A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау» әлеуметтік маңызы бар жобасы

Әлеуметтік жобаның авторы: 
Әділбекова Қалдықыз - «Рухани Жаңару» қоғамдық қоры
Жобаның өңірлерде іске асырылған кезеңі: 
Жексенбі, қаңтар 1, 2017 to Дүйсенбі, желтоқсан 31, 2018
Жобаның әлеуметтік маңыздылығы: 
Жобаның басты бағыт алған мақсаты қоғамдағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларды қолдау мен өмір сүруіне талпыныс жасау және мемлекеттік жағдайлар жасау, өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, қалыптастыру, қолдау көрсету негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі олардың рөлін күшейту болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар жобада әлеуметтік жағдайы төмен, даму мүмкіндігі шектелі балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, жазғы тынығу лагерьлеріне жастар арасында жас қамқоршылар жасағын ұйымдастырып, кент орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрғын үйлерін жай, күрделі жөндеу жүргізіп, үнемі тұрмысының қалыпты жағдайына көмекпен қамтамасыз ету қарастырылған.
Жоба авторына екі тілде қысқаша аннотация : 
Жоба логотипі көрсетілген екі тілде әлеуметтік жобаның паспорты: 
Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны: 
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 2017 жылы - 10 адам, 2018 жылы - 40 адам.
Қаржыландыру көздері (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат және т.б.) : 
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, жергілікті бюджет, тартылған қаражат
Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және т.б. саны): 
2017-2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың, тұрғын үйге жөндеу қажет ететін отбасыларына зерттеу жұмыстарын жүргізілу барысында 6 мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына тұрғын үйге жөндеу қажетілігі анықталып, нәтижесінде бір тұрғын үйдің іргетасынан бастап, үй шатырын көтеруге дейін көмек көрсетіліп, бір тұрғын үйге жай жөндеу, мүмкіндігі шектеулі 2 балаға жазғы тынығу лагеріне жолдама беріліп жұмыс жүргізілді. 2018 жылдың қаңтар айындағы тұрғын үйге жөндеу қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына зерттеу жұмыстарын жүргізілу нәтижесінде 3 отбасына күрделі жөндеу жұмыстары қажет етілсе, 3 отбасына жай жөндеу (үйдің сыртына сылақ жүргізу, шатырын жабу, үйдің ішін сырлау, т.б.) жұмыстары керектігі, мүмкіндігі шектеулі 5 бала жазғы тынығу лагеріне жіберілуі анықталған болатын. Зерттелген отбасылар құрамында мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі балалар және үйде оқытылатын балалар. Сонымен қатар, осы жоба арқылы даму мүмкіндігі шектелі балалардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарлануда және аула клубын құруды мақсат етеді. Осы аула клубы арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың әлеуетін көтеру болып табылады. Жаңақорған ауданы тарихи өлкеге бай аудан. Мысалы аудан төңірегінде Сауран ескі қаласы, Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы болған Сығанақ қаласы, көне Өзгент қаласы, Қорасан ата, Айқожа ишан кесенелері орналасқан. Осы тарихи орындарға саяхат жасау үшін аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларды, даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалар қамтылуда.
Қосымша ақпарат (телефон, e-mail және т.б.): 
Ұялы телефон: 8 778 998 98 57 Электронды пошта: Sanjar94_kz95@mail.ru
28 маусым, 2018 - 17:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші