A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу ережесін бекіту туралы»

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу ережесін бекіту туралы»

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»  2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және мерзімді басылымдарда ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі  С.К. Жакуповаға жүктелсін.  

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                              М. Абылкасымова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі
___________Б. Султанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика
министрі
___________Т. Сулейменов

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

«__» _______ 201_ж.

№ ____

бұйрығымен бекітілді

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу тәртібін анықтайды.  

2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қаржыландырылу тәртібі

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қаржыландырылуы:  

1) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен және осы Ереженің ерекшеліктерін есепке ала отырып, бюджет қаражаты;

2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуы қаржыландырудың  міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген жеке жоспары негізінде сәйкес  облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджетері) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің бюджеттік бағдарламаларының шегінде жүзеге асырылады.

4. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер «Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13523 болып тіркелді) сәйкес көрсетіледі.

5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қаржыландырылуы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуді және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тікелей және жанама шығындарын есепке ала отырып анықталады. 

6. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тікелей шығындарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санына тәуелді шығындар және:

1) еңбек төлемі, жұмыс берушінің салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке жарналар төлеуі, арнаулы әлеуметтік қызметтерді тікелей түрде көрсететін қызметкерлерге беретін әлеуметтік төлемдері;

2) экологиялық апатты және радиациялық қауіп аймақтарында тұрып жатқан қызметкерлерге «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңымен қарастырылған қосымша төлем;

3) киім және жұмсақ құрал-сайман сатып алу үшін уәкілетті орган арқылы бекітілген нормаларға (бұдан әрі – Нормалар) сәйкес жұмсалатын шығындар;

4) дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы басқа да қажетті құралдар сатып алу;

5) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығында бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 қаңтарда № 12828 болып тіркелді) натуральді нормаға сәйкес азық-түлік сатып алуға кеткен шығындар; 

6) арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды және әлеуметтік қызметкерлердің арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйде көрсету жағдайында тасымалдау шығындары;

7) әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға кеткен шығындар; 

8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті тауарларды, соның ішінде жуу құралдары, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандар, гигиена құралдары, кеңсе тауарлары, дезинфекция құралдары, ыдыс-аяқ сатып алуға кеткен шығындар;

9) мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің оқулықтары және оқу-әдістемелік әдебиеттері мен оқу құралдарына жұмсалатын шығындар;

10) өтемақылық төлемдер кіретін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне тікелей байланысты шығындар жатады.

7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жанама шығындарына өзіндік құнын  тікелей есептеу әдісі арқылы есепке алу мүмкін болмайтын (себебі олар арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар санына тәуелді емес) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қажетті шығындар және:

1) еңбек төлеміақысы, жұмыс берушінің салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке жарналар төлеуі, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерге әлеуметтік төлемі;

2) үй-жайды жалға алу шығындары;

3) коммуналдық шығындар;

4) пошта және телефон байланыстары қызметтерін, интернет қызметін төлеуге жұмсалатын шығындар;

5) ағымдық жөндеу, ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, компьютерлік және оргтехниканы бабында ұстау мен қызмет көрсетуді жүргізуге жұмсалатын шығындар;

6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілердің арнаулы қызмет көрсету үдерісінде қолданылмайтын қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлар, соның ішінде, жуу құралдары, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандар, құрылыс тауарлары мен құрал-саймандар, кеңсе тауарлары, дезинфекциялық құралдар, жұмсақ құрал-саймандар және ыдыс-аяқ сатып алуға жұмсалатын шығындар;  

7) Ереженің осы тармағында және 6-тармағында қарастырылған шығындарды жасауға байланысты банк (қаржы) қызметтерін төлеу;

8) негізгі құралдарды сатып алу шығындары;

9) міндетті сақтандыру шығындары;

10) іссапар шығындары;

11) басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулерді алуға жұмсалатын шығындар; 

12) басқа да ағымдағы шығындар;

13) амортизациялық аударымдар;

14) өтемақылық төлемдер кіретін шығындар жатады.

3-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу тәртібі

8. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мониторинг (бұдан әрі - мониторинг) жүргізу мәліметтерді жинақтау және өңдеу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызмет жағдайын талдау және даму перспективасы, сонымен бірге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде заңнама талаптарын сақтау және қатер деңгейін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық департаменттері мониторингті жүргізетін болады.

10. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде бар мәліметтер талдауы арқылы мониторингті енгізу жүзеге асырылатын болады:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында міндеттерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар туралы;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер туралы;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар туралы;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қызметкерлер туралы;

5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге алынған бюджет қаражатының көлемі туралы;

6) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы;

7) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылатын салада нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтау туралы;

11. Комитетің аумақтық бөлімшелерінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы тәртібімен басқа ұйымдарды тарту арқылы мониторинг жүзеге асырылады;

12. Мониторингтің нәтижесі Комитет жылдық жасақтайтын есепті жылдың 15 ақпанына дейінгі сараптамалық есептер қорытындысында көрсетіледі;

13. Мониторинг нәтижесімен ақпараттық ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қорытынды сараптамалық есептер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында есепті жылдың 25 ақпанына дейін Комитетпен орналастырылады.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon spravka_kaz.doc47.5 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_kaz.doc69 KB
Бөлімдер:
26 маусым, 2018 - 12:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші