A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР ДCӘДМ 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдерінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Осы Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының  30) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жұмыскерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

8) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінді оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

9) «оn-line» режимі - нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-қимыл процесі (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер).»;

1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Ұйымның қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту «оn-line» режимде желілік технология арқылы қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Ұйымдарда жұмыскерлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн тексеруді жүргізу тәртiбi»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау бойынша оқудан өткені туралы сертификаты бар тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, кемінде үш жыл еңбек өтілі бар инженерлік-техникалық қызметкерлердi және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды, ұйымның өзiнiң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерін тарта отырып жүргiзедi.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрылады және комиссиясы төрағасы мен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мамандардың қатарынан басқа комиссия мүшелерінен тұрады.»;

14-тармақ алып тасталсын;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Қызметкер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрмей белгiленедi. Қызметкер қайта оқудан өтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн қызметкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2-тармақшасында көзделген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту және бiлiмдерін тексеру тәртiбi»;

21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Басшы қызметкерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) кезең-кезеңімен, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтеді.

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтарымен білім беру порталының;

2) интернет желісі арқылы «оn-line» режимде (бейнеконференция) оқыту жүргізу мүмкіндігімен мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

22. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары, сондай-ақ тақырыптық жоспар Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнінегі үлгілік оқу бағарламасы және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгілік тақырыптық жоспар негізінде әзірленеді (жасалады).

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға 36 академиялық сағат пен білімерін тексеруге 4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуға тиіс.

23. Жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және жоғары техникалық және (немесе) техникалық білімі, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.

24 Жауапты қызметкерлердiң еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргiзедi.

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.

25. Емтихан комиссиясы комиссия төрағасынан және мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), жұмыскерлердің өкілі, сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында аталған мамандардың қатарындағы адамдар кiредi.

26. Жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу өткізеді.

Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.

Тестілік сұрақтар оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жасалады. Бұл ретте тестідегі сұрқтардың жалпы саны 80-ден көп болмауға тиіс.

Тест бойынша шекті мән тесті бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.

Тесттерді орынаудға берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде тестілеу автоматты түрде аяқталады.»;

29, 30, 31және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен жауапты қызметкерлерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.

30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген жауапты қызметкерлер оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетiледi.

31. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша бiлiмдерiн тексеруден қайта өтпеген жауапты қызметкерлермен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.»;

32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн кезектен тыс тексеруден жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлген, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар пайдалануға берілген және жаңа технологиялық процестер енгiзiлген кезде;

3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;

4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;

5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Ұйымдарда жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмдерiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беруді жүргізу тәртібі»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер бiлiктiлiгiне, бiлiмiне, өтіліне, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан жұмыс уақытында жартыжылдықта кемiнде бiр рет өтедi.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Жоспардан тыс нұсқама:

1) қолданысқа жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қағидалар, нұсқаулықтар енгiзiлген кезде;

2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикiзат, материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде;

4) бақылаушы және қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша тiкелей мiндеттермен байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыстарды орындаған кезде жүргiзiледі.»;

Қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                             М. Әбілқасымова

 

 

                                                                   Қазақстан Республикасы

                                                                  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

                                                                   201___ «___» ____________

                                                                      № ____ бұйрығына

                                                                    1-қосымша

 

                                                                   Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

                                                                  және еңбектi қорғау мәселелерi

                                                                   бойынша оқыту, оларға нұсқама

                                                                    беру және бiлiмдерiн тексеру

                                                                    қағидалары мен мерзімдеріне

                                                                      3-қосымша

 

Нысан

 

Оқу орталығының атауы

Оқу орталығының белгiсi

 

Наименование учебного центра

 

СЕРТИФИКАТ

 

удостоверяет в том, что «_________________________________»

                                                тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) фамилия,

                                               имя, отчество (при его наличии)

 

«_____________________________»

курсы бойынша оқу бағдарламасын  өткендiгін куәландырады

Успешно закончил(а) программу обучения по курсу

«_________________________»

 

 

Комиссия төрағасы  

Председатель комиссии ________________________    _____________                        

                                               тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

                                           фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись   

 

 

Оқу орталығының басшысы

Руководитель учебного центра  _________________________     __________

                                                                           тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

                                                                фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись

 

 

 

қала
город _______________

 

20___ жыл __________ 

__________ 20___ года   

Тіркеу №___________
Рег. №_____________

 

 

                                                              Қазақстан Республикасы

                                                                  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

                                                                   201___ «___» ____________

                                                                      № ____ бұйрығына

                                                                    2-қосымша

 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау мәселелерi
бойынша оқыту, оларға нұсқама
беру және бiлiмдерiн тексеру
қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша

      

 

 

Нысан

Кіріспе нұсқаманы тіркеу

ЖУРНАЛЫ

______________________________________________________

(ұйым, кәсiпорын, оқу орны)

Мұқабасы

Басталуы: 20____жылғы ____________

Аяқталуы: 20____жылғы ____________

Мазмұны:

Күнi

Нұсқама берiлетiнадамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Нұсқама берiлетiн адамның кәсібі, лауазымы

Жұмыс орны

Нұсқама берiлетiн адамның қолы

Нұсқаманы жүргізді

қолы

Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Қазақстан Республикасы

                                                                  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

                                                                   201___ «___» ____________

                                                                      № ____ бұйрығына

                                                                    3-қосымша

 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi
бойынша оқыту, оларға нұсқама
беру және бiлiмдерiн тексеру
қағидалары мен мерзімдеріне
5-қосымша

 

Нысан

 

Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

бойынша нұсқама беруді тiркеу журналы

 

Мұқабасы _______________________________________________ ұйым, кәсiпорын

Басталуы: 20____жылғы ____________

Аяқталуы: 20____жылғы ____________

Келесi беттер

 

Күнi

Нұсқама берiлетiн адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Нұсқама берiлетiн адамның кәсібі, лауазымы

Нұсқама түрi (алғашқы, жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан тыс)

Жоспардан тыс нұсқаманы жүргiзу себебi

Нұсқама берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) лауазымы

қолы

Нұсқама берушiнің

Нұсқама алушының

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы

 № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 министрінің 2018 жылғы ___ ___________ № ___ бұйрығына

анықтама-негiздеме

 

 

Көрсетiлуге тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынылған мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт  қабылданған актіге сілтеме)

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 30) тармақшасы мен 182-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес

3.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

 

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздеймеді

Көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Талап етілмейді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы (таралуы) туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет- ресурсында орналас-тырылды

7.

 «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын  нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 
2018 жылғы ___ ________                     № _____ сараптамалық қорытындысы

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 2018 жылғы ____ ________ № ___ хаттамасы     

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

Бұйрық жобасы 2018 жылғы                   _____ ____________ электронды үкіметтің веб-порталы «Ашық НҚА» бөлімінде көпшілік талқылауға орналастырылды, көпшілік талқылаудың аяқталғаны туралы есеп 2018 жылғы ____ ___________ қалыптастырылды

 

 

Заң қызметі

департаментінің директоры                                            Е. Әмірғалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы ___ _________ № _____

бұйрығының жобасына салыстырмалы кесте

 

 

Нормативтік құқықтық актінің құрылымы

 

Қолданыстағы редакция

 

Ұсынылып отырған редакция

 

Негіздеме

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығы

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері

1

атауы

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері

ҚР Еңбек кодексінің

16-бабы

30) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында

 

1-тарау

1. Жалпы ережелер

1 тарау.  Жалпы ережелер

Редакциялық түзету.

 

1-тармақ

1. Осы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

1. Осы Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жұмыскерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

ҚР Еңбек кодексінің

16-бабы

30) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында

 

2-тармақ

2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

7) жоқ

 

 

 

 

 

 

 

8) жоқ

 

 

 

 

 

 

9) жоқ

2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

7) қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

8) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінді оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

9) «оn-line» режим - оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудын өзара іс-әрекеті процесі (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер).

 

 

5-1-тармақ

жоқ

5-1. Ұйымның қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту«оn-line» режимде желілік технология арқылы қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.

 

2

2-тарау

2. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн тексеру тәртiбi

2-тарау. Ұйымдарда жұмысрлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн тексеруді жүргізу тәртiбi

Редакциялық түзету.

3

8-тармақ

8. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiн тарта отырып жүргiзедi.

8. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгi бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгi бойынша ұйымның өзiнiң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметкерлерін тарта отырып жүргiзедi.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мамандардың құзыреттілігін растау үшін және Қағидалардың    23-тармағына ұқсатып

4

13-тармақ

13. Саны үш адамнан кем болмайтын Емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң актісімен құрылады.

13. Емтихан комиссиясы саны үш адамнан кем болмайтын жұмыс берушiнiң актісімен құрылады, төрағадан және осы Қағидалардың                 8-тармағында көзделген мамандар ішінен комиссияның басқа мүшелерiнен тұрады.

Редакциясын жақсарту

5

14-тармақ

14. Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар болған кезде тиiстi комиссиядан бiлiмiн тексеруден өткен бөлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлер, кәсiпорынның еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторы кiредi.

алып тасталсын

 

Редакциясын жақсарту мақсатында аталған тармақтың талаптары

13-тармаққа ауыстырылды

 

20-тармақ

20. Қызметкер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрмей белгiленедi. Қызметкер қайта оқудан өтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн қызметкер өздiк жұмысқа жiберiлмейдi.

20. Қызметкер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрмей белгiленедi. Қызметкер қайта оқудан өтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн қызметкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің                    48-бабы 2-тармағының 2-тармақшасымен көзделген тәртіпте жұмыстан шеттетіледі.

ҚР Еңбек кодексімен сәйкес келтіру мақсатында.

 

6

3-тарау

3. Ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту және бiлiмдер тексеру тәртiбi

3-тарау. Ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту және бiлiмдер тексеру тәртiбi

Редакциялық түзету.

7

21-тармақ

21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер), мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.

Жоқ

21. Басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) кезең-кезеңімен, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтеді.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:

1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);

2) тестілеу үшін компьютерлерді;

3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;

4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:
 1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтарымен білім беру порталының;

2) интернет желісі арқылы «оn-line» режимде (бейнеконференция) оқыту жүргізу мүмкіндігімен

мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

ҚР Еңбек кодексінің

182-бабы

2-тармағының

3) тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында

8

22-тармақ

22. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламаларын оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.

22. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты қызметкерлерге тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.

 

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалар, сондай-ақ тақырыптық жоспар Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнінегі үлгілік оқу бағарламасы және уәкілетті еңбек жөнінегі мемлекеттік органмен бектіліген үлгілік тақырыптық жоспар негізінде әзірленеі (жасалады).

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға                         36 академиялық сағат пен білімерін тексеруге                  4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 340-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылар мен мамандарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жауапты жұмыскерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқыту ұзақтығын нақтылау мақсатында

9

23-тармақ

23. Басшы және жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.

23. Жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар)

Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласына кеміне 5 жыл жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.

Редакциялық түзету.

Қағидалардың

21-тармағына сәйкес келтіру мақсатында

10

24-тармақ

24. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы және жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылған, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар орнында) жүргiзедi.

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.

24 Жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргiзедi.

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.

Редакциялық түзету.

Қағидалардың

21-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында

11

25-тармақ

25. Емтихан комиссиясы төрағадан – мемлекеттiк еңбек инспекторынан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), сондай-ақ Қағидалардың 22-тармағында аталған мамандардың ішінен тұлғалар кiредi.

25. Емтихан комиссиясы комиссия төрағасынан және мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында аталған мамандардың қатарындағы адамдар кiредi.

ҚР Еңбек кодексінің

193-бабы

12) тармақшасына сәйкестікке келтіру және

тармақ нөміріне сілтемедегі қате жазуларды жою мақсатында

12

26-тармақ

26. Басшы және жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу жүргізеді.

Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.

26. Жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу жүргізеді.

Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.

Тестілік сұрақтар оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жасалады. Бұл ретте тестідегі сұрқтардың жалпы саны 80 - ден көп болмауға тиіс.

Тест бойынша шекті мән тесті бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.»

Тесттерді орынауға жалпы уақыт                       60 минутты құрайды.

Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде аяқталады.

Тестілеуден өту мәселелерін реттеу мақсатында сұрақтар саны мен тестілеуден өтудің шекті мәнін нақтылау ұсынылады.

13

29-тармақ

29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен басшыға және жауапты қызметкерлерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.

     29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен жауапты қызметкерлерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.

Редакциялық түзету. Қағидалардың 21-тармағына сәйкес келтіру мақсатында

14

30-тармақ

30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген басшы және жауапты қызметкерлер бiлiмдерiн қайта тексергенге дейiн өздерiнiң атқаратын лауазымдарында қалады.

 

 

Бiлiмдерiн қайта тексеру алғашқы бiлiмдерiн тексеру өткен күнiнен бастап үш айдан кейін өткiзiледi.

30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген жауапты қызметкерлер, оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетiледi.

алып тасталсын

ҚР Еңбек кодексіне сәйкестікке келтіру мақсатында. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша бiлiмдерiн тексеру емтиханынан өтпеген адамдарды міндетті түрде шеттету туралы норманың            ҚР Еңбек кодексіне енгізілуіне байланысты қайтадан бiлiмдерiн тексеруден өту мерзімін шектеу туралы норманы алып тастау қажеттілігі туындады.

15

31-тармақ

31. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қайта тексеруден өтпеген басшы және жауапты қызметкер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетiледi.

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша бiлiмдерiн тексеруден қайта өтпеген жауапты жұмыскерлермен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкестікке келтіру мақсатында

16

32-тармақ

32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қосымша тексеруден басшы және жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлген, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгiзiлген кезде;

3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;

4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;

5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.

32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн кезектен тыс тексеруден жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлген, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгiзiлген кезде;

3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;

4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;

5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.

Редакциялық түзету. Қағидалардың 21-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында, сонда-ақ ресейлік тәжірибені есепке алып және «...бiлiмдерiн қосымша тексеруден...» орнына мағыналық мәніне сәйкес «...бiлiмдерiн кезектен тыс тексеруден...» сөз тіркестерін қолдану

 

Мысалға, «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары

 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234,

«Ұйымның қызметкерлерін еңбекті қорғау бойынша оқыту және еңбекті қорғау талаптары білімдерін тексеру тәртібі»» 2003 ж. 13 қаңтардағы № 1/29 РФ Еңбекмин және РФ Білім министрлігінің қаулысы

17

34-тармақ

34. Ұйымдарда басшы және жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.

34. Ұйымдарда жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.

Редакциялық түзету. Қағидалардың 21-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында

18

4-тарау

     4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары

4-тарау Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беруді жүргізу тәртібі

Редакциялық түзету.

Қатені жою мақсатында

19

44-тармақ

44. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер бiлiктiлiгiне, бiлiмiне, өтіліне, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан жартыжылдықта кемiнде бiр рет өтедi.

44. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер бiлiктiлiгiне, бiлiмiне, өтіліне, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан жұмыс уақытында жартыжылдықта кемiнде бiр рет өтедi.

Редакциялық түзету. Нақтылау мақсатында

 

46-тармақ

46. Жоспардан тыс нұсқама:

1) қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгiзiлген кезде;

2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикiзат, материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде;

4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi.

46. Жоспардан тыс нұсқама:

1) қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгiзiлген кезде;

2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикiзат, материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде;

4) бақылаушы және қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi.

Редакциялық түзету

 

48-тармақ

48. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде жүргiзiледi.

48. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргiзетiн кезде жүргiзiледі.

 Осы Қағидалардың                53-тармағымен үйлестіру мақсатында

 

20

3 қосымша

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

3-қосымша

      Нысан

 

Оқу орталығының атауы    Наименование учебного центра

 

С Е Р Т И Ф И К А Т

 

      «_________________________________________________»

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

«_________________________»

курсы бойынша оқу бағдарламасын

өткендiгін куәландырады

успешно закончил(а)

программу обучения по курсу

«_________________________»

Комиссия төрағасы

Председатель комиссии

_______________ ________________  _______________

(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты (ол болған кезде) қолы

фамилия, имя, отчество(при его наличии) подпись)

 

Оқу орталығының басшысы

Руководитель учебного центра

 ________________  _____________  _________________

(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты (ол болған кезде) қолы

фамилия, имя, отчество(при его наличии) подпись)

 

      қала

      город _______________

 

      20___ жыл _______________  

      _______________ 20___ года

Тіркеу №___________

                      Рег. № ____________

 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

3-қосымша

      Нысан

Оқу орталығының атауы

Оқу орталығының белгiсi

Наименование учебного центра

 

С Е Р Т И Ф И К А Т

«________________________________________»

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

«_________________________»

курсы бойынша оқу бағдарламасын

өткендiгін куәландырады

успешно закончил(а)

программу обучения по курсу

«_________________________»

Комиссия төрағасы

Председатель комиссии

_______________ ______________  _______________

(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты (ол болған кезде) қолы фамилия, имя, отчество(при его наличии) подпись)

Оқу орталығының басшысы

Руководитель учебного центра

________________  _____________  ______________

(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты (ол болған кезде) қолы фамилия, имя, отчество(при его наличии) подпись)

қала

город _______________

20___ жыл _______________  

      _______________ 20___ года

 

Тіркеу №___________

                      Рег. № ____________

 

Редакциялық түзету.

21

4 қосымша

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

4-қосымша

 

Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

бойынша нұсқама беруді тiркеу журналы

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

5-қосымша

 

Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама беруді тiркеу журналы

 

Редакциялық түзету. Ереженің мәтініндегі қосымшаға сілтеме жасау және еске салу мақсатында қателікті түзету. 

22

5 қосымша

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

5-қосымша

 

Кіріспе нұсқаманы тіркеу

ЖУРНАЛЫ

 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi

және еңбектi қорғау мәселелерi

бойынша оқыту, оларға нұсқама

беру және бiлiмдерiн тексеру

қағидалары мен мерзімдеріне

4-қосымша

 

Кіріспе нұсқаманы тіркеу

ЖУРНАЛЫ

 

Редакциялық түзету. Ереженің мәтініндегі қосымшаға сілтеме жасау және еске салу мақсатында қателікті түзету.

 

25 қыркүйек, 2018 - 09:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші