A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда қысқа мерзімді оқыту қызметтері жүйеленеді

29.03.2018

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктың қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында Қазақстанда тұңғыш рет қысқа мерзімді оқыту қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізілімі құрылады. Ұйымдар мен оқу бағыттарының бірыңғай тізімі қандай да бір курстан өткісі келетіндер үшін үлкен жеңілдік болмақ.

Толық тізімді құру үшін оқу қызметтерін ұсынатын жеткізушілер осы іске кеңінен ынтымақтасуға шақырылып отыр. Ниет білдірген ұйымдар оларды оңай тауып беруге мүмкіндік беретін тізімге еніп қана қоймай, әрбір ұйым Дүниежүзілік банктің әдістемесі бойынша тәуелсіз бағалау рәсімінен өтетін болады. Бұл әдістеме арқасында ұйым өз қызметтерінің сапасы қандай деңгейде екендігін түсініп, қысқа мерзімді оқыту жүйесіндегі өз орнын анықтап біле алады. Бағалаудан өткен ұйымдар сапаны көтеру, көрсетілетін оқу қызметтерін өзектендіру жөнінде кеңестер түріндегі тегін сабағаттық көмекке қол жеткізеді.

Осы тұста ұйымдардың барлығы әділ түрде бағаланады. Қандай меншік түріне жатпасын, еліміздің барлық өңірлеріндегі кез келген оқу орталықтарынан өтінімдер қабылданады, яғни ешбіріне шектеу қойылмайды.

Оның үстіне, қызметтері айтарлықтай жоғары бағаға ие болған ұйымдар жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтып отырғандарды оқыту үшін тапсырыс алуға үміткер бола алады. Ал олардың оқуы Жобаны жүзеге асыру аясында төленетін болады.

Өтінімдер info@cipe.kz немесе g.kussidenova@cipe.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпаратты Астана қаласының келесі телефондары бойынша білуге болады: +7 (7172) 256426, 253961, 253971.

Подробнее: https://tengrinews.kz/strange_news/kazahstane-sistematiziruyut-uslugi-kratkosrochnogo-340876/

1 шілде, 2018 - 22:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші