check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Демалыс беру туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Мемлекеттік қызметші 23.04.2015-23.04.2016 жылдар аралығындағы кезекті еңбек демалысының пайдаланбаған күндерімен қатар 2015-2016 жылдар аралығындағы кезеңіне сауықтыру үшін 2 лауазымдық жалақы көлемінде материалдық көмекпен бірге «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес 7 күнтізбелік күнімен бір айлық лауазымдық жалақы көлемінде материалдық көмек көрсету жөнінде өтініш қалдырған. Яғни, осыдан 3 жыл бұрынғы пайдаланылмаған сауықтыру үшін төленетін 2 лауазымдық жалақысын және экологиялық материялдық көмек ретінде төленетін жәрдемақысының төленетіндігін немесе төленбейтіндігін туралы мәселе туындап отыр. Ал, аталған қызметкер 01.06.2015 жылдан 04.10.2015 жылдар аралығында жүктілігімен босануына байланысты еңбекке жарамсыздықта және 05.10.2015 жылдан 01.03.2018 жылдар арылығында балаға күтім жасау демалысында болуына байланысты жоғарыда көрсетілген жәрдемақыларын ала-алмаған. Осыған орай, өтініш қараудың уақыты тығыз болуына байланысты аталған мәселе шешімінің жедел қаралуына ықпал жасалуын сұраймын. k.kalmensheev@adilet.gov.kz

Жауап: 

Құрметті Құрманғазы! ҚР Еңбек кодексінің 90-б. 2-т. сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Демек, қосымша ақылы еңбек демалысы (соның ішінде «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес берілетін қосымша демалыс) негізгі еңбек демалысымен қатар берілуі тиіс.
Жұмыскердің қалауы және жұмыс берушінің келісімі бойынша қосымша ақылы еңбек демалысы негізгі еңбек демалысынан бөлек жұмыс жылының басқа уақытында берілуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т. сәйкес еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін).
Осы орайда, дер кезінде пайдаланылмаған еңбек демалыстары (негізгі және қосымша) жойылмай, жинақталып жұмыскерге кейін берілуі тиіс.
Сонымен қатар, Кодекстің 94-б. 3-т. сәйкес пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынатынын ескереміз.

Сұрақтың нөмірі: 351302
29 тамыз, 2018 - 20:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші