A A A
Мазмұнына өту

You are here

Семей полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

СЯСП

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылғы                29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Әртүрлі сарапшылардың бағалауы бойынша шамамен 13 миллион тұрғын радиациалық сәулеленудің әсеріне ұшыраған. Бүгінде олардың ішінде шамамен 600 мың адам Қазақстан аумағында тұрып жатыр.

Ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты сауықтыру, оның салдарларын жою мақсатында 1992 жылы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қабылданған Заңға сәйкес 1949-1990 жылдар аралығында ядролық сынақтарды өткізу аймақта тұрған және тұратын  радиациялық әсерге ұшыраған кезінде азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу қакралған.  

Тек 2003-2017 жылдар аралығында радиациалық ластануға ұшыраған аймақтарда тұратын және тұрған 700,6 мыңнан астам азаматқа 11,4 млрд, теңге көлемінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төленді.

Радиациялық әсерге ұшыраған аумақта тұрып жатқан халық, тұратын аймағына байланысты 1-ден 2 дейінгі АЕК мөлшерінде қосымша еңбекақы алуға, жыл сайын 5-тен 14 күнтізбелік күнге дейін ақы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.

Сонымен бірге, төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұратын, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақысына үстемеақы қосылады.

1949-1963 жылдар аралығында төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аумақта кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа қарамай, зейнетақы алу құқығы көзделген, ерлер үшін –50 жасқа, ал әйелдер үшін 45 жасқа жеткенде.

Ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға өзге әлеуметтік төлемдермен қатар ай сайын 6,19 АЕК мөлшерінде, 2018 жылы – 14 887, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынаудан болған радиациялық әсердің салдарынан мүгедек болған адамдарға 7,55 АЕК мөлшерінде, 2018 жылы – 18 158 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, сондай-ақ оларға жоғарылатылған мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі – бірінші топ мүгедектеріне – 79 479 теңге; екінші топ мүгедектеріне – 67 882 теңге; үшінші топ мүгедектеріне – 56 851 теңге.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын  бала туу жасындағы әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауға үлкен көңіл бөлінген, әйелдерге жүктілігіне байланысты ұзақ демалыс беріледі – қалыпты босанғанда күнтізбелік 170 күн және босануы ауыр болғанда немесе екі және одан көп балаларды туғанда күнтізбелік 184 күн.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсетілімдері бойынша) құқығы бар.

Радиациалық қауіпті аумақта тұрған және зардап шеккен халықтың денсаулық жағдайын терең зерделеу үшін Семей қаласында 1991 жылдан бері Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Жыл сайын 4 мың адам кешенді медициналық тексеруден өтеді, 900 астам адам институттың жоғары білікті мамандарынан арнайы медициналық көмек алады.

Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды дербес тіркеуді қамтамасыз ету үшін институт базасында 2003 жылдан Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім іске қосылған.

Бүгінде тіркелімде 353 мыңнан астам адамның дербес паспорттық-тіркеу және медициналық деректері бар.

29 тамыз, 2018 - 17:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші