A A A
Мазмұнына өту

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамына 214,2 мың адам енді, оның 115,9 мыңы (54 %) жұмыссыздар, 20,6 мыңы (9,6 %) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Бірінші бағыт: «Техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».

Осы бағыт шеңберінде өткен жылдан бері ТжКБ бойынша 20170 адам оқуларын жалғастыруда. Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен қамтылып, оларға жол жүруге материалдық көмек беріледі.

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбек нарағындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 23134 адам жіберілді (2018 жылға арналған жоспар – 37 249 адам).

Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».

Осы бағыт шеңберінле есепті кезеңде 982 микрокредит берілді (жоспар – 14208 микрокредит), оның ішінде 498-і ауылда, 484 қалада.

Өз бизнестерін алғаш бастаған адамдар үшін «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өткізіледі. 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 000 адамды қамту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Бастау бизнес» жобасы бойынша 13 179 адам оқуда.

Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»

Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бос жұмыс орындарына 105 195 адам жұмысқа оранласты. Бұдан басқа, әлеуметтік жұмыс орындарына 15 911 адам немесе жоспардың 94,6 %-ы (жоспар – 16 806 адам) жұмысқа орналасты.

Жастар практикасына11 624 адам немесе жоспардың 57,5 %-ы (жоспар – 20213 адам) жұмысқа орналасты. 45,9 мың адамға қоғамдық жұмысқа орналасу шаралары көрсетілді (жоспар – 73 054 адам).

2018 жылы 1706 қоныс аударушылардың отбасын және 622 оралман отбасын жұмыс күші артық өңірлерден (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан) жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) көшіруге квота қаралып отыр. Есепті кезеңге жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге 310 отбасы (1259 адам) қоныс аударды. Оның ішінде 577 адам еңбек етуге қабілетті, оның 300-і жұмысқа орналасты.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші