check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Парыз» конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

Еліміздің барлық өңірлерінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.

Аталмыш конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы төрт номинацияны қамтиды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Соңғы 10 жылда конкурсқа 4,5 мыңнан астам кәсіпорын қатысты, олардың ішінде жеке кәсіпкерліктің 259 субъектісі лауреат атанды.

Оны өткізу жылдары барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді: қатысушылар мен лауреаттар 150 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрды, әлеуметтік жобаларға, спонсорлық пен қайырымдылыққа 135,5 млрд тенге бөлінді, газ тазалау қондырғылары мен су тазалау қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына, жаңғыруы мен күтіміне кәсіпорындар 63,7 млрд тенге бөлді. Кәсіпорындардың облыстар мен қалалардың көріктендіруі мен көгалдандыруына жұмсалған шығындары 36,3 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, конкурс қатысушылары мен лауреаттары 300 мыңға жуық ағаш отырғызды.

Өткізілетін шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырады.

12 маусым, 2018 - 16:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші