A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүгедектерге арналған инвомашина туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн Мадина Ерасылқызы! 

Менің ұлым Бейбарыс 2011 жылы туылған. 1,5 айлығында басына ота жасалды, содан "бала мүгедек" атанды. Ақылы түрде массаж, лфк аламыз. Әзірге әлі жүрмеді, инвоколяскада отырады. Қазіргі уақытта "психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы" барады. Орталыққа апарып алып келу бізге қиындық тудырып жүр, себебі баланың салмағыда баршылық үнемі көтеріп жүру мүмкін емес. Инвотаксиде орын бола бермейді, себебі сабақта оқитындар мен жұмыс жасайтын жандарды бірінші орынға және кестеге қояды. Сол себептен инвотакси қызметін кейде ғана қолданамыз. Осыған орай, сізден өтініп сұраймын күндізгі бөлім орталықтарын арнайы инвоколяскамен мінетін инвомашиналармен қамтамасыз етуіңізді. Рахмет. 

Жауап: 

Құрметті Гулнабат Асанхановна!

Қазақстан Республикасының өңірлерінде жүріп-тұруында қиындықтары бар азаматтарға қызмет көрсету үшін инватакси қызметін ұсыну жергілікті атқарушы органдары және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.
Осыған орай, Сіздің көтерген мәселеңіз бойынша тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 350629
18 шілде, 2018 - 12:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші