A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

БЖТ төлеу жүктілік пен бала тууға, бір жылға дейінгі бала күтіміне байланысты жоғарылатылған көлемде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді — М. Әбілқасымова

М. Әбілқасымова

Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ енгізу және оның еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен бала туу, бір жылға дейінгі бала күтімі кезінде халықтың әлеуметтік төлемдер алуына әсері туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, БЖТ еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу кезінде мемлекеттен төлем алуды, базалық деңгейде мемлекеттен – мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты (барлығына кепілдендірілген) берілетін жәрдемақы алуына мүмкіндік береді, яғни, Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер қосымша жүреді.

Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек Әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.

«Біздің есептеуіміз бойынша, әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты 124 732 тг мөлшерінде төлем ала алады. Сондай-ақ, 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Ослыайша, БЖТ төлеген әйел Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге үміткер бола алады», — деді министр.

 

 

20 қыркүйек, 2018 - 18:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші