A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді

М. Әбілқасымова

Бұл туралы бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтып берді.

 «Зейнетақымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері кеңейтіліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз 2018 жылғы шілдеден бастап базалық зейнетақыны еңбек өтіліне байланысты сараланған түрде төлеуге көштік. Осыған дейін күнкөріс минимумының 54% болса, енді – егер еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса, онда жоғарылатылған көлемде сараланған түрде тағайындалады. Максималды түрде – күнкөріс минимумының 100%».

 Осылайша, БЖТ енгізу азаматтардың өздерінің еңбек қызметін тіркеуіне ықпал етеді.

 Жалпы алғанда, министрдің айтуынша, БЖТ азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, сондай-ақ, олардың кірістерінің деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

20 қыркүйек, 2018 - 18:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші