check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жоғары деңгейдегі мамандар дәрежесімен жалақы төленбейме?

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? Мен Игенова Шынар кеңсе инспекторы лауазымына жоғарғы заңгер мамандығы болған жағдайда ғана жоғарғы білім туралы үстем ақы төленеме?

Мысалы: мен есеп және аудит мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынын тәмәмдәп келдім, бірақ жоғарғы білім туралы үстем ақы төленбейтінін айтты.  Сондыктан мен осы лауазымга  есеп жане аудит мамандығы бойынша бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар дәрежесімен жалақы төленбейме? 

Жауап: 

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағы 8) тармақшасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» бекітілген.
Аталған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар С2 буынына, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар С3 буынына жатқызылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде еңбекақы төлеу С2 буыны бойынша анықталуы қажет.
Аталған әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 351260
18 тамыз, 2018 - 14:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші