A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігі ағымдағы жылдың соңғы 7 айында ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресми түрде қалыптастыру және тарту бойынша Жол картасын жүзеге асырудың нәтижелерін жариялады

Мәдина Әбілқасымова

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова айтып берді. 

Азаматтардың мәртебесін нақтылау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге, олардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тартуға байланысты.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың мәртебесін өзектендіруде жаңа каналдар әзірледі -  тікелей желі енгізіліп, жұмыс істеудің жаңа алгоритмдері жасалды.  

Қабылданған шаралар нәтижесінде алдымен мемлекеттік деректер базасында мәртебесі анықталмаған 2,7 млн. қазақстандықтың бүгінге дейін 1 385 мың адамның мәртебесі анықталды. Олардың 584,4 еңбек шартын жасап, ол бойынша міндетті зейнетақы жарналары төлене бастады, 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді алу ретінде тіркелді, 19 мың адам жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында.

Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында жыл басында статусы болмаған адамдардың 59% -нан астамы белгіленіп, аталған аймақтар өзге өңірлер арасында алдыңғы қатарда болып отыр. Сәйкесінше,  төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан (41%), Батыс Қазақстан (41%), Атырау (41%) облыстары және Астана (37%) қаласында байқалады.

Сонымен бірге, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына тартуда белсенді шаралар қолға алынып жатыр. 

 «Бүгінгі күнге дейін Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 92,7 мың адам қатысты. Олардың 62 мыңы тұрақты жұмысқа орналасса, қызқамерзімді оқумен 12 мың адам қамтылды. 8 мың адам әлеуметтік жұмыстарға орласатырылды, ал жастар практикасына 3,4 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 12,4 мың адам тартылды» - деді ведомства басшысы. 

Азаматтардың әрбір санаты үшін ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, ақпараттық дерекқорларға жаңа статустар енгізілді. Олар - жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтіндер, үй шаруашысындағы әйелдер, АӘК алушылар, 3 жасқа дейінгі балаға күтім көрсететіндер, жүкті әйелдер, азаматтық-құқықтық сипаттағы (ГПХ) шарт бойынша жұмыс істейтіндер, шетелдік кәсіпорындарда, үйде жұмыс істейтіндер және еңбек мигранттары.

Жеке қосалқы учаскелерді, бейресми жұмыспен қамтылған қызметкерлерді рәсімдеу, жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз ретінде тіркеу, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерді тіркеу туралы жергілікті атқарушы органдармен 4 ірі толыққанды санатпен жоспарлар әзірленді.

Жан-жақты жоспар шеңберінде жалдамалы жұмыскерлер бойынша табысты іске асырылып жатқан «Еңбек шартын жаса» акциясы одан әрі жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша 7,5 мыңнан астам жұмыс беруші өз жұмыскерлерімен 30 мыңнан астам еңбек шартын жасау арқылы еңбек қатынастарын заңдастырды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін қысқа мерзімді оқыту курстары, микрокредит беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік төлемдерді тағайындау секілді жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қолданылады.

Жеке қосалқы шаруашылықта жұмыскерлер саны аудандандық жерлерде анықталған және оларды рәсімдеу мен жұмысқа орналасуы үшін жүйелік шаралар әзірленді.

Сонымен қатар, халықты есепке қою және формализациялау бойынша заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. Оның негізінде Бірыңғай жиынтық төлем жаңа режимін  енгізу арқылы бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру жөніндегі жүйелі шаралар қарастырылған.

Азаматтардың мәртебесін оңай әрі жеңіл нақтылау үшін жаңа каналдар әзірленді. Қазіргі уақытта ол egov.kz электрондық үкімет порталына, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Қазақтелеком қызметтерінің порталына кірген немесе egov.kz 1414 бірыңғай байланыс орталығымен қаматамсыз етіледі. Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалған кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.

28 тамыз, 2018 - 17:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші