A A A
Мазмұнына өту

You are here

Павлодар облысының тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті

Мәдина Әбілқасымова

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қалалық жұмыспен қамту орталығына барды.

Айта кету керек, Павлодар қаласындағы бұл орталық 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Онда өтініш жазатын азаматтар үшін электронды кезек, жұмыс берушілерге қолдау көрсету орталығы, жұмыс істеу, оқу, микрокредит алу және жұмыс іздеушілерге арналған қолдау залы бар. Жұмыспен қамту орталығының директоры Арман Смаиыловтың айтуынша, мұндай жаңа формат сапаны жақсартуға, бизнес үдерісін қысқартуға, қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

«Жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына, өз талаптары, жалақы және біліктілік дағдылары туралы ақпаратты қалдыру үшін өз бетінше жұмыспен қамту орталығында, я болмаса enbek.kz сайтында «Жеке кабинеттің» көмегіне жүгіне алады» - деді Арман Смаилов.

Сонымен қатар, жұмыс сапарының аясында Еңбек министрінің төрағалық етуімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің жетекшілері, аудандық жұмыспен қамту бөлімі және жұмыспен қамту орталықтарының директорларының қатысуымен жиын өтті.   

Кездесу барысында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жүргізілуі, 2018 жылдардағы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары, бейресми жұмыспен қамтылғандарды формализациялаудың Жол картасы, ішкі көші-қон мен оралмандарға бөлінген аймақтық квоталар, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері талқыланды.

Министр жаңа экономикалық өсу мен экономиканы модернизациялау аясында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қажет екендігін атап өтті.

«Технологиялық жаңғырту кадрлардың босап қалуына бастайды, жаңа талаптар пайда болады. Ал кадрлар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау туралы бізге терең ойлану қажет. Қазір бұл кезек күттірмейтін мәселе болып тұр», - деп қадап айтты М. Әбілқасымова.

         Аймақтық экономика құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесінің басымдығына қарамастан, ТжКО-да оқытудың негізгі бағыттары білім беру, қызмет көрсету, экономика, менеджмент және көлік саласындағы мамандықтар болып табылады. Осыған байланысты, жас мамандардың тек 15% -ы өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Биыл қысқамерзімді оқыту 39 мамандық бойынша жүргізіледі. Оған қатысушылардың басым бөлігі «Тракторшы– машинист» мамандығын таңдаған (11%), «Автомобиль жүргізушісі» (9%), «Тігінші» (7%), «Электрогаз дәнекерлеуші» (7%), «Есепші» (6%) және «Аспаз» (6%).

Аймақта жұмысқа орналасу әлеуеті едәуір, алайда аймақтағы білім беру мекемелері мен қысқа мерзімді курстардан кейін шамамен 2 мыңға жуық маманның жұмыс таба алмағандығына Министр ерекше назар қойды.  

«Павлодар облысында электронды еңбек биржасының деректері бойынша, әр түрлі мамандықтың 6,3 мың бос жұмыс орындары бар. Технологиялық жаңғырту перспективаларын ескере отырып, білім беру өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаралар қабылдау қажет. Жоспарда білім беру мекемелерінің мүмкіндіктеріне емес, өңірлік экономиканың қажеттіліктеріне назар аудару қажет», - деп қорытындылады ведомства басшысы.

М. Әбілқасымова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыспен қамту деңгейін арттырудың жаңа тиімді құралы ретінде құрылған электронды еңбек биржасына тоқталды. Осыған орай, оның ауқымды жұмыс істеуі үшін министр, жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілерді тарту бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ азаматтардың барлық жұмыспен қамту орталықтарының жаңғыртылуы мен ребрендингін қамтамасыз етуіне қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырды.

 Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, жұмыспен қамту орталықтары аутсорсингке жұмысқа орналастыру орталықтарына ауыса алатындығын ескере отырып, Министр бұл бағытта жұмысты жандандыруды ұсынды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова аймақтағы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген нәтижелерге оң баға берді. Осылайша, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 163,1 млн. теңгеге 5651 (80,2%) мақсатты әлеуметтік көмек берілді, оның ішінде 4,019 - ақшалай көмек, ал 1 632 - шартсыз ақшалай көмек.

Шартты қолма-қол ақшаға жәрдемдесуге арналған 383 еңбекке қабілетті адамның 308-сі (80,4%) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған.

17 қыркүйек, 2018 - 12:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші