A A A
Мазмұнына өту

You are here

зейнеткердің еңбек өтілі

Сәлеметсіз бе!

Менің әкем Тұяқбаев Ордабай  1941 жылы туылған. Алты баланың әкесі. Красноводск өңірінде Түркменстанда туылып, сол жерде еңбек етіп, 2000 жылы ата қонысына оралып, зейнеткерлікке шықты. Қазақстан азаматы. Еңбек кітапшасы бойынша есептегенде толық еңбек өтілі  40 жыл 8 ай. Заңнамаларға сәйкес, зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі 1998 жылға дейін есепке алынды. Сонымен бірге, 1992 жылдың мартына дейінгі еңбек  өтілі  де оралман болғаны үшін азайтылып, 32 жыл 7 ай деп базаға енгізілген. Осыған байланысты еңбек еткен жылдарын толық есептеуге мүмкіндік беретін жаңартылған заң шыққан жоқ па? Жергілікті зейнетақыны тағайындау департаментіне де бардық.  Одақ кезіндегі ғана еңбек өтілін есептеу дүрыс па? 

Рахмет

 

Жауап: 

Рабига Ордабайқызы!
Сіздің әкеңіздің (Тұяқбаев О.) зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттары зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс тағайындалуына және төленуіне байланысты толық тексерілді.
Аз. О. Тұяқбаевқа қолданыстағы зейнетақы заңнамаларына сәйкес зейнетақы 2005 жылдың наурызында жасына байланысты зейнетақы тағайындалған.
Қазіргі уақытта еңбек өтілі қайта қаралып, жалпы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 38 жыл 5 ай 5 күн құрап, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап О. Туяқбаевтың жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 63 386 теңгені (жасына байланысты зейнетақы – 35 102 теңге, базалық зейнетақы - 28 284 теңге (ең төменгі күн көріс деңгейінің 100%) құрады және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс тағайындалды.

Сұрақтың нөмірі: 351198
23 тамыз, 2018 - 16:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші