check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбекақы берешегін өтеуге 1,6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

еңбек келісімшарты

Бүгінгі күні Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасында айтылған тапсырмасын орындау үшін, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға ынталандыру белсенді жалғасып келеді.

Нәтижесінде, биыл жыл басынан бері 14 миыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, 1,6 млрд. теңге көлемінде еңбекақы берешектері өндірілді.

Осы жылдың наурыз айында республика бойынша «Еңбек шартын жасаңыз» акциясы басталған болатын. Аталған шараның қорытындысы бойынша ешқандай мемлекеттік кепілдеме алмаған 7,5 мыңнан астам жұмысшы жұмыс берушілермен өзарада 30 мыңнан астам еңбек шартын жасады.  

Өңірлер әкімдіктері мен жұмыс берушілер арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 115 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Бұл шаралар 2,8 миллионнан астам адамның жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жұмысшылардың жаппай босап қалуына жол бермеу үшін 135 мыңнан астам еңбеккерлер бар 95 мың ірі кәсіпорынмен жұмыс күші ағындарын басқаратын Жол картасына қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ұжымдық келісімшарттарда 79,4 мың кәсіпорын қамтылған, бұл жалпы кәсіпорындар санының 34% -ын құрайды. Сонымен бірге ірі және шағын кәсіпорындардың 90,1%-да ұжымдық келісімдер бар.

Бұдан басқа, еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, жұмыс берушілер кәсіподақтармен бірігіп еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында 12 мыңнан астам өнеркәсіптік кеңестер құрды, 1,5 мыңнан астам жұмыс берушілер жұмыс орнында аттестациялар жүргізді.

Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары еңбек дауларының саны 2013 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайғандығын атап өткен жөн.

 

29 тамыз, 2018 - 16:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші