check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Тұрақты жұмысқа жолдама

Сұрақ тақырыбы: 

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа мамандығы бойынша жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына жіберген кезде орталықтың маманы бос жұмыс орнының талабына сәйкес келетін бірнеше адамды жұмысқа жолдауы қажет пе әлде бір ғана адамды жолдауы керек пе?

 2) Азаматтық қызметші болып табылатын конкурстық ( мысалы: мектеп мұғалімдері,) негізде орналасатын бос жұмыс орындарына орталықтың жолдамасы қажет пе? Сонымен қатар орталықтық жолдамасын беруге негіз қайдан алуға болады.

Жауап: 

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа мамандығы бойынша жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына жіберген кезде орталықтың маманы бос жұмыс орнының талабына сәйкес келетін бірнеше адамды жұмысқа жолдауы қажет пе әлде бір ғана адамды жолдауы керек пе?

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28 бабына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті. Бұл ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушіге ұсынып отырған бос жұмыс орындарына бірнеше адамды жолдауына болады. Ал жұмыс беруші жұмысқа орналасуға ниетті азаматты әңгімелесу барысында оны жұмысқа қабылдау не болмаса бас тартуға құқылы.

 

 2) Азаматтық қызметші болып табылатын конкурстық  (мысалы: мектеп мұғалімдері,) негізде орналасатын бос жұмыс орындарына орталықтың жолдамасы қажет пе? Сонымен қатар орталықтық жолдамасын беруге негіз қайдан алуға болады.

Конкурстық негізде ұйымдастырылатын бос жұмыс орындарына арнайы біліктілік талаптары белгіленеді және конкурстық комиссия арқылы үміткерлер анықталады. Осыған орай, конкурсқа қатысатын жұмыссыз азаматқа орталықтың жолдамасын беру қажеттілігі жоқ. 

Сұрақтың нөмірі: 351610
27 қыркүйек, 2018 - 14:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші