check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңде арналған міндеттері туралы Министрдің есебін тыңдау бойынша отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңде арналған міндеттері туралы Министрдің есебін тыңдау бойынша отырысының

хаттамасы

 

Астана қ.                                        № 76                           2018 жылғы 22 шілде

Мәжіліс залы, 920 каб.                                                                   сағат  10-00

Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, Комитеттің басшылары, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдар (тізім бойынша 39 адам).  

Қатыспағандар: С.Г. Бисақаев, А.Е. Корчагин, И.И. Сафарғалиев.

Төрағалық етті: Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Ж. Қаржаубаев

Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Ж. Қаржаубаев ашты.

Күн тәртібін дауыс беру туралы ұсыныс, отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруімен бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібі:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың Министрліктің 2017 жылғы жане 2018 жылғы 5 айдағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдау.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың баяндамасын талқылау.

3. Министрліктің қызметін бағалау жане Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру туралы шешім қабылдау. 

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың Министрлік қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдау

_________________________________________________

              (М.Е. Әбілқасымова, А.Ж. Қаржаубаев)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың Министрлік қызметінің нәтижелері мен алға қойылған міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды.

Министр атап өтікендей, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы негізгі үш бағытқа негізделеді. Бұл – әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың кіріс көлемін арттыру және еңбек ресурстарының ұтқырлығын  қамтамасыз ету, сонымен қатар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу.

2017 жылы  халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған барлық топтарына кешенді көмек көрсетілді. Екі мәрте зейнетақы көлемі ұлғайтылды, ана мен балаға көрсетілетін  қолдау шаралары кеңейтілді, тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбандарын әлеуметтік қорғаудың жаңа  арнайы стандарттары енгізілді, мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жүйесіне өзгерістер енгізілді.

Кедергісіз ортаны қамтамасыз етуде үлкен жұмыс атқарылды. Мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолжетімді әлеуметтік  маңызды объектілердің көлемі 91%-ға жетті (паспортталғандар санынан), сонымен қатар 5 мыңға жуық объект бейімделді.

Халықты  нәтижелі жұмыспен қамту мен кірістерін арттырудың маңызды құралы ретінде Министр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын  атап өтті.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда Министр микрокредит берудің жаңа форматын және «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді  атап көрсетті. Бұл жоба ҰКП-мен бірлесіп жасалған. Өткен жылы 15 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне  оқытудан өтті. Сонымен қатар 7,2 мың адам микрокредит алды, оның ішінде 4 мыңы start-up жобаларына бағытталған.

Жобаның маңызды шарасы  - жастар практикасы,  бұл жоба   алғашқы тәжірибе жинауға және тұрақты жұмысқа орналасуға септігін тигізеді.
2017 жылы жастар  практикасынан  26 мың  адам өтіп, оның ішінде 12 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін тұрғындардың еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аударуы қамтамасыз етілген. Көшірілген отбасылар саны – 1565-ті құрап, көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 8 есеге өсті. Қоныс аударуға әрбір отбасы мүшесіне 84 мың теңге материалдық көмек, үйді жалға алу мен коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 35 мыңнан 72 мыңға дейін субсидия берілді.

Осы жылы  жұмыспен қамту шаралары 576 мың азаматты қамтыса, олардың ішінде 450 мыңы жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі - 4,9%, бұл тәуелсіздік алғаннан кейін ең төмен көрсеткіш болып табылады. Әлеуметтік қорғау шараларымен 3,5 млн. адам қамтылды.

2017 жылғы оң нәтижелер халықтың әлеуметтік қорғалуы мен  өмір сүру жағдайының 2018 жылы одан әрі артуына негіз болып отыр.

2018 жылдың 1 қаңтарында кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінен 40%-дан 50%-ға дейін  көтерілді, бұл төлемдердің орташа мөлшерін 2 есе арттыруға септігін тигізді.

Сонымен қатар, 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы енгізілді, бұл формат аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тартуға мүмкіндік береді.

1 шілдеден бастап зейнеткерлер базалық зейнетақысын жаңа мөлшерде алатыны атап өтілді. 2 млн.-нан астам зейнеткердің зейнетақы көлемі ұлғайтылды. Олардың ішінде шамамен 1 млн. адам базалық зейнетақыны ең жоғары мөлшерде алса, 930 мың адам үшін зейнетақы көлемі 37%-дан  81%-ға дейін ұлғайды.

Ана мен баланы қолдау шығыстары ағымдағы жылы 275 млрд. теңгені  құрап отыр және 2017 жылмен салыстырғанда 12%-ға өскен.

Елбасының 2018 жылғы Жолдауында айтқан тапсырмасын іске асыру үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған бала күнінен бастап I топ мүгедектеріне күтім жасайтын адамдарға берілетін жаңа жәрдемақы  енгізілмек. Бұл 14 мың отбасыға әр айда  30 мың  теңге ақшалай көмек алуға мүмкіндік береді.

Азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту мен тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге арналған бірыңғай онлайн-платформа - Электрондық еңбек биржасы құрылды. Электрондық еңбек биржасы интернет желісінде жұмыс істейтін enbek.kz порталына қосылған, онда 42 мыңнан астам вакансия, 85 мыңнан артық резюме орналастырылған және 48 мыңнан аса жұмыс беруші тіркелген.

Халықты жұмыспен қамтуды формализациялауға қатысты Министр атап өткендей,  қазіргі таңда 800 мың адамның статусы актуалдандырылды, сонымен қатар жаңа құқықтық режим - бірыңғай жиынтық төлем енгізілді, оны төлейтіндер үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша төмен ставкалар белгіленген, оны төлеу міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінде тіркелу мен қатысуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-еңбек  саласын цифрландыру ведомство қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Министрлік азаматтар мемлекеттік органдарға  жүгінбейтін проактивті қызметтерді енгізуде. Атап айтсақ, мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін 2018 жылдың соңына дейін  мүгедектікпен байланысты 8 қызмет электрондық форматта көрсетілмек. Сонымен қатар жұмысқа орналастыру процесі: жұмыс іздеуден бастап электрондық еңбек кітапшасына дейін электрондық форматқа ауыстырылады.

Қосымша баяндамашы Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ж. Қаржаубаев болды. Министрлікпен бірлескен қызметінде есеп беру кезеңінде  Қоғамдық кеңес бірқатар іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шаралар ресми сайттың жеке рубрикасында жарияланды. Қоғамдық кеңес мүшелері  Министрліктің маңызды іс-шараларына – Министрдің 2017 жылғы есеп беру кездесуіне, Министрліктің өткен жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысына, жер-жерлерге шығу іс-шараларына қатысқан.

2018 жылы Министрлік дайындаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Қоғамдық кеңес қарап, келіскен.

Өз баяндамасында төраға Министрлік жұмысына оң баға беріп, Қоғамдық кеңес атынан оның мүшелерін Министрлік жүргізіп отыратын түсіндіру жұмысына тартуға ұсыныс жасады.

Қазақстан Республикасы Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымованың баяндамасын талқылау (сұрақ– жауап)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Г.А. Жұмагельдиева, В.Л. Шиманский, Н.В. Радостовец, М.Т. Амантаева)

Талқылау барысында Министірліктің қызметіне оң баға беріліп, бірқатар сұрақтар қойылды және ұсыныстар жасалды, оның ішінде:

- Министрліктің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысуы бойынша;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін оңалту құралдарын мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және олар құрған ұйымдардың қатысуы мәселесін шешу бойынша;

- жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жұмыс орнына бейімделуі үшін арнайы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі бойынша;

- Министрліктің және барлық қызметтердің ағымдағы жылдың
1 шілдесінен қарастырылған базалық зейнетақыны қайта есептеуге дайындығы бойынша;

- бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтар үшін көзделген әлеуметтік көмек бойынша;

- әлеуметтік-еңбек саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа шылдықтарды  барлық Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлесіп жылжытуы және түсіндіруі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін Министрліктің жауапты лауазымды адамын анықтау бойынша.

Министр М.Е.Әбілқасымова барлық сұрақтарға толық жауап беріп, Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, Министрліктің ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысу туралы ұсыныс жасалды.

3.Министрліктің жұмысын бағалау және Министрлік жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қарар қабылдау

(отырысқа қатысушылардың дауыс беруі)

Талқылау нәтижесі бойынша Министрліктің қызметін қанағаттанарлық деп тану ұсынылды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды -  отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы Министрліктің қызметі қанағаттанарлық деп танылды.

Қарар жобасын төраға оқыды және дауыс беруге ұсыныс берілді. Қарар жобасы талқылау ескеріле отырып, толықтыру ұсынысы назарға алынып, отырыс қатысушыларының ашық дауыс беруі жолымен бірауыздан қабылданды. 

 

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы              

 

 

 

А. Қаржаубаев

 

 

Хатшы

 

 

С. Омарова

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon protokol_os_kaz.doc92.5 KB
PDF icon hattama.pdf158.43 KB
Бөлімдер:
13 шілде, 2018 - 15:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші