A A A
Мазмұнына өту

You are here

Нұржанов Ерлан Бахтыбекұлы

Нұржанов Ерлан Бахтыбекұлы
Номинация: 
Өндірістің үздік жас маманы
Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7232-75-31-28
Қысқаша сипаттама: 

Ерлан Бахтыбекұлы «Байкал-1» зерттеу реакторлар кешенінде эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің 2 санатты инженері болып жұмыс істейді. Регламенттік (эксперименттік) жұмыстарды жүргізу уақытында іске қосу жұмыстарын ұйымдастыру және ИВГ.1М зерттеу реакторының жүйелеріне жауаптылардың әрекетерін бағыттау міндетіне жататын ауысым бастығының көмекшісі болып табылады.

Осы кезде ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын конверсиялау халықаралық бағдарламасына тікелей қатысуда, оның мақсаты жоғары байытылған уранды пайдалануды минимизациялау және жалпы жою құралын жасау үшін қолдануға болатын бөлінетін ядролық материалдардың заңсыз таралуы қаупін төмендету бойынша халықаралық келісімді орындау болып табылады.

Ерлан Бахтыбекұлы өзінің кәсіби білімін жүйелі түрде арттыруда:

- «Радиологиялық апаттық жағдайлар кезінде алғашқы қарсы шараларды қолданушы тұлғаларды оқыту» тақырыбы бойынша «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайын болу» оқыту курсы. ҚР ҰЯО Атом энегриясы жөніндегі жапондық агентігі;

- Жапон үкіметі бағдарламасының аясында Жапонияның Токай қаласында «Жапондық атомдық-энергетикалық кампаниясымен» (JAPC) өткізілген «Қазақстан Ремпубликасы үшін атом энергетикасы саласындағы мамандарды дайындау оқыту курсы» оқыту курсы.

Тұрақты негізде облыстық масштабтағы түрлі шараларға қатысады. Ғылыми конференциялардың тұрақты қатысушысы.

Бильярд бойынша турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Қазақстан-Өскемен телеарнасында өткізілген Семей қаласының облыстық «Зияткерлер сайысы» зияткерлік ойындары құрамасының капитаны болып табылады.

Аймақтық жоғары орындар студенттерінің өндірістік практикалары мен диплом жұмыстарының жетекшісі болып табылады.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 23:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші