A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ: АҢЫЗ БА ӘЛДЕ АҚИҚАТ ПА?

Н. Мұқышев

Бүгін, Орталық коммуникациялар қызметінде электрондық еңбек шарттарын енгізу мәселелері бойынша пресс-конференция өтті.

Шараға ҚР Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Мұқышев Нариман Нұрланұлы және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ақпараттық технологиялар бойынша бірінші вице-президенті Оспанов Ербол Дүйсебайұлы қатысты.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ААЖ жобасын енгізу және іске асыру тетігін түсіндірді.

Аталған жоба еңбек шарттарына республика бойынша есеп жүргізуге және жұмысқа орналасу процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында электрондық еңбек шарттарын есепке алу бойынша бірыңғай сақтау орны құрылған.

 «Жұмыс беруші әлеуетті жұмыскермен шарт жасасады және жасасқан шарт туралы ақпаратты веб сервис арқылы бірыңғай сақтау орнына жібереді. Бұған қоса, оған енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ олардың қолданысы тоқтатылған кездегі мәліметтер міндетті түрде тіркеледі» - деді Вице-министр.

Вице-министр атап өткендей, электрондық еңбек шарттарын енгізу жеке тұлғалар, сол сияқты жұмыс берушілер үшін де жұмысқа орналасу процесін оңтайландыруға ықпал етеді

«Министрлік жұмыс берушіге электрондық жеке істі қалыптастыруды ұсынып отыр. Яғни, бүгінгі күнге дейін жеке тұлғалар жұмысқа орналасқан кезде құжаттар топтамасын ұсынады. Біз әлеуетті жұмыскердің Жеке Сәйкестендіру Нөмірін (ЖСН) (оның персоналды деректерін өңдеуге келісімі бойынша) бірыңғай сақтау орнына жіберуді ұсынамыз. Оған жауап ретінде жұмыс беруші жеке куәлігі, білі туралы дипломы туралы және т.б. куәландырылған электрондық ақпаратты алады» - деп атап өтті Нариман Мұқышев.

Вице-министр қазіргі уақытта Министрлік электрондық еңбек шарттарының құқықтық статусын және жұмыс берушінің еңбек қатынастары туралы мәліметтерді ұсынудағы міндеттемелерін реттеу мақсатында заңнамаға түзетулер әзірлегеніне ерекше назар аударды.

23 тамыз, 2018 - 16:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші