check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады

Зейнетақы

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасына сәйкес азаматтар өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының ең төменгі деңгейіне кепілдік беріледі. Бұл - адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруына тең жағдайлардың жасалуы. 

Зейнетақы туралы айтылар болсақ, Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша, оның мөлшері бұрынғы табыстың 40 пайызын құрауы тиіс.

Осыған орай, зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі міндеті - халықаралық стандарттардан кем емес зейнетақымен кірістерді ауыстыруды қамтамасыз ету.

Бұрыннан белгілі Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады: ынтымақтастық, жинақтаушы және базалық.

Зейнетақы мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін зейнетақы жүйесі жаңғыртылуда.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы оның барлық компоненттерінде зейнетақы жүйесін дамытуды және жетілдіруді көздейді:

біріншіден, ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2% жоғарылайтынына кепілдік береді;

2017 жылы зейнетақы төлемдері, оның ішінде базалық төлемдер мөлшері екі есе артты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына және еңбек өтіліне қатысты барлық зейнетақы төлемдері 9%, базалық зейнетақы 7% -ға артты.

 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанды үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдерінің көлемі қосымша 11%, мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі 13% -ға артты.  

Бұл 2016 жылға қарағанда зейнетақы деңгейін 20% -ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етті.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшерін тағы да 8%, базалық зейнетақы 6% -ға ұлғайды. 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша орташа зейнетақы мөлшері 81 174 теңгені немесе 226 АҚШ долларын құрайды, Ресеймен салыстырғанда Федералдық мемлекеттік статистика қызметі бойынша орташа зейнетақы 13 323,1 рубль немесе 200 АҚШ доллары, ал Беларусь Еңбек министрлігінің деректері бойынша 374, 76 рубль немесе 181 АҚШ долларына тең. 

Ең төменгі зейнетақы мөлшері жағынан алғанда Қазақстан көршілес елдермен салыстырғанда биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 49,019 теңге немесе 137 доллар, Ресейде - 4 983 рубль немесе 75 доллар, ал Беларусьте - 207 рубль немесе 100 АҚШ долларымен деңгейлес болып отыр.

екіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесі дамып, жетілдірілуде;

Сонымен, 2020 жылдан бастап жұмыс берушілердің есебінен жалақы қорының 5% мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын аударуды көздейтін шартты-қаржыландырылатын компонент енгізілетін болады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жарналарын  төлеу  құқығы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ шартты жинақтау жүйесінде 60 айдан кем емес мерзімге міндетті қатысу мерзімімен 1 және 2 топтағы мүгедектерге (мүгедектігі шектеусіз мерзімге белгіленген) беріледі. Шартты зейнетақы шоты бойынша қалыптастырылған зейнетақы міндеттемелері және күтілетін өмір сүру ұзақтығы негізінде қалыптастырылатын шартты сомадан тұратын зейнетақы төлемдерінің мөлшері анықталады. Айта кету керек, бұл төлемдер өмір бойы жүзеге асырылатын болады.

үшіншіден, базалық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілуде;

Елбасы 2018 жылы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы мөлшері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап орташа есеппен 1,8 есеге өсетіндігін атап өтті.

Сонымен, үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап, зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты белгіленетін базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгерді және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% -нан (15,274 теңге) 100% -ға (28 214 теңге) дейін артты.

Зейнетақы жүйесінде 10 немесе одан кем еңбек өтілі бар адамдар ең төмен күнкөріс деңгейінің 54% -ын немесе осы жылы оның көлемі 15 234 теңгені құрайтын базалық зейнетақыны алады.

Әр 10 жыл сайын базалық зейнетақының мөлшері 2% -ға артып, 33 және одан көп жыл еңбек өтілі бар, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% немесе 28 284 теңге құрап отар.

Сонымен бірге, барлық зейнеткерлер базалық зейнетақының орташа мөлшерін базалық зейнетақының орташа мөлшері 25 645 теңге немесе күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 91% құрады, бұл базалық зейнетақының 2017 жылға қарағанда 1,8 есе өсуін қамтамасыз етті.

Осы әдіснаманы енгізу арқылы Қазақстанның бүкіл зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне толық байланысты болады.

Осылайша, мемлекет тарапынан жүргізілетін әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру сапасын біртіндеп жақсартуға бағытталған және күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, үкімет қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындайды.

22 қыркүйек, 2018 - 15:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші