check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстандағы тамақ өнеркәсібіне жататын кәсіпорындар кең бейінді мамандарға мұқтаж

15.06.2018

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында ең үлкен сұранысқа ие қызмет бағыттары бойынша кәсіптік стандарттар дайындалып жатыр. Сондай бағыттардың қатарына тамақ өнеркәсібі кіреді. Зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс тобы Салалық біліктіліктер шеңберіне және Ұлттық қызметтер жіктеуішіне әлі енбеген сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтардың тізімін қалыптастырды.

Қазір анықталып отырғандай, тамақ өнеркәсібіне жататын кәсіпорындарда мамандану шеңбері тар қызметкерлерге деген қажеттілік аз. Керісінше, ассортименттің кеңеюі, жаңа технологиялар, өндірістегі озық әдістердің пайда болуы нәтижесінде, тамақ өнеркәсібінде еңбек ететін мамандардан әмбебаптылық талап етілуде.

Осы салада жаңа кәсіптер де пайда болып жатыр. Мысалы, тамақ кәсіпорындарында коммерциялық департамент деп аталатын тұтастай жаңа бөлімшелер құрылып жатыр. Алайда оның әртүрлі компаниялардағы ұйымдық құрылымы бір-бірінен қатты ерекшеленеді, сондықтан жұмыс тобы бөлімше қызметінің құрылымдық жағын, сондай-ақ, еңбек функцияларын және қызметкерлерде болуы тиіс құзыреттіліктерді сипаттап берді.

Сонымен бірге, кәсіпорындарды басқаратын мамандарға да жаңа талаптар қойылып жатыр: енді маркетинг негіздерін білу және тәуекелдерді басқару дағдыларын игеру үлкен маңызға ие болып жатыр. Тамақ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың қазіргі менеджерлері өндірістегі қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарын біліп, оны сақтауы тиіс, жаңа ақпараттық және есептеу технологияларын жетік меңгеріп, энергия шығынын төмендететін технологияларды дайындап, қолдануы тиіс, сондай-ақ, кәсіпорынды сапа мен табысқа қарай ұтымды түрде бағыттай білуі қажет.

Кәсіптік стандарттарды дайындау аясында еңбек функцияларын қалыптастыру әрбір біліктілік деңгейіне сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.  Кәсіптік стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын дайындау аса маңызды болып отыр, өйткені дәл университет қабырғасында болашақ мамандардың негізгі білімдері мен біліктерінің іргетасы қаланады. Осы білім беру бағдарламалары бойынша дайындалған кадрлар өндіріске келген кезде, өздерінің лауазымдық міндеттемелері жайлы нақты біліп, тиісті құзыреттіліктерді игерген күйде жұмысқа тұрады. Осындай тәсілдеме арқасында кәсіпорын талаптарын мамандар біліктілігіне және білім беру мекемелерінің ұсыныстарына сәйкестендіруге мүмкіндік бермек.

Алайда кәсіптік стандарттарды қолдану аясы мұнымен шектелмейді. Стандартта бекітілген білімдер мен дағдылар тізімін ұйымдардағы қызметкерлер құрамын аттестациядан өткізу үшін, сондай-ақ, өндірісте қызметкерлерді оқыту кезінде ары қарай қолдануға болады.

https://informburo.kz/special/kazahstanskie-predpriyatiya-pishchevoy-promyshlennosti-nuzhdayutsya-v-specialistah-shirokogo-profilya.html

 

1 шілде, 2018 - 22:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші