашада № 224 (28603) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

3) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

4) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) – мүгедектерде организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысының шектелуін толық немесе ішінара алмастыратын (орнын толтыратын) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды, қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары);

7) субсидия – мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру есебінен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер үшін мемлекет көрсететін қаржылық жәрдемдесу;

8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

9) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру лимиті негізінде жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден немесе Еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген) бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы анықтама немесе орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде есепке қойылғанын растайтын құжат;

2) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;

3) объектінің меншігін растайтын құжат;

4)  банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама қоса беріледі.».

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) өтінім белгіленген нысанға сәйкес келген, ұсынылған құжаттар толық, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болған жағдайда – өтінімді Еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған кезде өтінімді қабылдайды – өтінімді жұмыс берушінің Еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді;

2) өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған жағдайда – жұмыс берушіге өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қайтарады, өтінімді Еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған кезде – өтінімді жұмыс берушінің Еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергiлiктi атқарушы органдары бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімімен арнайы жұмыс орындарын құруға өтінімдері мақұлданған ұйымдардың тізбесін 5 жұмыс күні ішінде бекітеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы телефон шалу арқылы ұйымдарға өтінімдерді қарау нәтижесі туралы хабарлайды, өтінімді Еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған жағдайда – хабарламаны жұмыс берушінің Еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидия беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші арасында жасалған үлгілік шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің өтінімі Еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алынған және мақұлданған жағдайда жұмыспен қамту орталығы бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған үлгілік шартты жұмыс берушінің Еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.

Жұмыс беруші алған шартқа Еңбек биржасының жеке кабинетінде электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойып, оны Еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жұмыспен қамту орталығына жолдайды.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жұмыс беруші мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру (жабдықтау) жұмыстарын орындағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жасалған шартқа және бұдан бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін қол қою және субсидия алу үшін ұсынады, оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол койып, Еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жолдайды.

Жұмыспен қамту орталығы тексергеннен және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін жұмыс беруші субсидия алады.»;

17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;»;

1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы «   »

№___ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазаққа және оның отбасы
мүшелеріне оралман мәртебесін беру

3. Оралман мәртебесін беруге өтінішті (бұдан әрі – өтініш) оралман мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы береді.

4. Өтінішке мынадай құжаттар:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушінің, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің (бар болса) мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;

3) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің (бар болса)  жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.     

5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі белгіленген кезде жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

6. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. Өтінішті тіркеу үміткер мен оның отбасы мүшелері (бар болса) туралы деректер «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Оралман» ДҚ ААЖ) енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

7. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы оның (олардың) өзге өңірдің жергілікті атқарушы органында тіркелуі мәніне тексереді.

Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) басқа өңірде тіркелгенін анықтаған жағдайда «Оралман» ДҚ ААЖ жазбасына тиісті түзетулер енгізеді.

8. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген сәтте жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – «Жеке тұлғалар» МДҚ) арқылы онда (оларда) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болуы мәніне тексереді.

ЖСН бар екені анықталган жағдайда жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде, жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін «Оралман» ДҚ-ға енгізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ) ЖСН-ды генерациялау үшін электрондық сұрау салу жібереді.

9. Өтінішті тіркеу үміткер мен оның отбасы мүшелері (бар болса)
2-тармақтың талаптарына сай болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың
4 және 7-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталғанда ғана жүзеге асырылады.

Өзге жағдайларда өтінішті тіркеуден бас тартылады және үміткерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама беріледі.

10. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және оны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

Жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдер қабылдайды:

1) үміткер мен оның отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және жергілікті атқарушы органға жеке не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оған (оларға) оралман мәртебесін беру;

2) үміткер мен оның отбасы мүшелері (бар болса) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының аумағына келген жағдайда оған (оларға) оралман мәртебесін беру туралы оң шешім шығару (бұл ретте қорытындыда оралман куәлігін алу үшін қайтадан өтініш беру шарттары түсіндіріледі) немесе дәлелді бас тарту.

11. Жергілікті атқарушы орган:

1) өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеген;

2) этникалық қазақтың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген кезде оралман мәртебесін беруден бас тартады.

12. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ ЖСН-ды генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны нақты уақыт режимінде «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.

ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ-дан ЖСН-ды алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ЖСН-ды оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.

Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ-да жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беру тәртібі

13. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтініш береді.

14. Өтінішке мынадай құжаттар:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушінің, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің (бар болса) мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;

3) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің (бар болса)  жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;

4) үміткердің осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.     

15. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы өтінішінің кіріс хат-хабары ретінде тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

16. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беруге келісетіні не себептерін дәлелді түрде негіздей отырып, одан бас тартатыны туралы шешімін жібереді.

17. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа мәртебе беру келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді немесе бас тартылғаны жөнінде хабарлайды.

18. Этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері (бар болса) тұрғылықты жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді.

19. Өтінішке:

1) оралман мәртебесін беруге келісім берілгені туралы бұрын шығарылған шешімнің көшірмесі;

2) ішкі істер органдарының уақытша тіркеуі туралы белгісі бар көші-қон карточкаларының көшірмелері қоса беріледі.

20. Өтінішті тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен кеңейтілген дербес деректерді қоса отырып, ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ арқылы өтініш берушінің бастапқы мәліметтерін (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тексереді.

21. Өтінішті «Оралман» ДҚ ААЖ-ға тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін «Жеке тұлғалар» МДҚ арқылы онда (оларда) ЖСН-ның болуы мәніне тексереді.

ЖСН-ның бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН-ды генерациялау жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеген кезде қолда бар ЖСН-ды пайдаланады.

«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен өтініш берушінің деректерін «Оралман» ДҚ-ға енгізеді және ЖСН-ға генерациялау үшін ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ-ға сұрау салу жібереді.

22. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін алуға үміткерлерді тіркеу журналында жүзеге асырылады және үміткерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі.

23. Жергілікті атқарушы орган бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ол жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

24. «Оралман» ДҚ ААЖ-дан алынған дербес деректердің негізінде ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ ЖСН-ды генерациялау рәсімін жүзеге асырады және оны нақты уақыт режимінде «Оралман» ДҚ ААЖ-ға жібереді.

ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ-дан ЖСН-ды алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган ЖСН-ды оралман куәлігіне қалыптастыруды жүзеге асырады.

Деректер өзгерген жағдайда («Оралман» ДҚ-ға қате деректер енгізілген кезде не мәліметтер жойылған кезде) жергілікті атқарушы орган ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ-ды жүргізілген дербес деректерді өзгерту туралы хабарлама жібереді. Аталған рәсім оралман куәлігін бергенге дейін жүзеге асырылады.

25. Оралман болып танылған өтініш берушіге және оның кәмелетке толған отбасы мүшелеріне (бар болса) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналында тіркелген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігі беріледі.

Оралманның кәмелетке толмаған отбасы мүшелері өтініш берушінің немесе оның жұбайының (зайыбының) куәлігіне осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес жазылады.

26. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіз болады.

27. Куәлікті жоғалтқан жағдайда, оралман жоғалтқаны және оның телнұсқасын беру жөнінде еркін нысандағы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан бұрын берілген нөмірімен оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған «телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.

Оралман мәртебесін  ұзарту тәртібі

28. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар этникалық қазақтар оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін  жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оларға бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзартуға өтініш береді.

Өтініш беру мерзімі оларға бұдан бұрын берілген орлман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

29. Оралман мәртебесін ұзарту туралы өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткерге тіркелгендігі туралы жазбаша хабарлама беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін беруге үміткер адамдарды тіркеу журналында жүргізіледі.

30. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің деректерін «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы өтініш берушінің оралман мәртебесінің тоқтатылуы және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы туралы мәлметтердің болуы мәніне тексереді.

31. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман мәртебесін ұзарту не оралман мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Оралман мәртебесін ұзартудан бас тартудың негізі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанының «Оралман» ДҚ ААЖ арқылы расталуы, осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі болып табылады.  

Оралман мәртебесінің мерзімін ұзарту 3 (үш) айдан аспауға тиіс.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
1-қосымша

 

 

Нысан

 

____________________________________________________________________

(жергілікті атқарушы органның атауы)

кімнен_______________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________________________

(мекенжайында тұратын)

 

Оралман мәртебесін беру туралы
ӨТІНІШ

 

_________________________________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тарихи отанымда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуіме/келуді жоспарлауыма байланысты маған және менің отбасы мүшелеріме (бар болса) оралман мәртебесін беруді сұраймын.

Отбасы мүшелері:

1) жұбайы (зайыбы)___________________________________________;

2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_____________________________________________________________;

3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері ___________________________________________________________;

4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) ________________________________

Өтінішке мынадай құжаттарды:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _____________________________________________________ қоса беремін.

Жергілікті атқарушы орган менің және/немесе менің отбасы мүшелерімнің (бар болса) «Оралман» дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде басқа облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында тіркелуін анықтаған жағдайда, менің қолда бар құжаттарымды ________________________(аталған өтініш енгізілетін жергілікті атқарушы органның атауы) жіберуді, сондай-ақ, «Оралман» дерекқоры» ақпараттық жүйесіндегі тиісті жазбаны осы өтінішті беретін орын бойынша жаңартуды қамтамасыз етуді сұраймын.

Осы арқылы оралман мәртебесін беру бойынша қызмет көрсетуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20__ жылғы «__» ______________

________________________

(өтініш берушінің қолы)

Құжаттарды қабылдаған

____________________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

20___ жылғы «__» _____________________________________________

                                                     (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
2-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға үміткер адамдарды
тіркеу журналы

_____________________________________________________________________________

(жергілікті атқарушы орган)

 

Р/с №

Өтінішті тіркеген күн

Үміткердің Т.А.Ә
(бар болса)

Үміткердің отбасы мүшелері

Туылған күні

Үміткердің тіркелген мекенжайы

Тіркеу туралы хабарлама берілген күн

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
3-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Осы арқылы этникалық қазақтың __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) оған және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы өтініші _____________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға үміткер адамдарды тіркеу журналында _________________ (тіркеген күні) №_____________ тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдаған:__________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).

_________ (қолы) / _________ (күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
4-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Оралман мәртебесін беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
хабарлама

 

______________________________________________________________

20 ___жылғы «___»_______

Үміткерге_________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________(себебін көрсету) себебі бойынша оралман мәртебесін беруге өтінішін қабылдаудан бас тартылды.

______________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).

_________ (қолы) / _________ (күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
5-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін беру туралы
20 __ жылғы
«___» ________№_____
ШЕШІМІ

 

_________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман мәртебесін беру туралы

__________________________________________(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ өтінішін қарап,____________________

______________________________________________________________ туралы шешім қабылдады.

Басшысы ______________________________ ______

                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       (қолы)

______________________________________________________________

 (жергілікті атқарушы органның атауы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
6-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Оралман мәртебесін беруге өтінішті кіріс хат-хабары
ретінде тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА

 

Осы арқылы этникалық қазақтың _____________________________(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағына _________________________________ (облысына, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға) келуді жоспарлаған оған және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) оралман мәртебесін беру туралы өтініші _______ (тіркеген күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде_____________________ (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы) тіркелгенін және заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралатынын хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдаған:_________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
6-қосымша

 

 

Нысан

 

 

1-бет

 

 

Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы

органның атауы

ОРАЛМАН КУӘЛІГІ

КУӘЛІК № _________

УДОСТОВЕРЕНИЕ

 

 

 

ФОТО

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________

(Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

__________________________________________

__________________________________________

__________________________________________

Туған күні____айы____жылы____ Жынысы _____

(Дата рождения месяц год) (Пол)

Туған жері (елі) ____________________________

(Место рождения)

Азаматтығы _______________________________

(Гражданство)

 

Оралман мәртебесі берілген күн 20____ жылғы «__» ________

Дата присвоения статуса оралмана

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

____________________________________________________________

Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность)

 

 

ЖСН

 

 

 

 

2-бет

 

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершеннолетние члены семьи оралмана

__________________________________________________________

      Т.А.Ә (бар болса) Туған жылы, айы, күні Туыстық қатынасы

Ф.И.О (при его наличии) Дата рождения Родственное отношение

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

 

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы______________________________________________________________

Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность)

 

 

3-бет

 

 

Оралманның кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелерінің ЖСН
ИИН несовершеннолетних членов семьи оралмана

 

 

 

 

 

ФОТО

 Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________

(Фамилия, имя, отчество (при его наличии))

__________________________________________

Туған жылы, айы, күні _______________________

(Дата рождения месяц год)

Туыстық қатынасы _________________________

Родственное отношение

 

 

 

ЖСН

 

 

 

 

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

_________________________________________________________________

Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица, исполняющего обязанность)

 

 

4-бет

 

 

Оралман куәлігінің қолданылу мерзімі

20__ жылғы «__» ______ дейін

Срок действия удостоверения оралмана до

«__» ______ 20__ года

 

Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанға немесе қабылдамаса бір жылға дейін жарамды.

Удостоверение имеет силу до даты принятия, или в течение одного года при непринятия гражданства Республики Казахстан.

_________________________ облысының (қаласының) жергілікті атқарушы органының басшысы (міндетін атқарушы адам) __М.О.

Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий обязанность) _________________________ области (города) ___ М.П.

бланк нөмірі ___________

номер бланка

Жергілікті атқарушы орган басшысының (міндетін атқарушы адамның) қолы

_______________________________________________________________

Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица, исполняющего обязанность)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
8-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Оралман куәлігінің берілуін есепке алу журналы

      _________________________________________________________________

(жергілікті атқарушы орган)

 

Р/с №

Оралман куәлігінің нөмірі

Оралман куәлігі телнұсқасының нөмірі

Берілген күні

Беруге негіздеме

Оралман куәлігі иесінің Т.А.Ә. (бар болса)

Оралман куәлігіне жазылған отбасы мүшелері

Туған күні

Өтініш берушінің мекенжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
9-қосымша

 

 

Нысан

 

__________________________________________________________________

(жергілікті атқарушы органның атауы)

кімнен_____________________________________________________________

  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

__________________________________________________________________

(мекенжайында тұратын)

 

Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы

ӨТІНІШ

Оралман мәртебесі мерзімінің тоқтатылуына байланысты және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен алу мақсатында маған және менің отбасы мүшелеріме оралман мәртебесінің мерзімін заңнамада белгіленген мерзімге ұзартуды сұраймын.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:

1) жұбайы (зайыбы)____________________________________________;

2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_____________________________________________________________;

3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың

отбасы мүшелері _______________________________________________;

4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) _______________;

     

20__ жылғы «__» _________

_______________________

(өтініш берушінің қолы)

 

Құжаттарды қабылдаған__________________________________(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

20__ жылғы «__» _________ _____________________________________

                                      (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

 

 

 

Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту қағидаларына
10-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін ұзарту туралы

20 __ жылғы «__» ________№_____

ШЕШІМІ

 

___________ (жергілікті атқарушы органның атауы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман мәртебесін ұзарту туралы ____________________(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________ өтінішін қарап, ________________

____________________________________________ туралы шешім қабылдады.

Басшы ________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

______________________________________________________________

(жергілікті атқарушы органның атауы)

 

МО

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы «   »

№___ бұйрығына

2-қосымша

 

 

Мүгедектерді жұмысқа

орналастыру үшін арнайы

жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

 

_______________ ауданының

(қаласының) халықты

жұмыспен қамту орталығының

директорына

 

Өтінім

_______________________________________________________________

(ұйымның толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдар және телефондары)

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

Мәселе оң шешiлген жағдайда мүгедектер қатарындағы азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жоспарланған жұмыс орындарының саны

Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақының мөлшерi, теңге

Субсидияның жоспарлы мөлшерi, теңге

 

 

 

 

 

 

Қосымша:

1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы анықтама немесе орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде есепке қойылғанын растайтын құжат.

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы.

3. Объектінің меншігін растайтын құжат.

4. Банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама.

Басшы                                          _____________ _________

«М.О. (бар болса)»                                    қолы            күні

 

 

                                          

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2018 жылғы «   »

№___ бұйрығына

3-қосымша

 

 

Мүгедектерді жұмысқа

орналастыру үшін арнайы

жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарына 3-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға арналған үлгiлiк шарт

 

      _________________________                     ___________________

   (қала, облыс, аудан)                                                          (күнi)

Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп

___________________________________________________________________

____________________________________халықты жұмыспен қамту орталығы

            (қала, облыс, аудан)

 атынан директоры ____________________________________________________

                                                          (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын

____________________________________________________________ атынан

         (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

__________________________________________________________ арасында

                      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 болып тіркелген) бекiтiлген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларына мен шарттарына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:

 

1. Шарттың мәнi

 

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын Қағидаларға сәйкес субсидиялау

3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды.

(жазбаша)

 

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

4. «Тапсырыс берушi»:

  1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру кезінде Орындаушының шығындарын субсидиялау мәселелері жөнінде консультация беруге;
  2. Орындаушымен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға арналған шарт жасасуға;
  3. Тараптардан осы шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.
  1. «Орындаушы»:
  1. өзіне тікелей жүгінген адамдарды «Тапсырыс берушінің» жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;
  2.  Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

6. «Тапсырыс берушi»:

  1. жұмысқа орналасуға ниет білдірген _____________________ (саны жазбаша) адамды мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
  2. арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды осы Қағидаларға сәйкес өтеуге міндеттенеді.

7. «Орындаушы»:

1) мүгедектерге еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге_______________________________________;

                                                                                  (тiзiп жазу)

2) мүгедектермен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

  1.  қажет болған жағдайда қабылданған мүгедектерге өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
  2. қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

5) арнайы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

6) еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес адамдардың залалды өтеуге міндетті.

3. Еңбекақы төлеу

8. Еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

9. Жұмыс берушілерге төленген және мақсатсыз пайдаланылған субсидиялар ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органынан субсидияны қайтару туралы талапты алған күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде бюджетке қайтаруға, қайтарылмаған жағдайда – сот тәртібімен қайтаруға жатады.

10. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

11. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

12. Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мүгедек болып табылатын басқа жұмыскерді оның келісімі бойынша және құрылған арнайы жұмыс орнында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін денсаулық жағдайына қарап қабылдайды.

13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

 

  1. Форс-мажорлық жағдайлар

 

14. Тараптар осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, дүлей құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы шартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Тарап форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда (осы шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмау мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді.
Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болатын әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

17. Осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы шарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы шартты бұзуға құқылы.

 

  1. Шарттың қолданылу мерзiмi

 

         18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________.

         19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

         20. Шарт екі тарап үшін бірдей заңдық күші бар екi данада жасалды.

 

  1. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) халықты жұмыспен қамту орталығы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды ________________ _______

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       (қолы)

М.О.

Орындаушы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

 

__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің  аты (бар болса)(қолы)

М.О. (бар болса)».

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімдер:
1 маусым, 2018 - 16:30 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші