check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жобасына және оған ілеспе «Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасына баспасөз релизі

Баспасөз релизі

  Тұжырымдама және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ оған ілеспе «Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

  Заң жобасын қабылдаудың мақсаты төмендегі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады:  

   - сақтандыру принциптері мен әлеуметтік әділеттілікті сақтауды ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту;

   - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ төленетін  әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өз ара байланысты күшейту;

   - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне халықтың қатысуын ынталандыруды қалыптастыру;

     - МӘСҚ активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру.  

   Жобаны қабылдау мен жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығыстарды талап етпейді.

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon kaz.zip457.91 KB
13 қараша, 2018 - 13:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші